Сабақ №1: Балалар әдебиеті мәнерлеп оқу практикумымен Сұрақтар мен тапсырмалар



бет2/11
Дата14.10.2023
өлшемі55,96 Kb.
#185397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тәжірибелік жұмыс №1

«Үлгілі бала» жинағына жазушының әлеуметтік теңсіздікті, зорлықты әшкерелейтін, жетім-жесірді аяуға үндейтін «Жетімнің өлеңі», «Жетім», «Қайыршы мен бай», т.б. төл шығармалары да енген. «Үлгілі тәржіма», «Үлгілі бала» жинақтарының жарыққа шығуы Спандияр Көбеевтің шығармашылық белсенділігін қанаттандыра түсті әрі бұл кітаптарды жазу барысында жазушы көп еңбектенді, көп ізденді. Осы ізденістің нәтижесінде 1913 жылы Қазан қаласында Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы жарыққа шықты. Қазақ әдебиеті тарихындағы қарасөзбен жазылған алғашқы көлемді шығармалардың бірі болып табылатын «Қалың мал» романының тақырыбы – әйел теңсіздігі мен жастардың бас бостандығы.
Романның негізгі кейіпкерлері:
Ғайша – сұлу да әдепті, тәрбиелі 14-15 жасар бойжеткен қыз. Аздап оқыған, хат таниды. Қалыңмалға сатылып, әкесінің шешімімен сүймеген адамына бармауға бел байлап, өзінің бас бостандығы үшін күреске шыққан жаңа типті бейне.
Қожаш – кедей таптың өкілі. Орта бойлы, талдырмаш, сабыр иесі, қара торы, бір сөзді, уәдеден таймайтын жігіт. Қыз айттыруға шамасы келмейді, бірақ өз бақыты үшін күресуге дайын. Сүйген қызы Ғайшаны алып қашып, өзінің азаматтық бейнесін танытады.
Жүніс, Әлкен, Бірке – Тұрлығұл, Байғазы, Құрымбайлардың тізесі батқан кедей ауылдың жігіттері өздерін жазықсыз жәбірлеуші үстем тап өкілдеріне қарсы тұрып, би-болыстардан Кеңшалғынды тартып алады.
Итбай – қызы Ғайшаның тағдырынан гөрі байлықты ойлайтын дүниеқоңыз адам. Байлыққа құныққаны сондай – жетпістен асқан Тұрлығұл құдалыққа кісі жібергенде, көктен сұрағаны жерден табылғандай: «Бұл Тұрлығұл байға біздің Ғайшажанды айттыра келген шығар, қазыны бұзбай сал», – деп есі кете қуанады.
Тұрлығұл – байлықты ар-ұят, адамгершілік, ынсап деген нәрселерден жоғары қоятын ұнамсыз кейіпкер. Өзінен малына көбірек сенетін Тұрлығұл: «Маған бермегенмен, малға береді ғой», – дейді Ғайша туралы сөз болғанда. Жазушы оны: «Ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілеріне мазаң, қатты мінезді адам» деп суреттеген.
Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романының сол кезеңде өмірге келген басқа романдардан ерекшелігі – романның негізгі кейіпкерлер – бірін-бірі сүйген екі жас Қожаш пен Ғайша алға қойған мақсаттарына жетіп, бақытты өмір сүреді. Роман соңында тігулі тұрған отау маңында ойнап жүрген балалар, жайылып жүрген мал, ас қамымен жүрген Ғайша, шөп шауып келе жатқан Қожаш суреттелген. Оқиға жастардың бас бостандығы жолындағы күресінің жеңісімен аяқталған.
Спандияр Көбеев көргендері мен көңілге түйгендерін, бастан кешкен оқиғаларын жинақтай отырып«Алғы сөз», «Балалық шақ», «Мен – оқытушы», «Қилы кезеңдер», «Орындалған арман» деген бес тараудан тұратын «Орындалған арман» атты мемуарлық роман жазған. Роман 1951 жылы жарыққа шыққан.
Өзінің саналы ғұмырын ағартушылық қызметке арнаған Спандияр Көбеев екі рет Ленин орденімен марапатталған. Ағартушы-ұстаз, педагог-жазушы Спандияр Көбеев 1956 жылы қайтыс болған.
ХХ ғасырдың басындағы демократтық-ағартушылық әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі Сәбит Дөнентаев 1894 жылы қазіргі Павлодар облысының Ақсу ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Жас кезінде сауатын ауыл молдасынан ашқан Сәбит 1911-1912 жылдары Павлодар қаласындағы Қасым қажының медресесінде оқыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет