Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару
Оқушылардың дәптерлерінен үй тапсырмасының орындалуын тексеру
Физминутка.(2 мин) «Неге?» тренингі
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне белгілі бір сөйлем айтады да келесі оқушыға «неге?» деген сұрақ қояды. Ол оқушы ары қарай жауаппен жалғастырады да, «неге?» деген сұрақ қояды. Мысалы, Бүгінгі сабақ ерекше өтеді неге? Келесі оқушы: Өйткені біз сабаққа қызығушылықпен қатысамыз неге? т.с.с. жалғасады.
«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы
Оқушылар өткен тақырыпқа байланысты бір-бірден сұрақ жазып, конвертке салады. Жеребе арқылы ортаға оқушы шығып, ыстық орындыққа келіп отырып, конверттен сұрақ алады да жауап бере алса, ары қарай жалғастырады, егер жауап бере алмаса, күйіп кетеді де, келесі оқушы шығады.
1) Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда не істейміз?
2) Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда не істейміз?
3) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосқанда не істейміз?
4) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайтқанда не істейміз?
5) Натурал саннан бөлшекті азайту үшін не істейміз?
6) Натурал саннан бөлшекті азайтудың неше тәсілі бар?
7) Аликвоттық бөлшек дегеніміз не?
8) Жай бөлшектердің көбейтіндісі дегеніміз не?
9) Натурал санды бөлшекке көбейткенде не істейміз?
10) Аралас сандарды қалай көбейтеміз?
11) Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді неге тең болады?
12) Өзара кері сандар дегеніміз не?
13) Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін не істейміз?
14) Аралас санды аралас санға бөлу үшін не істейміз?
15) Натурал санды бөлшекке бөлу үшін не істейміз?
Шешуі:
1)Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
2)Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп жазып, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
3) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін:
1) бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
2) бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу керек.
4) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайту үшін:
1) бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
2) бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту керек.
5) Натурал санды (азайғышты) бөлімі азайтқыштың бөліміне тең бұрыс бөлшек түрінде жазу керек. Сонан соң бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесін пайдаланып, азайту керек.
6) Натурал саннан бөлшекті азайтудың неше тәсілі бар? 2
7) Алымы 1-ге тең бөлшек
8)Ереже: Жай бөлшектердің көбейтіндісі дегеніміз- алымы берілген бөлшектeрдің алымдарының көбейтіндісіне,ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.
9)Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы болады да, өзгеріссіз қалады.
10)Егер көбейткіштер аралас сандар болса, оларды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан кейін бөлшекті бөлшекке көбейту ережесін қолдану керек.
11)Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең.
12) Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды
13) Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін, бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшектің кері санына көбейту керек. 14)Аралас санды аралас санга бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке болу ережесін қолдану керек .
15)Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады.
16)Бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек.
17)Бөлігі бойынша санды теңдеу құру арқылы да табуға болады.
Күнделікті тұрмыста екі немесе бірнеше жұмысшы бірлесіп бір тапсырманы орындайтын жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, шебер мен оның үйренушісі бірлесіп бір тапсырманы орындайды, құрылысшылардың екі бригадасы бірлесіп бір үй салады. Сол сияқты екі немесе үш құбырдан қатар аққан сумен хауыз толады және т. с. с.
Бір-біріне қарсы қозғалған екі дененің қозғалысы және өзендегі катердің ағыспен, теплоходтың ағыспен қозғалыстары да бірлесіп орындалатын жұмыстарға жатады.
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығаруда: орындалатын жұмыс мөлшері, хауыздың көлемі, қашықтық және т. с.с шамалар 1 бірлік ретінде алынады.
1-есеп. Цистернаны бензинмен бірінші насос 24 минутта толтырса, екінші насос 40 минутта толтырады. Екі насостан қатар аққан бензинмен цистерна қанша уақытта толтырылады?
Шешуі (үлгі):
|