Сабақ №1: Балалар әдебиеті мәнерлеп оқу практикумымен Сұрақтар мен тапсырмалар



бет10/11
Дата14.10.2023
өлшемі55,96 Kb.
#185397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тәжірибелік жұмыс №1

Көрнекілік принципі
Әдеби шығармалардың әсерлілігі мен оқушылардың оған қызығушылығын тудыруда көрнекілікті, техникалық құралдарды пайдаланудың көмегі мол. Көрнекілікті қолдануды Я.А. Каменский «оқытудың алтын заңы» деген еді.
Бастауыш мектепте оқушылардың заттар мен құбылыстарды нақты көріп қабылдауына ерекше көңіл бөлінеді; өйткені олардың сезімдік танымын ұйымдастыруда көрнекіліктің мәні зор. Көрнекілік, біріншіден оқушының ұғым-түсінігінің саналы, тиянақты болуын қамтамасыз етеді, екіншіден, оқушының зейін, қабылдау, еске сақтау т.б. қабілеттерін дамытады, үшіншіден, эстетикалық талғамын, ақыл-ой дағдыларын тәрбиелейді.
Бастауыш мектепте әдебиеттік оқу пәнін оқытуда қолданылатын көрнекіліктер:
1. Табиғи көрнекіліктер. Табиғат құбылыстарын, жыл мезгілдерін, жануарлар дүниесі тіршілігін бейнелейтін шығармаларды оқытуда, оларды табиғи түрде көрсету. Ақын-жазушылармен кездесу, олардың шығармаларын көрсету.
2. Бейнелік көрнекіліктер. Тиісті заттардың, құбылыстардың табиғи күйін көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың модельдерін, макеттерін, суреттерін көрсету. Ақын-жазушылардың портреттерін, өмірбаяндық суреттерін, түрлі иллюстрацияларды, диафильмдер, деректі фильмдерді көрсету.
3. Дыбыстық және бейнелік көрнекіліктер. Теледидар, радио хабарлары, көркемфильмдер, бейнежазбалар, диафильмдер, күйтабақтар, үнтаспалар.
4. Символдық және графикалық көрнекіліктер. Географиялық, тарихи, экономикалық, зоологиялық карталар. Сызбалар, кестелер, плакаттар, диаграммалар, әр түрлі сызықтық бейнелер. Көрнекіліктер әдеби шығармалардың мазмұндық ерекшеліктеріне үңілуге, ондағы оқиғалардың, кейіпкерлердің, құбылыстардың бейнесін елестетуге, образ жасауға көмектеседі.
Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда көрнекілікті қолдану мына міндеттерді шешуге тиіс.
1/ ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде нақты, анық мәлімет алу және оның әсерлі болуына мүмкіндік ашу. Шығармалардың мазмұн-мәніне терең үңілу, оларды саналы ұғыну және әдебиет пәні бойынша оқушы білімдерінің тиянақты болуы;
2/ оушылардың сезім мүшелерін эстетикалық талғамын дамыту;
3/ оқушылардың әдеби шығармаларға қызығуын арттыру.



  1. Қазақ ақыны І.Жансүгіров өлеңдеріндегі эстетикалық тәрбие. І.Жансүгіров өлеңіндегі еңбек мәселесі.

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 1 май күні қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу


ауданының бұрынғы төртінші аулында туды. Ілияс шешесінен жастайынан жетім
қалып, әке тәрбиесінде өседі. Қатал мінезді әкенің тәрбиесінде өскен Ілияс жас кезінен бастап -ақ өткір мінезді, өжет, еңбек құмар және зерек болады. Өйткені оның әкесі Жансүгір қолөніріне мейлінше жетік болыпты. Ол аяқ киім тігетін етікші және темір мен ағаштан түйін түйетін ұста екен. Мұнымен қатар ескіше хат танитын, арабша сауатты кісі болғандықтан, халық ауыз әдебиетін көп оқып, көп жинапты. Бір сырлы, сегіз қырлы осындай шебер әке өз қолынан келетін бар өнерін Ілиясқа жас кезінен үйретті. Сондықтан Ілияста әкесіндей әрі етікші, әрі ұста, әрі әнші, домбырашы болған. Бір жағы әкесінен оқып, арабша хат таныды. Осының өзі Ілиясты әдебиетке қызығуы мен өмірге деген көзқарасының қалыптасуына көп көмегін тигізді. әкесінен көптеген қызықты әңгімелер, халық өлеңдерін естиді. Халық өлеңдері мен ертегілері оны халық өмірімен, арман-тілегімен зор болашағымен тереңірек танысуына мүмкіндік туғызды. Айналасындағы болып жатқан неше алуан өмір құбылыстары да баланың байқағыштық назарынан тыс қалмаған еді.
Ежелден ескеруші ем елдің сөзін,
Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.
Барма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр,
Құлақты қырға түріп жүрген кезім.
дейді.
Әрі зерек, әрі ұғымтал бала мұнымен де қанағаттанып қоймай 1905 жылы жергілікті
жерделі Қарағашта ашылған орталай мектепте оқып, оны 1911 жылы бітіріп шығады. Осы кездерден бастап өлең жазумен айналысады. Ілиястың алғашқы қызметі халық азарту жұмысына араласудан басталғандықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалған өзіндей қазақ жастарының басын құрап, хат танытып, сауатын ашуды өзіне үлкен міндет етіп қояды. Сондықтан ол «Жалпы жасқа» деген өлеңімен ұран тастап:
Әйел, еркек, жалпы жас!
Көтеріл, көрін, көзіңді аш!
Жаңбырлы жазғы жапырақтай,
Көркей, көгер, гүлің аш!
Оқы, орталас, ұйымдас!
Бірік, бірлес, жиыл жас!
Жиылатын күн жетті,
Қайтып ұйқың қиылмас!..
деп, ел арасына, қарамағында оқуда жүрген жас өспірімдерге үгітжүргізеді.
Ілиястың бұл кезде мол еңбек еткен соншалық, бас аяғы он шақты жылдың
ішінде жиырмадан астам кітабын бастырып шығарды. Ақын бұл тұста коллектив болып біріккен қазақ аулын, құлазыған қыр суретін өзгерткен альп өндіріс орындарын, бесжылдықтар туғызған толып жатқан жаңалықтарды өз жырының өрнекті арқауы етті. Қазақ балалар әдебиетінің іргесін қалаушылардың бірі болған ірі талант иесі Ілияс Жансүгіров 1938 жылы қайтыс болды.
Бұл өлеңінде ақын Жетісу өлкесіндегі барлық табиғат сұлулығын даралап
сипаттайды.
Ыстық көл жер айнасы мөлдірейді,
Балқашты қамыс қамап желкілдейді.
Аттанған алты өзені Жетісудың,
Балқашқа бауырымдап еңкілдейді…
Ақын бұдан ары алты өзеннің әрқайсысының өзіндік сипати мен ерекшелігін оның халық шаруашылығына тигізетін пайдалы жақтарын көз алдыңа келтіреді.
Шу әне, тауды тартып, шыққан шулап,
Ойнақтап, ырғи жосып таудан тулап.
Асқардан ақтарылған ақ емес пе,
Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап
деп одан әрі бұл жерді ерте заманнан бері қарай осы күнге дейін қазақтың қай тайпасы, қай елі мекен еткені баяндалады. Мұның өзі өлке танумен қатар бірталай тарихи мағлұматтарды білуге де септігін тигізеді. Табиғат сырын білуге құмарта, есі кете көңіл қоятын жас өспірімдер мұндай өлеңдердің әрбір жолын қызыға тыңдайды. Үлкен суреткердің көреген көзімен берілген табиғат образы көңіл-күйін білдіріп, адам сезімін терең оймен астаса береді.
Шымырлап іле қайнап құмды кезген,
Қыс қақпан, ұйық, дойыр, долы безген.
Алыстан араб көшкен керуендей,
Тоң мойын, томсарулы тұнжыр көзбен.
десе, Шелек өзені жайында мынадай суреттеулерді көреміз:
Арқырап асау Шелек орыпты тас,
Бурадай бұлқынады көк ала бас.
Ол баста күн шығысқа шыға шауып,
Жалт беріп етекке еңсей сапты құлаш.
Ілияс Жансүгіров балаларға өлке таныту мақсатымен Жетісудың өзендері мен көлдерін, тау-тастары мен жәндіктерін суреттесе, «Жер түгі» деген өлеңінде шығатын ағаштар мен өсімдіктерді тізбектеп өтіп, осылар арқылы балалардың табиғат тану қабілетін жетілдіре білуге көмектеседі.
Ағашта өзің білген қарағай, тал.
Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар.
Долана, ұшқат, шатен, ырғай, арша.
Ақ сасық, қызыл қайың, арша, шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен.
Үйеңкі, шырғай, балғын тораңғылар.
Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шатен.
Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар.
Қараған, бозторғай, шеңгел, шілек.
Сықылды ағаштардың талайы бар.
Адамның күші өзінің ақылында деп бағалайтын болсақ, онда осынша табиғат байлықтарының бәрі де соның игілігіне жұмсалатын дайын ас. Егер адам баласы табиғаттың осындай бай мұрасын өзінің білімдігімен пайдалана білсе, қойнындағы бар асылын адам игілігіне ақтарып салатындай шек жоқ. Ілияс жаратылыс байлықтарын суреттеумен қатар, соларды қадірлеу, күту, оны халық игілігіне пайдалана білуін жас өспірімдердің естеріне салады. Сонымен қатар жаратылыс байлықтары мен оның құпиясын суреттейтін және соны халық игілігіне асыратын маман кадрлар шығуына бағыт сілтейді. Табиғат байлықтары мен оның көрікті суреттерін суреттеуде ақынның алға қойған мақсаттары осындай идеяны көздейді.
Балаларға жазылған Ілияс Жансүгіровтың шығармаларының қамтыған үшінші үлкен тақырыбы – еңбек тәрбиесіне арналған. Бұл Ілиястың 1929 жылы Ташкентте, Алматыда басылып шыққан «Малта», «Шәркей» деген суретті кітапшаларынан көреді. Бұл кітапшалар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған. Жазушы мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы өте айқын және нақтылы болатынын ескерте отырып психологиялық ерекшеліктеріне тән материалдарды қызықта да күлкілі етіп, солардың өздеріне тарту екен. «Малта»да, «Шәркей» де еңбек процесінен шыққан еңбек жемісі екенін балаларға көптеген мысалдар келтірумен дәлелдейді.
Малтаның жасалу процесін ақын балаға былай түсіндіреді:
Жайылып келіп толтырған Ауыздарын қомпайтып,
Қоңырша қойдың сүті едім.Көбігімді ұлы алды.
Қатын қақтап сауған соң,Қаймағымды қызы алды.
Шелекте қалып бүркендім.Қаспағымды мысығы.
Пісірді де түсірді.Жуындымды күшігі…
Тостағынан томпайтып.
Малтаның өзінен өзі бірден жасала қоймайтынын, оның осындай қиын процестері бары, оған аналардың көптеген еңбек сіңіргені балаға жүйелі түрде айтылады.
Айран беріп балаға,Пісіп-пісіп толқыды,
Құя салды сабаға.Бетімде май күлкіді.
Тентек піскек түскен-ай,Қылшықтарын шайқады,
Күлдір-күлдір піскені-ай Тұзын татып байқады…
Бала өзі байқаған осындай әрбір құбылыстың мән-жайы, оның себептерін, осы процестің бәріне белгілі бір уақыттың кететінін, оған бірталай еңбек жұмсалып жатқанын да түсіне бастайды.
Серең сирақ сөреге,
Жайып қойды өреге.
Өреде күннің өткені-ай,
Шақылдап шекем кепкені-ай.
Ақын «Малта» өлеңінде тіпті құртты жасау үшін де көп еңбек жұмсалатынын пайымдайды. Мұндағы ақын мақсаты құрттың жасалу жолын үйрету емес, соған жұмсалатын еңбек процестерін таныту. Мектеп жасына дейінгі балалар осы махзмұны, тілі түсінікті әрі жеңіл, әрі қызықты, сонымен қатар ұйқасымы, ырғағы жақсы өлеңдерді тез жаттап алады да, ондағы сөз байлығын өздерінің күнделікті сөйлейтін лексикасына айналдырып жібереді. Осыған сәйкес сөз тізбектерін құрастыра сөйлеуге дағдылана бастайды, бұл өлеңді балалар оңай түсінетін тағы бір ерекшелігі – мұндағы кездесетін «Өре, саба, піскек, шүйке, шуда» сияқты қазіргі кезде қолданудан шығып бара жатқан қиын атаулардың бәрі де көрнекі етіп, суреттеумен берілген. Шынында да жұмыстың біржағын баланың өзіне істетіп оны еңбек процесінде араластыруы және өзінің сол жұмыстың тезірек орындалуына қызықтырып қою жазушының аса шеберлігін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет