Сабақ : №5-6 Мектеп: Қарағанды қ. Хбб нзм күні : 21



бет16/18
Дата29.11.2022
өлшемі116,29 Kb.
#160398
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ыбырай Алтынсарин 3-4-сабақ

4-топ
ТЖ Тапсырма.
Әңгімені оқып, ой картасын толтырыңыз.
Қамтылатын мәселелер:

  • Тақырыбы, идеясы;

  • Сюжеті (қысқаша жоспар);

  • Кейіпкерлері;

  • Әдеби көркемдегіш құралдар;

  • Дәйексөздер

  • Оқырманға беретін ғибраты



Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
- Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп. Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді.
Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың- деді.


Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін, өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, ауызында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара, аспанда не көрінеді?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жыйып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға әдеттенуге керек,- деді.
Асыл шөп
Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха аһлап-уһлеп, шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады.
Сонда Злиха айтты:
- Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің?
- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - деді Бәтима.
- Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін,- деді Злиха
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, «аты сабыр деген»,- деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет