Сергіту жаттығуларын жасау.
6. Өрнек түрінде жаз және оның мәнін тап:
а) 810 –ды 16 есе арттырып, 60 есе кеміт;
ә) а-ны 27 есе кемітіп, 1275-ке арттыр, мұндағы а = 27000;
б) 46550-ді 98 есе кемітіп, 987-ге арттыр;
в) 2035 және 608 сандарының айырмасын 48 есе арттыр.
7. Тік төртбұрыштың ұзындығы 20 см, бұл оның енінен 2 есе артық.
Тік төртбұрыштың енін тап.
Берілді: тік төртбұрыш
а=20 см, бұл оның енінен 2 есе артық
в – ? см
в=20:2=10 (см) – ені
в=10 см
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: 8,9–тапсырма, шығ. тапсырма.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Теңдіктерді салыстыр:
999 х 4 = 4 х 1000 – 4 999 х 5 = 5 х 1000 – 5 ...........
Не байқадың? Олар қандай ережеге сүйеніп жазылған? Жазуды жалғастыр.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
4 сынып
Математика Сабақ №
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа есептер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Игерген білімді бақылау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Көбейту кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.
ІҮ. Қорытындылау, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..
Қозғалыс бағыты
БІР–БІРІНЕ ҚАРАМА ҚАРСЫ БАҒЫТ
БІР–БІРІНЕН ҚАРАМА ҚАРСЫ БАҒЫТ
БІР БАҒЫТТАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Түсіндірме мәтінмен, суретпен жұмыс.
1. Суреттегі екі конькишінің қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады?
Екінші конькиші біріншіні қуып жете ала ма? 12 – 10 айырмасы нені білдіреді?
12–10=2 – секундына 2 м артық
2. Арасы 89 км екі қаладан бір мезгілде бір-бірінен қарама-қарсы бағытта екі жүк
машинасы шықты. Оның біреуі 55 км/сағ, ал екіншісі 65 км/сағ жылдамдықпен
жүрді. 3 сағаттан кейін бұл машиналар бірінен-бірі қандай қашықтықта болады?
7 сағаттан соң ше?
Бір–бірінен қарама–қарсы бағыт 55 км/сағ. 65 км/сағ.
Қашықтық – 89 км
1–маш. жылд. – 55 км/сағ.
2–маш. жылд. – 65 км/сағ. 89 км
3 сағ.-тан, 7 сағ–тан кейінгі ара қашықтық – ? км
89+55×3+65×3=449 (км) – 3 сағ.-тан кейінгі ара қашықтық
89+55×7+65×7=929 (км) – 7 сағ.-тан кейінгі ара қашықтық
Ж:
3. Қалада жылына 15000 пәтер тапсырылуы керек еді. Құрылысшылар 198 пәтерлі
6 үй және 270 пәтерлі 5 үй тапсырды. Құрылысшылар әлі қанша пәтер тапсыруы керек?
Осыған кері есеп құрастыр және оларды шығар.
Барлығы – 1500 п.
Тапсырды – 198 пәтерден 6 үй және 270 пәтерден 5 үй
Тапсыру керек – ? пәтер
15000–(198×6+270×5)=12462 (п.) – тапсыру керек
Ж:
4. Теңдеу құр және оны шеш:
а) 360-қа х-тің 3-ке бөліндісін қосқанда 440 шығады; 360+х:3=440
ә) х –тің 8-ге бөліндісін 140-қа арттырғанда 212 шығады; х:8+140=212
б) х пен 25-тің қосындысын 4 есе арттырғанда 360 шығады. Х+25×4=360
. Теңдеулерді шеш:
Қандай компонент белгісіз?
Белгісіз компонентті қалай табады?
Сергіту жаттығуларын жасау.
5. 708 х 62 + 304 х 95 9000 – 77952 : 28 19 х 2040
403 х 59 – 807 х 26 13995 – 27948 : 51 29 х 7030
6. 235 теңге 2 тиын + 598 теңге 5 м 8 см + 3 м 452 см
2 т 886 кг + 7 т 795 кг 543 км 8 м + 324 км 769 м
8. Тік төртбұрыштың ені 10 см, бұл оның ұзындығынан 2 есе кем.
Тік төртбұрыштың ұзындығы неше сантиметр?
Берілді: тік төртбұрыш
в=10 см, бұл а–дан 2 есе кем
а – ? см
10×2=20 (см) – ұзындығы
а=20 см
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Теңдіктерді салыстыр:
15873 х 7 = 111111 15873 х 14 = 222222
Не байқадың? Байқағаныңа сүйеніп жазуды жалғастыр.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Достарыңызбен бөлісу: |