б) сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Тармақталу алгоритмына программа құру үшін қандай операторлар қолданылады?
2 Шартты оператордың жазылу форматы?
3 Шарт ретінде не қолданылады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR <айнымалы>:= to do <оператор>;
FOR <айнымалы>:= downto do <оператор>;
Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор> - цикл тұлғасы.
FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер. Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO - кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1 –ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.
Құрал-жабдықтар компьютер Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері» Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1 Циклдік алгоритм дегеніміз не?
2 Қандай циклдік операторлар бар?
3 FOR операторының жазылу форматы қандай?.
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
REPEAT қайталау операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы – қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады.
Бұл оператор REPEAT және UNTIL түйінді сөздерін пайдаланып орындалады. Жазылу пішімі:
REPEAT
<оператор 1>;
<оператор 2>;
…………
<оператор n>;
UNTIL <шарт>;
Бұл жерде операторлар REPEAT және UNTIL сөздерінің арасына орналасқандықтан, мұнда BEGIN және END сөздері жазылмайды.
REPEAT операторының циклі ішінде оның орындалу шартына әсер ететін кем дегенде бір оператор болуы тиіс, әйтпесе, ол шексіз қайталана беруі мүмкін.
Алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды жүзеге асыратын оператор WHILE және DO түйінді сөздері қолданылып орындалады. Жазылу пішімі:
WHILE <қайталану шарты> DO <цикл тұлғасы>;
Мұндағы қайталану шарты – логикалық өрнек, цикл тұлғасы – қайталанып орындалып отыратын қарапайым немесе құрама оператор. Цикл әрбір орындалар алдында қайталану шартының мәні есептеледі, егер ол ақиқат болса, цикл тұлғасы орындалады да, шарт қайта тексеріледі. Қайталану шарты жалған болса, циклдің орындау доғарылып, WHILE операторынан кейінгі жолдар атқарыла бастайды. Егер шарт бірінші тексерілгеннен–ақ жалған болса, онда цикл орындалмайды. Егер цикл тұлғасы қарапайым оператор емес, құрама оператор болса, онда оператордың жазылу пішімін келесідей жазуға болады:
Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері» Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру. Жаңа тақырыпқа кіріспе.(3-5мин)
1. Паскаль тілінде қанша циклдік операторлар бар?
2. Параметрлі цикл операторы дегеніміз не?
3. Алдын ала шарт тексеретін цикл дегеніміз не?
4. Қабатталған цикл дегеніміз не?
5. Таңдау операторы дегеніміз не?
3)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Қазіргі компьютерлерде символдардан бөлек әр түрлі суреттер, графиктер салуға болады. Ол үшін Паскаль тілінде әр түрлі графикалық процедуралар пайдаланылады. Графикалық процедуралар мен функциялар GRAPH модулінде орналастырылған. Оларды пайдалану үшін сипаттау бөлігінде
USES GRAPH;
түйінді сөзін пайдалану керек.
Графиктермен жұмыс істеу алдында оған сәйкес келетін монитор режимін орнату керек. Паскальда алдын ала бекітілген драйверлер саны бар, олардың әрқайсысы үш түрлі режимнің бірінде жұмыс істей алады. Драйверлер типі мен оның режимі санмен немесе тұрақты түрінде беріледі.
GRAPH модулі іске қосылысымен, оның ішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге болады.
Графикалық режимді алғашқы рет іске қосу үшін InitGraph процедурасы қолданылдаы, оның жазылуы:
Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері» Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин) Экранның мәтіндік режимінен графикалық режімге қалай көшуге болады? Графикалық экраннан қалай шығады?
Экранда сызық салатын қандай процедуралар бар? Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы?
Геометриялық фигуралар сызуға арналған қандай процедуралар бар?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Экранның координаталық жазықтығын есептеу монитордың оң жақ жоғары бұрышынан бастайды. Координаталық жазықтық геометриялық объектілерді программалау кезінде керек болады.
Геометриялық объектілерді құру процедуралары.
PutPixel(x,y : integer; color : word); - нүкте салу операторы.
x,y – нүкте координаталары, color оның түсін анықтайды. Мысалы: for i:=1 to 60 do PuPixel(I,1, red); операторы бірінші қатарға 60 қызыл нүктеден тұратын сызық салады.
Line(x1,y1,x2,y2: integer); - түзу сызық салу процедурасы.
Ағымдағы түс бойынша координаталары x1, y1, нүктесінен x2,y2 нүктесіне дейін кесінді сызылады, мысалы, – Line (1,1,600,1);
Бастапқы нүкте көрсетілмесе, онда мына процедура:
LineTo (x,y:integer); - курсор тұрған орыннан бастап координаталары x,y болатын нүктеге дейін түзу сызық сызады.
SetLineStyle(t,p,th:word); - сызық қалыңдығы мен стилін орнату, t – сызық түрі, p – сызық үлгісі, th – сызық қалыңдығы.
Тапсырмалар мен сұрақтар: Геометриялық фигуралар сызуға арналған қандай процедуралар бар?
Тұйық фигуралар ішін бояйтын процедураларды атап көрсетіңдер?
Тапсырма №1.
Жұмыс дәптеріңе орында.
Графикалық режим орнатып, экранда кез келген кездейсоқ түсті (random) 30000 нүкте салыңдар. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет. 6)Сабақты қорытындылау және бағалау