Сабақ : №5-6 Мектеп: Қарағанды қ. Хбб нзм күні : 21



бет15/18
Дата29.11.2022
өлшемі116,29 Kb.
#160398
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ыбырай Алтынсарин 3-4-сабақ

3-топ
ТЖ Тапсырма.
Әңгімені оқып, ой картасын толтырыңыз.
Қамтылатын мәселелер:

  • Тақырыбы, идеясы;

  • Сюжеті (қысқаша жоспар);

  • Кейіпкерлері;

  • Әдеби көркемдегіш құралдар;

  • Дәйексөздер

  • Оқырманға беретін ғибраты


Талаптың пайдасы
Петр Великий деген осы күнгі ақ патшамыздың бабасы бір күн шіркеуде тұрғанда көп адамның артқы жағында үңіліп патшаға қарап, бөркімен қалқалап қана бір нәрсені сызып тұрған балаға көзі түседі. Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ, жалғыз-ақ ақылы кемел патша сол бала екеш балаға да көзін салып тұрған екен.
Тілек тілеп болған соң, жұрт екі жарылып, патшаға жол беріпті. Сонда патша тұп-тура манағы балаға барды. Бала қолындағы сызумен болып тұрып, тіпті, патшаның қасына келгенін де байқамай қалыпты. Сонда жұмсақ шыраймен патша сұрады:
- Неғылып тұрсын?
- Сенің жүзіңді жазып алайын деп едім.
- Оны неғылмақсын?
- Даңқың, дабылың жер жүзіне жайылған патшам, сенің суретіңді сызып алып, өміріме шейін бойымда сақтайын деп едім.
- Қане, көрсетші сызғаныңды?
Сол уакытка шейін корықпай жауап беріп тұрған бала, сызғаныңды көрсет дегенде, қысылайын депті, сөйтсе де, сызған қағазын әдеппен патшаның қолына берді. Қараса, сурет реуішті де емес, әйтеуір өз білімінше сызған сызық, бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін. Солай да болса, әлемге ақылы жеткен патша баланың талапты, зирек екенін аңғарып, оқуға бергізіп, ақырында сол бала, бүкіл орыс жұртына даңқы шыққан Матвеев деген суретші болған.
Мейірімді бала
Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген сон, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып танып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі:
- Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? - деп сұрады.
Сейіт шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейді:
- Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын,- деді.
Тәкаппаршылық
Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты:
- Еңкей, енкей, - деп.
Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді:
- Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың.
Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, әрдайым айтушы еді:
- Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды; және көзіммен көрдім: басын жоғары көтерген тәкаппарлардың нешеуінін әлек болғанын, - деп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет