Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі жайлы әңгімелеу, шығармаларына тән ел бірлігі мәселесіне тоқталу. Хронологиялық кесте арқылы тарихи кезеңдерге сипаттама беру. Ой қозғауға, өз пікірлерін ортаға салуға дағдыландыру.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз ойларын жүйелі сөзбен жеткізуге бейімдеу. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Туған жерді сүюге, отанын қорғауға тәрбиелеу, бірлікке, татулыққа шақыру. Адамгершілік қасиеттерді әрқашан жадында ұстауға тәрбиелеу.