6-20 мин
Ортасы
21-30 мин
30-40 мин
|
Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар бұрынғы құрамдағы топта жұмыс жасауына болады. Әр топқа флипчарт немесе үлкен қағаз парағы беріледі. Мұнда оқушылар шығармашылық жұмыс таныстырылымын ұйымдастыру бойынша өз идеяларымен бөліседі, ойланады. Оған қандай ақпараттық дереккөздерді қолдануға болатынын талқылайды: мысалы, онлайн платформа немесе әлеуметтік желі (1 қосымша). Жұмыс барысында оқушылар ақпаратты іздеу түріне байланысты өзге топтармен немесе жұптасып бірігуіне болады (бірнеше рет). Немесе олар өз орнында қалып, қажеттілігіне қарай, зерттеу материалдарын көрші топтарға беруіне болады.
«Қазақ ұлттық киімдерінің сән көрсетілімі» бейне ақпаратты көру
Оқушылар мұғалім ұсынған бейнеақпаратты көріп, әртүрлі бас киім мен кеудеше түрлерімен танысады, мысал келтіре отырып, мұндай көрсетілімдерді қайдан көргені туралы айтады.
Бірлескен әңгіме.
Оқушылар бейне ақпаратты көрген соң топта талқылап, сыныптастарына ұсыну:
шығармашылық жұмысты көрмеге қалай дұрыс дайындауға болатыны туралы, бағалау критерийлерін талқылау, сонымен қатар келесілерді ескере отырып:
жобаның тақырыпқа сай болуы;
сәндік безендіру түстерінің тақырыпқа сай болуы;
жұмыстың ұқыптылығы;
шығармашылық бұйымның функционалдығы.
таныстырылым жасаудың дескрипторын талқылау:
Шығармашылық жұмыс. ҚБ арналған тапсырма
1 кезең.
Оқушылар топтар бойынша тәжірибелік жұмысты орындау кезеңдерінің суреттері мен сипаттамасы берілген бірнеше ақпараттық слайдтарымен таныстырылым жасайды және бұйымды қандай техникада жасағанын, оны жасау үшін қандай материал қолданғанын түсіндіреді. Оқушылар сән көрсетілімін көрген соң, олар мүмкін дайын бұйымды қосымша суретке түсіріп, оны таныстырылымға қосатын болар.
2 кезең.
Шығармашылық жұмыс көрмесін ұйымдастыру және өткізу немесе бас киімдер мен кеудешелердің сәндік көрсетілімін әр түрлі әдіс-тәсілдермен жүзеге асырады.
3 кезең.
Алдын ала құрылған бағалау критерийлеріне сәйкес өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысында қолданылған шығармашылық идея, әдіс-тәсілдер және жобалық жұмысқа түсініктеме беру.
Сабақты қорытындылау
Мұғалім оқушылардың жұмысының таныстырылым жүргізуіне жалпы баға береді.
|
Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі
Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.
Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.
|
Дискриптор
- мектеп қауымдастығы үшін көрменің маңыздылығын сезінеді;
- өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін талдайды;
- сыныптастарының жұмысын талқылауға қатысады;
- алғашқы идеямен бұйымның сәйкестігі туралы ойлана отырып, өз жұмысын ұсынады.
|
http://mir-biz.ru/biznes-plany/vystavochnyj-biznes/
Көрмелік бизнесті қалай істеуге болады
Өз шығармаңыздыңнегізгі бағасын қалай білуге болады.
http://mrsa.ru/ocenka-kartin/kak-ocenit-stoimost-hudozhestvennogo-proizvedeniya
|