Сыртқы қабықшасы – қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабықша. Бұл қабықша көз алмасының артқы бөлігін қаптап тұрады. Ақ қабықшаның алдыңғы жағы мөлдір әрі дөңесқасаң қабықшаға айналады. Ақ қабықша көз алмасына пішін береді, қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.
Ортаңғы қабықшасы – қантамырларына бай тамырлы қабықша. Бұл қабықшада қантамырлары көп болғандықтан көзді қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабықшаның алдыңғы жағы нұрлы (бояулары түрлі түсті) қабықшаға айналған. Нұрлы қабықшаның дәл ортасындағы тесік – көз қарашығы деп аталады. Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Көз қарашығы бірде ұлғайып, бірде кішірейіп көзге жарықтың өтуін реттейді. Жарық мол түссе қарашық кішірейеді, аз түскенде ұлғаяды. Қарашықтың кішірейіп немесе ұлғаюы нұрлы қабықшада болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына байланысты.
2. «Көру анализаторының бөлімдері» атты кестесін толтырындар
қарашықтын арткы бөлігінде екі жағы дөнес_линза тәрізді көзбұршақ (хрусталик) орналасады. Көзбұршак кірпік бұлшық етіне бекінеді және оның жиырылуына байланысты пішінін өзгертіп отырады (кисықтығын өзгертеді). Егер алысқа қарасақ, оның қисыктығы азаяды да, алыстағы заттарды жақсы көреміз, ал жақын орналаскан заттар айкын болмайды. Жакын орналаскан заттарды көргенде керісінше болады. Көзбұршақ өз қисықтығын ұлғайтады. Көзбұршақтың мүндай өзгерісі аккомодация деп аталады
Қасан қабық
Қасаң қабық, кейде мөлдір қабық) — көздің сыртқы фиброзды қабығының алдыңғы мөлдір бөлігі. Қасаң қабықта қан тамырлары болмайды. Ол сырттан ішке қарай бес қабаттан тұрады: алдыңғы көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий, алдыңғы шекаралық жарғақ, өзіндік зат, артқы шекаралық жарғақ және артқы бірқабатты жалпақ эпителий. Алдыңғы және артқы шекаралық жарғақтар коллаген талшықтарынан құралған. Ортаңғы ең қалың өзіндік затты коллаген талшықтарының будалары мен олардың аралықтарындағы фиброциттер қатарларынан тұратын тығыз дәнекер ұлпасынан құралған.