Сабақ 1 Қатысқандар Қатыспағандар: Сабақ тақырыбы



бет31/231
Дата06.02.2022
өлшемі3,84 Mb.
#82007
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   231
Байланысты:
5 сы кмж

Құндылықтарды дарыту:



Жеке жауапкершілік, оң болу. Көшбасшылықты дамыту және өзара көмек.Жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарыту. Патриоттық тәрбие.

Пән аралық байланыс:

Өзін-өзі тану пәнімен және математикамен байланысады

Акт қолдану:

Бейнетаспа көрсету, ғаламтор пайдалану.

Бастапқы білім:

Оқушылар баскетбол жөнінде өткен сыныпта, үйде, сыныптан тыс орында алған білімдерін қолданады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:
5-10 мин



Сапқа тұру,баяндама,сәлемдесу,жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру;
Қауіпсіздік ережесін еске салу.
Жәй жүгіріс.
ЖДЖ жасау.

Әр түрлі белсенділік үшін үлкен,бос кеңістік.

Сабақтың ортасы:


25мин.

Ойынның техникалық тәсілдерін үйрету
Допты алып жүру
Допты қалай дұрыс алып жүруіне бейнетаспа көрсету: «баскетбол сабақтары-дриблинг, допты бақылау».
Допты алып жүру кезінде, қауіпсіздік ережесін еске салады.
(Б, Т, Тәж, ф)
“Мотоциклисттер”-ойыны:
Тапсырма: Допты бір орында және қозғалыста алып жүруді дамыту,оқушыларды алаңды көруге үйрету.
Алаңда ені 2-3м жол жолағы орналасқан.Барлық оқушылар мотоциклисттер,олар допты еркін алып жүре алады.Мұғалім-бағыттаушы, қызыл және жасыл жалаушаларымен. Егерде бағыттаушы қызыл жалаушаны көрсетсе, мотоциклист тоқтайды, бірақ моторды сөндірмейді – яғни допты бір орында жүргізеді. Ал жасыл жалаушаны көрсетсе,мотоциклисттер көшеден тоқтаусыз өтеді – допты қозғалыста жүргізеді. (Қозғалыс көшеде бір бағытта жүреді)
Допты алып жүру кезінде 3 қателік жіберсе (екірет алып жүру, доптан айырылып қалу және т.б.) ойыннан шығарылады.
Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:
-Оқушылар дұрыс тұрыста допты алып жүреді.
- Допты итеру кезінде,қолымыз допты шығарып салады.
Допты ұтып алу
Баскетбол добы саған қарай ұшып келе жатса, ертерек қолымызбен қарсы аламыз.Ол үшін екі қолдарыңыздың саусақтарын үлкен воронка тәрізді жасаймыз. Ұшып келе жатқан допқа мұқият қарау.Ол саусағын тигізген бойда, допты қыс, ал қолымызды шынтақтан бүгіп,допты кеудеге тартамыз.Бірақ негізгі тұрысты ұмытпа! Ойынды жалғастыруға дайын бол.
«Баскетбол ойынында допты жалғау және ұтып алу» таныстырылымын көрсету.
Есімімен шақыр”-ойыны:
Тапсырма: Оқушыларға допты ұтып алуға үйрету.
Оқушылар топқа бөлінеді және шеңбер құрайды. Бір оқушы доппен шеңбердің ортасында болады. Ысқырық берілгеннен кейін,ол допты аспанға лақтырып бір баланың атын атайды.Аталған оқушы допты түсірмей ұтып алуы қажет.Осылайша допты ұтып алған оқушы лақтырып ойын жалғаса береді.Ең аз допты түсіріп алған топ жеңімпаз болып саналады.
Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:
-Допты ұтып алу кезінде қолымызды алға созып саусақтарымызды воронка тәрізді жасаймыз.
-Допты ұтып алғаннан кейін кеудемізге жақындатамыз.
ҚБ:
Еденге бормен 3шеңбер саламыз.
Оқушыларды шеңберге тұруға шақырамыз:
1 шеңбер-кімде барлығы жақсы болды
2 шеңбер-кімде кейбір сәттері орындалмады
3 шеңбер-кімде ештеңе орындалмады.

Үлкен ойын алаңы,құрал-саймандар.
Баскетбол доптары, қызыл және жасыл жалаушалар.

Сабақтың соңы:
5 мин

Сабақты қорытындылау.
Техникалық іс-қимылды дұрыс орындаған оқушыларды атап өту (дұрыс тұрысын,допты алып жүру және допты ұтып алуда қолдың қозғалысы және т.б.)
Жие қателік жібергендерді атап өту (дұрыс емес тұрыс, допты алып жүру және допты ұтып алуда қолдың дұрыс емес қозғалысы және т.б.)
Рефлексия «екі жұлдыз бір тілек»-оқушылар стикерге сабақтың екі ұнаған сәтін және сабаққа өзгеріс енгізу үшін бір тілек жазып кетеді.

Үлкен,бос кеңістік
Стикер,маркер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет