цитоплазма бойымен өтетін жіпше тәріздес және көптеген органелла құрылымдарының
қалыптасуын ұстап тұратын торлы құрылым. Микротүтікшелер жасушаның бөлінуінде,
жасуша
ішілік тасымалдануда, қозғалмалылығында, Гольджи кешенінен эндоплазмалық
ретикулумға заттардың рециркуляциясында маңызды рөл атқарады.Микротүтікшелер екі
глобурлярлық
полипептидтер,
α
және
β
тубулиндерден тұрады және онымен динеин,
динактинкинезиндер ақуыздарымен байланысқан. Жартылай цилиндр тәрізді.Өзін қайта
жинақтай алады.
Цитоскелет
-
бұл
жасушаның белгілі бір құрылымдық деңгейінің
ұйымдастырылуын бір
қалыпты ұстап тұратын, ерімейтін ақуыздар кешені.
Микротүтікшелер: клиникамен
байланысы.
Онкологиялық науқастарды емдеу кезінде: колхицин, винбластин,
винкристинтубулин
полимеризациясын
бұзады,
микротүтікшелерден
тұратын
митотикалық бөліну жіпшесін түзілуін баяулатады,
хромосомалардың полюстерге
ажырауына кедергі келтіреді. Сүт безінің обырын емдеу үшін таксол препаратын
қолданады. Ол да микротүтікшелерге әсерін тигізеді,
бірақ колхицинге қарсы
әсер
көрсетеді. Егер колхицин бөліну ұршығын бұзатын болса, ал таксол оны тұрақтандырады.
Бірақ, екі дәрінің фармакологиялық әсері бірдей, тез бөлінетін жасушалардың
жылдамдығын тоқтатады немесе баяулатады.
Микрофиламенттер –
ол
белокты
талшықтар, олар микротүтікшелерге қарағанда тым жіңішке болып келеді, (диаметр 4
-
6нм).
Актин ақуызы және онымен біріккен фибрин, фимбрин, альфа
-
актинин, филамин, винкулин
молекулаларынан тұратын иректі құрайды. Микрофиламенттер жиналуға және тарқалуға
қабілетті. Актиннің полимеразациясы есебінен плюске қарай өсуі жүреді, ал минусқа қарай
жіпшелердің депорлимеризациясы есебінен жүреді. Жасушада аздаған мөлшерде миозин
ақуызынан тұратын,миозинді микрофиламенттер кездеседі. Олар актиндермен бірігіп,
қысқарған құрылымды
құрайды.