Сабақ № Сабақ тақырыбы «Жарық құбылыстары тарауын қайталау» сабағы. Жалпы мақсаты



Дата19.02.2017
өлшемі96,4 Kb.
#11120
түріСабақ

Апта

Күні:

Сабақ №

Сабақ тақырыбы

«Жарық құбылыстары тарауын қайталау» сабағы.

Жалпы мақсаты

Жарық құбылыстары» тарауына шолу жасау, оқушылардың жеке, топтық жұмыстары арқылы білімдерін жинақтау, өзіндік баға беруін қалыптастыру.

*формулаларды есеп шығаруда тиімді пайдалана алады;

*физикалық шамалардың айырмашылықтарын анықтайды;

*формулаларды, өлшем бірліктерді жадында сақтауға тырысады;

*анықтамалар мен заңдылықтарды есте сақтайды


Күтілетін нәтижелер

* танысу, талдау жасау.

*дәптерге кесте толтыру

*өзіндік жеке жұмысты дамыту,

*. сұрақтар қою




Сабақ түрі

Дәстүрлі емес сабақ

Тапсырмалар

*топқа бөліну, сызбалар, жеке жұмыс, кесте, өлең талдату (М.Мақатаев өлеңін талдау, жұмбақ шешу )

*Сырлы сандар ойыны (Оқушылар сызбадағы баспалдақ бойынша жүріп отырады, сұрақтарға жауап береді)

*өз бетімен жұмыс. (оқушыларға деңгейлік есептер беріледі)

* ой бөлісу . Топпен жұмыс. (І топ: Жарық, жарықтың таралуы, жарықтың жылдамдығы, жарық көзіне қысқаша түсінік беру; ІІ топ: Жарықтың шағылуы, жарықтың сынуы, жазық және сфералық айналаға қысқаша түсінік беру)

*Ойлан тап ойыны. (Оқушылар үлестірмелі сұрақтарға жауап береді және сөздер құрастырады)

*Оқушылар презентацияларын қорғайды.

*рефлексия


Керекті жабдықтар

Оқулық, кесте, сызба, слайд, т.б.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу,сыныпты екі топқа бөлу. Тренинг

Сұрақ: Жарық көздері нешеге бөлінеді және қандай?

Жауабы: екі, табиғи және жасанды. Олай болса екі топқа бөлінейік. Бірінші топ - Табиғи жарық, Екінші топ - Жасанды жарық деп екіге бөлінеді. Бағалау парағы үлестіріледі.

Үй тапсырмасы: Тарауды қайталау, шолу жасау.

Сабақтың эпиграфы:

«Жаса сен мәңгі,

Жаса сен мәңгі,

Жарық Күн!»

М.Мақатаев

Өлеңді талдату.

Сабақты ақынның мына өлеңімен бастауға болады:

Өмір дегенге

Тіршілікте, сірә жетер ме ой

Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой

Бекер ғой бәрі

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой

Өмір дегеннің бір күндік сәуле екен ғой

Тамшыдай ғана нұрына, міне қанықтым

Жаса сен мәңгі жарық күн!

Сабақ жарыс түрінде өткен соң, әр жарыстың өз шарты болады. Сол шартты ақынның бір шумақ өлеңі арқылы жеткізуге болады:



Шартым осы

Осыған шыдайсың ба?

Шыдасаң, тынасың, құласаң да

Болсаң сосын боларсың, қол бастарсың.

Шыдайсың ба?

Бағыңды сынайсың ба?

Жұмбақ шешу.

1.Сабақты қай топтан бастауды анықтау үшін жұмбақ шештіремін. Жұмбақты шешкен топ сұрақтарға жауапты бірінші болып бастайды.



Жұмбақ: «Нені сандыққа сала алмайсың?»

(«Күн сәулесі»)




оқушылар жоқ оқушыларды атайды, топқа бөлінеді.

Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.


Оқушылар тыңдайды

Оқушылар топтасып, өлең жолдарын талдайды.

Осы өлең туралы оқушылар пікірін айтады. Күн – тіршіліктің көзі, жарықтың көзі, өмірдің өзі – жарық екенін қорытындылайды.
Оқушылар жарыстың шартымен танысады, өз пікірлерін білдіреді.

Берілген жұмбақты шешеді, топтасады.



Тұсаукесер

«Сырлы сандар» ойыны.

«Сырлы сандар» ойыны арқылы оқушылардың теориялық білімдері сыналады. Бұл тапсырма сұрақтары суреттегідей түрінде орналастырылады. Әр баспалдаққа карточкаға жазылған сұрақтар жазып ілінген.

«Табиғи жарық» «Жасанды жарық»

Көк Қызыл

Карточкадағы сұрақтар кеңейтілген, бірнеше мәселені қамтитындай етіп қойылған. Мысалы, көк баспалдақпен «Табиғи жарық», қызыл баспалдақпен «Жасанды жарық» тобы жүріп отырады.


ой бөлісу Одан кейін оқушылардан бұл сандар нені білдіреді? деп сұраймын.

Оқушылар жауабы тыңдалып болған соң, қорытындылап сабақтың екінші бөліміне көшеміз. Диалог.




Оқушылар ойын барысында

тапсырманы орындайды, сұрақтарға жауап береді, бірінің ойын екіншісі толықтырады.

Оқушылар осы карточкадағы сұрақтарға баспалдақ түрінде жауап береді.

Оқушылар ол сандар ақынның туған, қайтқан және ғасыр атағын алған жылдары жазылғанын. Келесі баспалдақтағы сандар мектептің ашылған, оқушылардың тарыдай болып 1 сыныпқа келгені, енді таудай болып мектепті бітірейін деп отырған жылдары көрсетілгені туралы ойларын айтады.



Негізгі бөлім

Бұл екінші бөлім бойынша практикалық тапсырмалар орындап сапалы есептер шығаруға көшеміз. Жұмыс топпен жүргізіледі, ондағы тапсырмалар деңгейлеп беріледі.

«Сырлы сандар» ойынының тапсырмасы:

1.Адам – өзінің көлеңкесінен оза ала ма?



Жауабы: Күн көлеңкесін қуып жете алмайды, ал жасанды жарық көзіндегілер қуып жетуі мүмкін.

2.Неге ылғал мата сондай құрғақ матаға қарағанда қара – қоңыр болып көрінеді?



Жауабы: Ылғал матаға түскен жарықтың құрғақ матаға қарағанда шағылғаннан жұғылатын бөлігі көбірек болады.

3.Су түбіндегі балықты соғып алу неге қиын болады?



Жауабы: Себебі, адам балықтың суда біршама ығысқан кескінін көреді.

4.Терезе әйнегі арқылы қарағанда оның аржағындағы денелер бірдей бағытта ығысу керек. Бірақ бұл ығысу онша байқала бермейді, неге?



Жауабы: Бұл ығысу шамасы шынының қалыңдығымен анықталады.

5. Қыстың күні айналада қар жатыр. Егер аспанда ай тұрса айнала жап - жарық болады, неге?



Жауабы: Қардың майда кристалдары ай сәулесін жақсы шашыратады және шағылдырады.

Дарынды балаларға: Шығармашылық жоба

«Табиғи жарық» тобына: «Жарық, жарықтың таралуы, жарықтың жылдамдығы, жарық көзіне қысқаша түсінік беру.

«Жасанды жарық» тобына: «Жарықтың шағылуы, жарықтың сынуы, жазық және сфералық айнаға қысқаша түсінік беру.

«Табиғи жарық» тобына:

1.Сырттан қарағанда перде тұтылмаған үй терезелері қара түспен көрінеді. Неге?



Жауабы: Терезе шынысы арқылы жарық үй ішіне енеді, бірақ сыртқа шықпайды. Сондықтан да қара түспен көрінеді.

«Жасанды жарық» тобына:

1.Неге жақсы сүртілген ыдыстар, аяқ киімдер т.б.нәрселер жылтырайды?



Жауабы:Олар айналық бет болып табылады.

Оқушылар топпен жұмыстанады, топта талқылайды, тақтаға шығарады.

Берілген тапсырма бойынша әр топ жауап береді, жауаптары тыңдалады және топта талқыланады.


Оқушылар дайындаған жобаларын қорғайды.

Оқушылар жоғары мәртебелі және төмен мәртебелі сұрақтарға жауап береді, өз ойларын ортаға салады


Қорытынды

Бекіту: «Ойлан, тап!» ойыны.

Сұрақтарға жауап беру арқылы ақынның өлең жолдарын оқисыздар. Ол үшін әр үлестірменің артындағы сөзді сұраққа жауап бергеннен кейін тақтаға жапсырып отыру керек.



«Ойлан, тап!» ойынының тапсырмалары:

  1. «Тарыдай» – Неге Ай және Күн көкжиекке жақындағанда оның сыртқы дөңгелегі сопақтау пішінге енеді?

Жауабы:Жарық сәулесінің жер атмосферасында түрліше сынумен түсіндіріледі.

  1. «боп» - Айнаның шағылу коэффициенті 70%, ал қара дененікі 85%, неге айнадан кескін көрінбейді?

Жауабы: Айна бетінен жарық айналып, ал қара беттен шашыранды шағылуға ұшырайды.

  1. «кіріп» - Транспортта қауіпті хабаршы қызыл түс болып табылады. Неліктен? Жауабы: Қызыл түс ауада таралғанда аз жұтылады да, алыстан жақсы көрінеді.

  2. «ең» - Сынып бөлмесінде терезе оқушылардың сол жағында болуы тиіс. Неге олай? Жауабы:Егер терезе жағында болса жазу жазатын қол сәулесі қалқалап қалады.

  3. «Таудай» - Неге жүргізуші қарсы келе жатқан машинаны көргенде, негізгі үлкен шамды өшіріп, төменгі кіші шамды ғана жағады?

Жауабы: Жарық көз торының белгілі бір нүктесінде үздіксіз түссе, көздің сезгіштігін төмендетеді. Осыны болдырмау үшін негізгі шам өшіріледі.

  1. «болып» - Кейбір автокөліктер сары түсті шаммен жабдықталған оның атқаратын қызметі не?

Жауабы:Сары – жасыл түс ауада аз шашырайды және көзі бұл түстерді сезгіш келеді.

  1. «шығарсың» - Неге металл балқытушының сыртқы киімі жылтыр кездемеден тігіледі?

Жауабы: Жылтыр мата сәулені жақсы шығаратындықтан, бақылаушының денесі қатты қызып кетпейді.

Қорытынды.Рефлексия.

Оқушының аты - жөні

Не білемін?

Не үйрендім?

Сабақтан алған әсерім













Бағалау. Оқушылар өзін – өзі бағалайды,

Үйге тапсырма. ІХ тарауды қайталау. Х тарауды қарап келу.§70,71. Линзалар.

Оқушылар ойлан тап ойыны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Осы тапсырманы орындап болған соң оқушылар өз үлестірмелерінің сыртындағы сөзді тақтаға жазып кетіп отырады.

Оқушылар ақырында сол сөздерді ретімен қойғанда ақынның: «Тарыдай болып кіріп ең, Таудай болып шығасың» - деген сөздерін шығады.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.


Оқушыларды сабақ соңында топ жетекшілері бағалайды.


Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы М.Б.Ықсановатындағы №36 орта жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Купжасарова Алмагул Калымжановна

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет