5)Соғыстан кейінгі ландшафт ғылымының дамуына қандай мақсат болды?
Жауап: 1948 жылы Николай Адольфович Солнцев ландшафттың морфологиялық құрлысының ілімін қалыптастырды. А. Г. Исаченко, Ф. Н. Мильков, К. И. Геренчук, К. Г. Раман, Г. Е. Гришанков зерттеулерін одан әрі дамытты. Осы кезеңде ландшафтанудың жаңа бағыттары — ландшафт геохимиясы (М. А. Глазовская, A. И. Перельман) және биогеоценология (В. Н. Сукачев) дамыды.
60-шы жылдары бірнеше қолданбалы жұмыстар жүргізілді: ауыл шаруашылыққа байланысты, аудандық жоспарлау жұмыстары, демалыс зоналарын құру, судың беткі ағындарын зерттеу жұмыстары, медециналық география, геологиялык және тоңдық түсірілімдер;
1944-46 жылдары Б.Б.Полынов жаңа ғылыми бағытқа – ландшафттағы химиялық элементтер миграциясын танып білуге жол ашты.
Ландшафтану ғылымының дамуына 1955 жылы Ленинград қаласында болған 1 ландшафтану жиыны үлкен үлес қосты. Бұл жиындарда, мерзімді басылымдарда ландшафтанудың теориясы, ізденіс Әдістері, ландшафттық карталар жасау талқыланды. 1961-65 жылдары 1:4000000 масштабтағы ТМД территориясы бойынша ландшафттық карта жасалында.
Достарыңызбен бөлісу: |