Сабақ № Қазақ тілі 11 «В» сынып Сабақ тақырыбы: Үлкен білім ошағы


Зигфрид Ахметұлы бейнесін ашу. Қысқа мерзімді жоспар



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі409,92 Kb.
#26687
түріСабақ
1   2

 Зигфрид Ахметұлы бейнесін ашу. Қысқа мерзімді жоспар


Оқу салалары: Қазақ әдебиеті

Күні, уақыты:

Сабақ ұзақтығы:45

Сынып/Топ:    6        

Оқушылар саны: 8

Оқушы жөнінде ақпарат: (Мысалы: SEN; EAL нөмірлері)

Сабақ конспектісі (оқу бағдарламасы құжаттарына сілтемелер қамтылу керек):Мұхтар Мағауин "Бір атаның балалары" повесті. Зигфрид Ахметұлы  бейнесін ашу. Шығарма кейіпкерлерін талдау

Оқу мақсаттары

·         Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан - жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды.

·          Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, өз ой - пікірін білдіре алады.

·          Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады, бірге қорытынды жасайды.



Табыс өлшемдері

Кейіпкерлерді тани алады, адами қарым-қатынастарын таниды,  олар туралы сыни пікір айтады, бірлесе жұмыс атқарып, қорытынды шығарады.



Бағалау мүмкіндіктері:

Қай балалар бағаланады?

Барлық топ бірін-бірі және өзін-өзі бағалауға қатысады



Оқу мақсаттарының қайсысы бағаланады? Бірін- бірі бағалау / /, ойларын бағалау, көршіңізге айтыңыз, стикер  /топтың жұмысына пікір білдіру/

Бағалау мүмкіндіктері: Әдістер

Дәлелдер қалай жиналады?

-топпен жұмыс -флипчарт толтыру



-топпен бірлесе жұмыс істеп үйрену

-

Негізгі лексика

 бауырмалдық, Зигфрид- Зекен, Ахмет шал



АКТ мүмкіндіктері

М. Мағауин туралы оқушы презентациясы



Сыныпты ұйымдастыру

-Амандасу;

-Сергіту сәтін өткізу. "Ассосация телефон"

-Сыныпты топқа бөлу :Жұп және тақ сандар арқылы топқа бөлу



Ресурстар: 

 

 



Смайликтер
















 

Уақыты

Тапсырма

Мұғалім ролі және басқалардың ролі

3 минут

 

2 минут



Кіріспе. М. Мағауин өмірбаяны, шығармашылығы туралы оқушы презентациясын тамашалау.

Үй тапсырмасын тексеру.
1. РАФТ бойынша арнау хаттарын тыңдау;
1 - топ Зигфридтің Ахметке алғыс арнауы
2 - топ Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы

Оқушы жұмысы

Оқушы өз ойын ұсыну

Оқушы шығармашылығы


 

 

7 минут



 

 

 



 

10 минут



Негізгі тапсырма :1.  Шығарманың мазмұны мен кейіпкерлерін тереңірек ұғыну үшін проблемалық-бағыттаушы сұрақтар ұсынылады. Үш қадамнан тұратын сұхбат бойынша сұрақ - жауап жұмыстары;
1. Шығармада Ахмет шалдың мақтануынан нені байқауға болады?
2. Шуылдасып, таласып тұрған балалар неге тына қалды?
3. Ахмет ақсақал мен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден туындады?
4. Ахмет ақсақалдың отбасына Зигфридтің бауыр басып кетуіне кімдер ықпал етті?
5. Ахмет өз ұлдары мен Зекеннің қандай мінез-құлықтарын ұқсастырады?
2. Мағынаны тану
2(1) М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзіндідегі
шығарманың кейіпкерлерін талдау жұмыстары
«Рубрикалар құру» стратегиясы бойынша топтық жұмыстар
1 - топ Зигфрид;
2 - топ Ахмет;  бірге-Дәуренбек
Берілетін тапсырмалар: Портреті
Мінез - құлқы
Қасиеттері
Түрлі іс - әрекеттері
Ұстанымы
Күтілетін нәтиже: Басты кейіпкерлердің тұлғалық мінездемесі, келбеті топта талданып, кейін біріктіріледі.
Тапсырмалар Зигфрид Ахмет Дәуренбек
Кейіпкерлердің ұстанымдарын талдау: «Бәріміз бір өзеннің арнасы,
Бір атаның баласымыз» «Сыртқы түр - перде. Ішін айт, пиғылын айт» «Жауды аяған жаралы»

Мұғалім сұрағы

Оқулықпен жұмыс

Өз ойларын, пікірлерін айту

 

 



Мұғалім тапсырмасы

Топпен жұмыс

 Өз жауаптарын айту


10 минут

 2(2) Шығармашылық тапсырма:
Басты кейіпкер Зигфрид іс - әрекетін саралау.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың кейіпкердің тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туады, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдап, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Зигфрид Вольфганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс - әрекеттерді саралау;
• Тілін кәлимаға келтірді
• Сүндетке отырғызды.
• Асық жілік ұстар тойы өтті.
• Зекен Бегімбетов атанды.
• Құмнан қорған соғады, балшықтан үй қалайды.
• 3 - 4 аптада аяғын күс басқан, қара сирақ, қараторы бала болды.
• Аттың тізгінін ұстап, өз бетімен жүріп - тұрды.
• Шашы ұстарамен алынған тақырбас.
• Тілі біршама бастыққан. Ептеп қазақша сөйлей бастады.
• Нарымбеттің інісі атанды.
Асық ойнап, суға шомылды.
• Малды қайырысуға көмектесті.
• Балалар республикасының тең құқылы азаматы атанды

Топтық жұмыс

саралау


Бағалау

3. Ой - толғаныс
Оқушылар жұмысын жинақтау, саралау.
Мұғалім қорытындысы.

- Сонымен, балалар, шығармаға арқау болып отырған соғыс жылдарындағы жетім балаларды жатсынбай бауырына басып, тәрбиелеп, азамат етіп өсірген пейілй кең қазақтың бауырмал халық екеніне тағы бір көз жеткізгендейміз. Оның дәлелі бүгінде көп ұлтты мемлекетіміздің бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқандығын айтуға болады.
 Бағалау. Бағалау парағы арқылы бағалау, стикер арқылы пікір білдіру

Үй тапсырмасы: «Біз – бейбіт елдің ұландарымыз» деген тақырыпқа шығарма жазып келу

 

 Сабақтың тақырыбы: «Үлкен білім ошақтары». 11 -сынып



Сабақтың мақсаты:

а) Жоғары оқу орындары, Қазақстандық білім жүйесі туралы мағлұматтар бере отырып, аймақтық компоненттерге айрықшы көңіл бөлу, яғни Шығыс Қазақстандық оқу орындары туралы мәліметтер беру;

ә) Оқушыларға мамандық таңдау барысында бағыт-бағдар сілтей отырып, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы туралы әңгімелеу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

б) Ауызекі сөйлеу дағдыларын, үй тапсырмасы арқылы өз ойларын жеткізе білу дағдыларын дамыту.



Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, слайдтар,бейне көріністер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

-Балалар, тақырыбымыздан көріп отырғандарыңыздай, бүгінгі сабағымыз мамандық таңдауға арналады.

3.Алдымен жаңа сабағымыздбен танысып алайық. Қазақстандағы ең үлкен білім ошақтарының бірі –Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті туралы мәлімет алайық.

(Оқушылар кезектесіп мәтінді оқып шығады. Мұғалім дайындап қойған сұрақтары арқылы мәтінді оқушылардың қалай меңгергендігін тексеріп шығады).

1 Университет қай жылы ашылды ? 1934 ж

Қандай факултеттер бар?

3 Оқу орыны қай жерде орналасқан ? «Университет қалашығында»

4 Қандай станциялар бар?.Агробиялогиялық,зоологиялық

5 Екі сатылы білім беру жүйесі дегеніміз не?. Бакалавриат және магистратура

-Жаңа сөздермен жұмыс.

Ең ірі- самый крупный

Қолданбалы матем – прикладная матем

Қалашық - городок

Түкпір-түкпірінен – со всех концов

Екі сатылы - двухступенчатый

1.1.-тапсырма. Оқытушыны тыңдап, қайталау. Осы тіркестермен кездесетін сөйлемдерді мәтіннен тауып оқу.

-Ал енді үй тапсырмасын тексерейік.

(Оқушыларға өз сүйікті мамандығы туралы шығарма немесе эссе жазып келу тапсырылған болатын).

Мадлен ,Елдос,Қайрат эссе оқиды.

Жоғарғы оқу орындары туралы тарихтан шежіре Флипчарт көрсету

-Міне, балалар, өздерің көріп отырғандай қазір мамандықтың өте көп түрі бар екен. Ал сол мамандықтың өзіндік қиыншылығы бар екенін де сендер білулерің керек.

-Ал қазір Өзіміздің облысымызда қандай оқу орындары бар екен соған қысқаша тоқталып өтейік.

Оқушылар өздері атап айтулары керек Ассоцация

Осыдан кейін флипчарттан Семейдегі оқу орындарын көрсету.

(Алдын-ала дайындалған бейнебаян арқылы Семей және Өскемен қалаларындағы жоғары және колледждері туралы ақпарат беріледі).

-Ассоцация.




Азамат




Сабақты бекіту.

Тест тарату

Бағалау

Үйге тапсырма: 1.2. Мәтіннен берілген сөйлемдердің дұрыс нұсқасын табыңдар.



1.Әл-Фараби кім?

а) әнші б) ғалым

ә) Президент в) күйші

2.Еуразия университеті қай жерде?

а) Алматы б) Астана

ә) Семей в) Қызылорда

3.Қ.Сәтбаев кім?

а) ғалым б) депутат

ә) әнші в) президент

4.Семей педагогика институты қай жылы ашылды?

а) 1931 б) 2009

ә)1934 в) 1929

5.Қазақ ұлттық техникалық университет кімнің атымен аталады?

а) Әл- Фараби б) Гумилев

ә) Қ.Сәтбаев в) Шәкәрім

6.IT университеті қай қалада орналасқан?

а) Алматы б) Астана

ә) Семей в) Ақтөбе

7.Семейдегі қаржы колледжі кімнің атымен аталады?

а) С.Асфандияров б) Назарбаев

ә) Шәкәрім в) Р.Байсейітов

8.Қазақстанда неше Ұлттық университет бар?

а) 4 б) 7

ә) 9 в) 5



9.С.Асфендияров кім?

а) президент б) әнші

ә) тарихшы в) мұғалім

10. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қай жылы ашылды ?

А) 1934 ж б) 1931 ж

ө) 1933 ж в) 1935

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Мағжан Жұмабаев

 

 



Мен  жастарға сенемін

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін,-

Жас қырандар балапан,

Жанып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін.

Жұмсақ мінез жібектер,

Сүттен таза жүректер.

Қасиетті тілектер,

Мен жастарға сенемін.

Мен сенемін жастарға

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда

Мен жастарға сенемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет