2.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш ресми интернет-ресурста орналастырылған күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсер етуі міндетті бағалануға жататын қызметке қатысты мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың осы Кодекстің 68-бабының 10-тармағына сәйкес хаттамаға енгізілген ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште қамтылған мәліметтер негізінде қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды шығарады және оның көшірмелерін ресми интернет-ресурста орналастыра отырып, осындай қорытындыны бастамашыға жібереді.
3. Қамту саласын айқындау кезінде заманауи білім деңгейі, озық зерттеу әдістері, тиісті экономика саласындағы қазір бар техникалық мүмкіндіктер және қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректердің болуы ескерілуге тиіс.
4. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындыға қоршаған ортаға ықтимал әсерлердің түрін, оқшаулануын, сипаты мен ауқымын, сондай-ақ осы Кодекстің 68-бабының 10-тармағына сәйкес (68-бабының 10-тармағы: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтан қарауға қабылданған белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке барлық ескертпе мен ұсынысты ескертпелер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі түрінде ресімделетін хаттамаға енгізеді, сондай-ақ сол мерзім ішінде мұндай хаттаманы ресми интернет-ресурста орналастырады және оның көшірмесін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хаттамалардың көшірмесін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны ресми интернет-ресурстарда орналастырады) хаттамаға енгізілген мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып:
1) белгіленіп отырған қызметтің мақсаттарына қол жеткізудің және оны жүзеге асырудың қоршаған ортаға әсерді бағалауды орындау кезінде зерделенуі тиіс балама нұсқаларына;
2) тәптіштелген зерделеуді талап ететін әсер ету түрлеріне және әсер ету объектілеріне;
3) әсерді бағалау саласына және оның әдістеріне қатысты ықтимал әсер ету туралы есепке қойылатын талаптар енгізілуі мүмкін.
Мүдделі мемлекеттік органдар деп осы параграфта қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, өз құзыретінің саласына белгіленіп отырған қызметтің құрамына кіретін қызметтің бір немесе бірнеше түрін реттеу, осындай қызмет түрлері үшін рұқсаттар беру немесе хабарламалар қабылдау жататын мемлекеттік органдар, сондай-ақ қатысы бар аумақтың шегінде толық немесе ішінара орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары түсініледі.
Қатысы бар аумақ деп осы параграфта өзінің шегінде қоршаған орта мен халық белгіленіп отырған қызметтің елеулі әсер етуіне ұшырауы мүмкін аумақ түсініледі.
Тапсырмалар:Дәріс материалдары мен СӨЖ-на арналған тапсырмаларды ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, практикалық сабақ тақырыбымен ұштастыру және талқылау.
Аталмыш сұрақтар төңірегінде презентация дайындау немесе сұрақтарға толық жауап жазбаны конспектілеу арқылы ауызша сұрақтарға жауап түрінде жазу.