Сабақ 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы



Дата18.02.2020
өлшемі164,72 Kb.
#58360
түріСабақ
Байланысты:
1 Сабақ 1 Квадрат теңсіздіктерді шешу Сабақ жоспары








Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4А Теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Сабақ 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңсіздіктерді шешу

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.8

квадрат теңсіздіктерді шешу



Сабақтың мақсаты

Квадраттық функцияның графигін қолданып квадрат теңсіздіктерді шешеді.

Бағалау критерийлері




Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Квадрат теңсіздіктің шешімі параболаның орналасуына байланысты екенін түсінеді

Қолдану

Квадрат теңсіздіктерді шешеді

Анализ және синтез

Квадрат теңсіздіктің қандай түріне жататынын талдайды.




Тілдік мақсат


Оқушылар нақты жағдайда квадрат теңсіздіктің шешімі неге олай болатынын түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология

квадрат теңсіздік

көбейтінді

аралық


бос жиын

дискриминант таңбасы



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Парабола тармақтары жоғары бағытталған



Құндылықтарды дарыту

Өздігінен оқу дағдысы.

Сабақтың мазмұны арқылы жүргізіледі.



Пәнаралық байланыс

Математикалық моделі квадраттық функция болатын әртүрлі жағдайларда квадрат теңсіздіктерді шешу дағдысы қажет болады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар сызықтық теңсіздік пен квадрат теңдеулерді шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин


10 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.



Білімді жаңғырту

Квадрат функцияның таңба тұрақтылық аралықтары қалай анықталатынын қайталау. Тапсырманы оқушылар жұпта орындайды, кейін өзге жұппен бірігіп жауаптарын талқылайды.


Дескриптолар

- Квадраттық функцияның графигінің әртүрлі жағдайда орналасуына байланысты теңдеуінің шешімі табылған.

- Квадраттық функцияның графигінің әртүрлі жағдайда орналасуына байланысты теңсіздігінің шешімі табылған

- Квадраттық функцияның графигінің әртүрлі жағдайда орналасуына байланысты теңсіздігінің шешімі табылған

Презентация

1-2 слайдтар

Қосымша 1




Сабақтың ортасы

20 мин


11 мин


Жаңа материалды меңгеру

Анықтама

немесе

түріндегі

теңсіздіктерді квадрат теңсіздіктер деп атайды, мұнда

 - айнымалы, , ,  - сандар, .
Егер квадрат теңсіздік қатаң емес болса, онда түбірлер сандық аралыққа енеді, ал егер – қатаң болса, онда енбейді.

Квадрат теңсіздікті шешудің бірнеше әдістері бар, бүгін графиктік әдіспен танысамыз.

Мұғалім тақтадағы мысалды оқушыларды араластыра отырып шығарады, рәсімделуін көрсетеді.
Мысал №1.

2+9х-2<0 теңсіздікті шешіңіз.

1. y=5х2+9х-2 функциясын қарастырамыз.

2. Тармағы жоғары бағытталған парабола.

3. 5х2+9х-2=0

х1=-2; х2=

4. Сұлбасын саламыз

Жауабы:


Мысал №2.

Теңсіздікті шешіңіз: х²-4х+7<0 .



  1. у= х²-4х+7 функциясын қарастырамыз.

  2. Тармағы жоғары бағытталған парабола.

  3. х²-4х+7=0

түбірі жоқ, олай болса төбесінің координаталарын табайық. Төбесінің координатасы - .

  1. Сұлбасын салайық.

Жауабы: шешімі жоқ, өйткені х-тың кез келген мәнінде функция тек оң мәндер қабылдайды.
2 мысалды талдап болған соң оқушылар топта квадрат теңсіздіктің шешу алгоритмін құрастырады. Әрбір топ өздерінің алгоритмдерін параққа жазып тақтаға іледі. Кейін олардың ойлары тыңдалып, қорытындыланады, тақтада алгоритм көрсетіледі.

Квадрат теңсіздіктерді шешу алгоритмі



  1. Үлкен коэффициенті арқылы параболаның тармақтарының бағытын анықтау (жоғары немесе төмен)

  2. Квадрат теңдеудің түбірлерін табу немесе жоқ екендігін анықтау

  3. Графиктің сұлбасын салу және Ох осімен қиылысу нүктелерін белгілеу (бар болса)

  4. График арқылы теңсіздіктің жауабын анықтау.


Жаңа материалды бекіту

Оқушылар жұпта бір-бірене көмектесе отырып берілген тапсырмаларды орындайды, әр тапсырманың жауабын дұрыс жауаппен салыстырады. Мұғалім сыныпты аралап жүріп ауызша комментарийлер береді. Қиналған оқушыларға жеке көмектеседі.

Теңсіздіктерді шешіңіз:

1.

2.

3.

4.

5. 0

6. 0

Дескрипторлар

- Функцияның нөлдері табылған

- Функция графигінің сұлбасы салынған

- Теңсіздіктің шешімі жазылған


3-6 слайдтар

Қосымша 2


Сабақтың соңы
3 мин

Үй тапсырмасы

Теңсіздіктерді шешіңіз:

а) ;

б);

в)
Рефлексия (ауызша):

1) бүгінгі тақырыптан жақсы түсінген тұстарым;

2) түсініксіздеу болған тұстары;

3) түсініксіздеу болған тұстарын жетілдіру үшін не істеуге болады;

4) меңгерілген тақырыпты қайда қолдана аламын.

7 слайд


8 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмек беруі үшін жұптық жұмыс орындалады. Мұғалім қиналған оқушыларға жеке көмек көрсетеді.

Есептер шығару барысында оқушылар дұрыс жауап арқылы өздерін бағалайды.

Мұғалім сыныпты аралап жүріп, ауызша комментарийлер айтады.



Сабақ бойы оқушылар іс-әрекет түрлерін өзгертіп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет