Сабақ : №5-6 Мектеп: Қарағанды қ. Хбб нзм күні : 21



бет17/18
Дата29.11.2022
өлшемі116,29 Kb.
#160398
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ыбырай Алтынсарин 3-4-сабақ

5-топ
ТЖ Тапсырма.
Әңгімені оқып, ой картасын толтырыңыз.
Қамтылатын мәселелер:

  • Тақырыбы, идеясы;

  • Сюжеті (қысқаша жоспар);

  • Кейіпкерлері;

  • Әдеби көркемдегіш құралдар;

  • Дәйексөздер

  • Оқырманға беретін ғибраты


Жаман жолдас
Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп.
Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.


Шеше мен бала
Шешесі қыз баласынан сұрады:
- Берген ақшамды қайда қойдың?
Б а л а: - Біреуге бердім.
Ш е ш е с і: - Кімге?
Б а л а: - Бір тентек балаға бердім.
Ш е ш е с і:
- Мұнан былай тентек болма деп берген шығарсың?
Б а л а:
- Рас, әже, екінші рет тентек болма дедім. Құс та құдайдың жәндігі ғой, әже?
Ш е ш е с і:
- Біз де, құс та, бөтен жан- жануардың бәрі де құдайдың жаратқан жәндігіміз.
Б а л а:
- Әлгі бала құдайтағаланың жаратқан кішкентай құсын ұстап алып, сатайын деп жүр екен. Құс кісі аярлық болып, шиқылдап тұрды; сонда алып жүрген бала тұмсығын қыса береді, бишара құстың дауысын құдайтағала есітеді деп қорыққан шығар деймін.
Ш е ш е с і:
- Онда сен неғылдың?
Б а л а:
- Мен балаға ақша беріп сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім. Менің бұл ісім сауап емес пе?
Ш е ш е с і:
- Әрине, сауап, бейшараларға қайырымды болғаның.
Б а л а:
- Ол бала, кім біледі, кемтарлықтан құсты сатуға жүрген- ау?
Шешесі:
- Мен де солай ойлаймын. Сонда сөйлеп отырған бала, сіңлісіне карап:
- Мана ақшамның бәрін бергенім жақсы болған екен,- деді.
Сіңлісі шешесіне қарап:
- Апам екеуміз мана бәстесіп едік, ол балаға апам құсыңның бәсі не деп те сұрамай, ақшасының бәрін берді; мен айттым: құстың бәсі не деп сұрау керек еді деп, қайсымыздікі дұрыс?
Шешесі үлкен қызына қарап айтты:
- Сенің де бұл істеген ісіңді дұрыс демеймін. Егер тағы бір манағыдай бала жолықса, ақшаңның бәрін бастапқы балаға беріп қойдың, соңғыға не берер едің?
Үлкен қызы: - Онда мен тағы да саған келер едім.
Ш е ш е с і: - Егер менде де мал, ақша болмаса қайтер едің?
Б а л а: - Онда... - деп, не дерін біле алмады.
Ш е ш е с і:
- Көбірек жақсылық етуге шамам келсін десең, әр нәрсеге күтімді болу керек; құстың бәсін сұрап, кемге бермеймін десе, сонда ақшаңның бәрін беру керек еді. Ол құстың өзі не құс екен?
Б а л a с ы:
- Мен сұрағаным да жоқ, әже, өзің айтушы емес па ең, жақсылық еткен жаныңның атын да сұрама деп.
Ш е ш е с і күліп:
- Солай, солай, шырағым,- деді.
Б а л a с ы:
- Әже, сен көрсең еді, құсты қоя бергенімде, әуелі қуанғаннан тіпті ұша алмады;онан соң құсты сатқан баладан уәде алдым, екінші рет ұстама деп.
Ш е ш e c i:
- Қызым, жақсы ic етіпсін, мінекей, саған тағы да теңге.
Қ ы з ы:
- Алда разы болсын, әже.
- Шырағым кызым, әрдайым осындай рақымды бол, саған мұның үшін құдай рақым етер,- деді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет