. Оқушыларда алдыңғы сабақтардан, сондай-ақ сабақтан тыс әрекет мәнмәтінінде алынған командалардағы өзара әрекеттесу тәжірибесі бар.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылармен сәлемдесу,бүгінгі сабақтың тақырыбымен және бағалау критериімен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
бірінші топ құрал жабдықсыз орындалатын қарапайым жаттығулар кешенін құрады, сынып болып орындайды. (қол мен иық буындарына, мойынға және денеге, аяққа және жалпы денеге арналған);
екінші топ құрал жабдықпен орындалатын жаттығулар кешенін құрады, сыныпқа ұсынады (нығыздалған доппен, гантелмен, секіргішпен,гимнастикалық орындықта, гимнастикалық қабырғада, акробатикалық жаттығулар).
Оқушылардан сұрау - Әр түрлі бұлшық еттер топтарын жаттықтыратын жаттығуларды неліктен орындау қажет? (оқушылардың жауаптарын тыңдау, жауаптарына қарай бағалау)
Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.
Мұғалімге ысқырық, секундометр
Сабақтың ортасы
Негізгі бөлім
Бірлескен іс қимыл тәжірибесін жүзеге асыру
Қимыл-қозғалыс ойындары
«Күндіз-түні доппен» ойыны
Ойыншылар екі қатарға бір-біріне арқаларын қарата зал ішіне көлденең тұрады, олардың қолында баскетбол добы болады. «Түн» командасы берілген кезде аталған команда «өз үйлерінің сызығынан» допты алып жүріп тезірек шығып кетуге тырысады. «Күндіз» деп аталатын басқа команда допты алып жүру арқылы оларды қуып ұстауға ұмтылады. Ойыншы бос қолымен алдындағы жүгіріп бара жатқан адамға үйінің шет жағына дейін қуып, допты тигізуге тырысады. Бұдан соң барлығы ортадағы сызыққа оралады, бір-біріне қарама-қарсы 2 метрлік арақашықтықта тұрып алып, қолға түскендерді есептейді.
Осы ретпен ойын тағы да қайталанады.
Допты теңестірген ойыншы доп тиген болып есептелінеді. «Үйдің» шетінде допты тигізуге болмайды