б) сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин) Қолдану аймағына қарай модельдерді қандай топтарға жіктейміз?
Оқу моделі дегеніміз не?
Ойын модельдеріне не жатады?
Модельдерді көрсетілу әдістеріне қарай қандай түрлерге бөлеміз?
Ақпараттық модель дегеніміз не?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.
Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.
Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және орындалатын іс-әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады. Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады.
1-кезең. Есептің қойылымы. Бұл кезеңде берілген бастапқы мәліметтермен қатар мақсатын анықтау және объектіні немесе процесті талдау анық көрсетілуі қажет.
2-кезең. Модель құру. Ақпараттық модель. Бұл кезеңде элементар объектілердің қасиеттері, күйі және басқа да ерекшеліктері кез келген пішінде, яғни ауызша түрде, схема немесе кесте арқылы да анықталады. Бастапқы объектіні құрайтын элементар объектілер жөнінде толық мағлұмат, яғни ақпараттық модель жасалады. Бұл кезең модель құрудың бастапқы бөлімі болып саналады.
3-кезең. Компьютерлік эксперимент. Жаңа конструкторлық жұмыс, техникалық шешімдерді өндірісте пайдалану және жаңа идеяларды тексеру үшін эксперимент жасау қажет. Компьютерлік тәжірбие жүргізу екі кезеңнен тұрады: модельдеу жоспарын құру және модельдеу технологиясы. Модельдеу жоспары модельмен жасалатын жұмыстың ретін анық көрсетуі қажет. Модельдеу технологиясы дегеніміз – пайдаланушы адамның компьютерлік модельмен орындайтын мақсатты іс-әрекеттерінің жинағы.
4-кезең. Модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеудің соңғы мақсаты – шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу нәтижесін талдау шешуші кезең болып табылады. Себебі, бұдан кейін модельдеуді жалғастыру немесе тоқтату керек. Егер қате жіберілсе, модельдеуді қайта қарап, алдыңғы кезеңге қайта оралу қажет. Бұл процесс модельдеу мақсатына сай болғанға дейін қайталана береді. Жіберілген қатені табудың өзі нәтиже болып табылады. Сергіту жаттығулары (2 мин) 5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар: Модельдеудің кезеңдері?
Статистикалық және динамикалық модельдер айырмашылығы?
Модель негізінде зерттелетін негізгі объект қалай аталады?
Тапсырма №1.
Бір модельді мысалға алып, кезеңдер бойынша (4-кезең) оны орындап шық. Дәптеріңе орында. 6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларды модельдеу кезеңдерімен таныстыру және модельдеудің негізгі мақсатын ұғындыру. 7) Үйге тапсырма
Модельдеу тәсілдері.
ПәнИнформатикасынып 9___ Күні _._ .
.
сабақ №:30сағ.саны.:1
Тақырып:Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Локальды желіні құру тәсілі жұмысын ұйымдастыру. Программалық қамсыздандыру. Ақпараттық желі. Интернет. Электронды байланыс.
Мақсат:Оқушыларды компьютерлік байланыстың негізгі түрлерімен таныстыру. Локальды желі, Интернет, Ақпараттық желі және электронды байланыс туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды Локальды желі, Интернет және электронды байланыс түсінігімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың қазіргі заман технологияларын пайдалана білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері» Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин) Модельдеудің кезеңдері?
Статистикалық және динамикалық модельдер айырмашылығы?
Модель негізінде зерттелетін негізгі объект қалай аталады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздерің оқитын компьютерлік сыныптағы бірнеше компьютерлердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады.
Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Ақпарат – желілер арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі, осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі. Компьютерлер жергілікті желіге желілк тақша деп аталатын интерфейстік блок – желілк адаптер арқылы қосылады. Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring және ArcNett типтері жатады. Сергіту жаттығулары (2 мин) 5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар: Компьютерлік желі дегеніміз не?
Жергілікті желі дегеніміз не?
Желілік құрылғыға не жатады?
Желілік адаптердің қызметі қандай?
Тапсырма №1.
Мектептің компьютерлік желісімен танысып, ондағы мүмкіндіктерді пайдаланып көріңдер.
Компьютер сыныбындағы жергілікті желімен жұмыс істеу. Сетевое окружение қалтасын ашып, басқа компьютерлердегі файлдар мен қалталарды ашып, жұмыс істеу. 6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға компьютерлік желілер түрлері туралы жалпы мағлұмат беру. 7) Үйге тапсырма
Компьютерлік желілер. Интернет.
ПәнИнформатикасынып 9___ Күні _._ .
сабақ №:31сағ.саны.:1
Тақырып:Қазіргі заман ЭЕМ-нің рөлі: Интернет-бүкіләлемдік анықтама; бүкіләлемдік білім ортасы; бүкіләлемдік дүкен. Әлемдік ақпараттандыру қоғамы.
Мақсат:Оқушыларды ЭЕМ-нің жаңа рөлі – Интернет жүйесімен таныстыру. Интернеттің қазіргі кездегі маңызы туралы білімді ұғындыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды Интернет желісімен таныстыру және оны пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың Интернетті пайдаланы білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері» Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин) Желілік адаптердің қызметі қандай?
Компьютерлік желі дегеніміз не?
Жергілікті желі дегеніміз не?
Желілік құрылғыға не жатады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Интернет желісі – бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қаматамасыз ететін желілер жиынтығы. Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі. Интернет – компьютерлік желілердің ішінде жаппай қолданылатыны болып табылады. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады. Интернеттің физикалық құрылымын әр түрлі типтегі компьютерлер құрайды. Олардың ішіндегі тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Барлық серверлердің программалық жабдықтары бір-біріне сәйке келмегенімен олардың барлығы TCP/IP стандартты хаттамасын қолданады. TCP/IP хаттамасы шын мәнінде бір емес екі хаттама. Біріншісі TCP хаттамасы ақпараттың дестелерге бөлініп, қайтадан толық құжат болып жинақталуын қамтамасыз етеді. Екінші IP хаттама – осы дестелердің желі арқылы берілуі мен олардың адресатқа жетуін басқарады. Сервер қай компьютердің жақын немесе қашық екендігін адрестің төрт байты бойынша анықтайды, мысалы 198.137.240.100. Адрестің мұндай түрде жазылуы IP – адрес деп аталады. Мұндай адрес компьютерге ыңғайлы болғанмен, адам үшін есте сақтауға қиын. Сондықтан, домендер атауы жүйесін (DNS) қолданатын адрес пішінінің басқа түрі бар:
www.microsoft.com
1 2 3
1 – тіркеу кезінде алынған сервердің домендік аты; 2 – осы доменге тиесілі компьютердің аты; 3 – доменнің тиесілілігін анықтайтын жұрнақ.
Жұрнақтардың кең тараған:
com – сервердің коммерциялық мекеменікі екенін білдіреді; gov – сервер үкіметтік ұжымға тиесілі; edu – сервердің оқу орныныкі екенін білдіреді. АҚШ – та осындай жүйе қалыптасқан. Басқа елдерде сервердің орнына елдің коды көрсетіледі. Мысалы, fr - Франция; ru - Ресей; kz - Қазақстан. Сергіту жаттығулары (2 мин) 5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар: Интернет дегеніміз не?
TCP/IP хаттамасы деген не?
IP-адрес нені көрсетеді?
Домендер атауы жүйесі?
Тапсырма №1.
www.rambler.ru,
www.mail.ru,
www.yahoo.ru,
www.gogle.ru
сайттарына кіріп, web-парақтарын қарап шығу. 6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға Интернет жайлы жалпы мағлұмат беру және Интернетте жұмыс істеу жолдарымен таныстыру. 7) Үйге тапсырма
Интернет.
ПәнИнформатикасынып 9___ Күні _._ . сабақ №:32сағ.саны.:2
Тақырып:Интернетте ақпараттарды іздеу.
Мақсат:Оқушыларға Интернетте ақпарат іздестіру жолдарын үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларға Интернетте ақпарат іздестіру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық –Оқушылардың заманауи технологияларды пайдалана білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар компьютер Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері» Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин) Интернет дегеніміз не?
TCP/IP хаттамасы деген не?
IP-адрес нені көрсетеді?
Домендер атауы жүйесі?
3)Жаңа тақыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютер провайдер мекеменің компьютерімен байланыстырған соң, Интернетке нақты түрде қосылу орындалады. Бірақ бүкіләлемдік желіде жұмыс істей алмаймыз. Интернетте жұмыс істеу үшін қосымша программалар қажет болады. Бұл программаларды таңдау Интернеттің қандай қызметімен жұмыс істейтіндігімізге байланысты. Интернетте әр түрлі қызмет көрсету түрі бар. Соның бірі –WORLD WIDE WEB қызметі. WORLD WIDE WEB – Интернеттің ең қарапайым және өте кең тараған қызмет түрі болып табылады. Көбінесе ол тек WEB деп аталады. Бұл қызметтің танымалдылығы сонша, оны көпшілік Интернеттің өзі деп біледі. WORLD WIDE WEB – қызметі интерактивті түрде жұмыс істеуге арналған. Ол ақпаратты іздеу және жинақтауға мүмкіндік береді. WORLD WIDE WEB қызметін пайдалануға HTML «құжаттарының пішімі» және «гипермәтіндік сілтемелер» деген негізгі екі ұғым бар.
Гипермәтіндік сілтемелерді пайдаланып, Интернет ақпарат кеңістігіндегі WEB – парақтардың бірінен келесісіне өтіп, оларды шексіз аралай беруге болады. Алайда, әлемдегі WEB – парақтардың өте көп екендігін ескерсек, қажетті мәліметті іздеп табуға өте көп уақыт кетеді, яғни бұл іс қиындай түседі. Сол себепті Интернетте ақпаратты іздеуге арналған іздеу серверлері бар. Іздеу серверлері өте көп емес, Интернетте жұмыс істейтін адамдар олардың адрестерін жақсы біледі. Жалпы іздеу серверлерінің екі түрі бар: іздеу каталогтері және іздеу индекстері. Іздеу каталогтері ақпараттарды олардың тақырыбы бойынша іздеуге арналған. Мұндай серверлердегі мәліметтер негізгі және ішкі тақырыптары бойынша реттеліп құрылған. Іздеу индекстері алфавиттік көрсеткіш арқылы жұмыс істейді. Белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін, яғни түйінді сөздерді енгізе отырып, сол термин кездесетін құжаттарды жылдам іздеп табуға болады. Сонымен бірге ақпарат іздеу мүмкіндігін беретін арнайы классификациялық серверлер де бар. Бұл серверлерде ақпарат жалпы тақырыптарымен бірге көп таралған танымал сөз тіркестерінің тізімі бойынша топтастырылған. Әрбір іздеуші мәліметіне байланысты құжаттарды ашу кезінде арнайы есептеуіш іске қосылып, көп қолданатын ақпараттардың есебі алынып отырады. Сергіту жаттығулары (2 мин) 5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар: WORLD WIDE WEB қызметтері қандай мүмкіндіктер береді?
Интернетте ақпарат іздеу қалай жүзеге асырылады?
Іздеу каталогтері, іздеу индекстері, жіктеу серверлерін қалай сипаттауға болады?
Тапсырма №1.
Мұғалімнен кіллтік сөзді алып, сәйкесінше ақпаратты интернеттің іздеу жүйелері арқылы іздеп, дәптеріңе түсір. 6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға Интернетте керекті ақпарат іздеу туралы жалпы мағлұмат беру. 7) Үйге тапсырма
Интернетте ақпарат іздеу.
ПәнИнформатикасынып 9___ Күні _._ . сабақ №:33сағ.саны.:2
Тақырып:Электрондық пошта бойынша хабарларды жіберу және қабылдау.
Мақсат:Оқушыларды электрондық пошта жүйесімен таныстыру. Электрондық поштаны пайдалануды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылардың электрондық пошта туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық –Оқушылардың электрондық поштаны қолдана білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар компьютер Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері» Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин) WORLD WIDE WEB қызметтері қандай мүмкіндіктер береді?
Интернетте ақпарат іздеу қалай жүзеге асырылады?
Іздеу каталогтері, іздеу индекстері, жіктеу серверлерін қалай сипаттауға болады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Интернет поштасы. Компьютері Интернетке қосылған кез келген пайдаланушыға автоматты түрде электрондық пошта адресі тағайындалады. Интернетке қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер-компьютерде электрондық «пошта жәшігі» құрылады. Адреске келіп түскен әрбір хабар осы жәшікте, сол адресат сервермен нақты түрде қосылғанға дейін сақталады. Нақты түрде қосылу орындалған соң, жәшіктің мазмұны қатты дискідегі Кіру (Входящие) бумасына ауысады. Электрондық поштаны жөнелту әрекеті де дәл осылай жүзеге асады. Пошталық сервермен байланысу кезінде Шығу (Исходящие) бумасына жинақталған хабар автоматты түрде қайта жөнелту әрекеті орындалады.
Электрондық пошта хабарды әлемныің кез келген нүктесіне бірнеше сағатта жедел жеткізеді, кәдімгі поштаға қарағанда өте жылдам және қызмет құны да арзан.
Электрондық пошта (Electronic mail немесе қысқартылған түрде E - mail) – бұл компьютерлік желі арқылы хабарлама жөнелту және қабылдау тәсілі.
Пошталық сервермен байланыстырылған әрбір абоненттің электрондық адресі, пошталық жәшігі болады. Бұл жәшік абоненттің құпия сөзімен қорғалған. Электрондық адрестің көмегімен желідегі әрбір абонентті анықтауға болады. Абонент пен сервер хабарлама алмасу үшін кабельді немесе кәдімгі телефон желісін қолдана алады. Хабарлама бір серверден келесіге жеткізілуі үшін, бірқатар аралық серверлер арқылы өтуі мүмкін. Пошталық серверлер хабарламамен автоматтық режимде алмасады, желідегі хабарламаның қозғалыс маршруты арнайы программа-маршрутизатор арқылы есептеледі.
Хабарлама тиісті орын серверіне жеткізілген соң, адресаттың сервермен кезекті байланысуы кезінде поштаның келгендігі жөнінде мәлімет беріледі. Хабарлама алу үшін, пайдаланушының өз компьютерін үнемі қосылу күйінде ұстауының қажеті жоқ. Ол кез келген уақытта компьютерді қосып, хабарлама қабылдау немесе жөнелту үшін желімен байланыса алады. Электрондық пошта хабарламасы адресатқа жетуі үшін, адресті дұрыс көрсетуі керек. Адрестің жазылуы: nora@krok.net.ua болса, онда жәшік nora доменінде krok.net.ua деп те оқуға болады. Домен аты жеке сөздерден – бағынышты домендерден тұрады да, олар нүкте арқылы бөлініп жазылады. Бағынышты домендер аты солдан оңға қарай иерархиялық өсу деңгейі бойынша реттеліп орналасады. Оң жағында, ең жоғары деңгейде елдің аты жазылады: kz – Қазақстан, ua – Украина, ru – Ресей, fr – Франция, uk - Ұлыбритания. Домен атын қарастырғанда жоғары деңгейде әрқашан елдің коды болуы міндетті емес. Жоғарғы деңгейіндегі бағынышты домендер кездесуі мүмкін: com, gov, edu т.б. Солға қарай домендегі сервердің орналасу орнын анықтай түсетін бағынышты домендер жазылуы мүмкін. Мысалы, kiev.ua, msk.ru қалаларды көрсетеді.
Пайдаланушы электрондық хабарламаны жөнелту және қабылдауы үшін оның компьютеріне электрондық пошта клиенті программасы орнатылуы қажет. Өте көп тараған пошталық программалар: MicroSoft Exchange, Outlook Express, MicroSoft Outlook, Internet Mail, т.б. Пошталық программалар атқаратын қызметі хабарламаны қабылдау, оқу, дайындау, жөнелту, адрестік кітапты жүргізу болып табылады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар: Электрондық пошта деген не?
Электрондық пошта арқылы хабарлама алмасу қалай жүзеге асырылады?
E – mail адресі қандай элементтерден тұрады?
Пошталық программалардың атқаратын қызметі қандай?
Тапсырма №1.
www.mail.ru немесе www.ok.kz (кез келген басқа электрондық пошта агенті) адресі бойынша кіріп, өзіңнің электрондық поштаңды аш. Жәнеде хат жазып көруге тырыс.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға электрондық байланысты пайдалану туралы жалпы мағлұмат беру.