Пәні:
қазақ әдебиеті
|
Сынып: 6 (Т1)
|
IІІ тоқсан
|
Сабақ №1
|
Бөлім атауы:
|
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
|
Сабақтың тақырыбы:
|
С.Торайғыров «Шәкірт ойы»
|
Ресурстар:
|
|
Қосымша материалдар (бейнематериалдарға сілтемелер):
https://youtu.be/scV0rw1LU2M
|
Сабақтың мақсаты:
|
Бүгінгі сабақта сіз: 6. Т/Ж1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
|
Бағалау критерийі:
|
Өлеңді оқып, мазмұнын түсінеді, тақырыбы мен идеясын анықтайды, негізгі ойды табады, салыстырып жаза алады.
|
Термин сөздермен жұмыс:
|
Дамыту (градация)- алдыңғы сөзден соңғы сөздің, алдыңғы ой-пікірден кейінгі лебіздің, әдепкі құбылыстан екінші құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы. Бұл көркемдік тәсіл құрылыс, жүйесі ұқсас бірыңғай сөйлемдердің іріктеліп шығуына, ой-пікірдің өткір, әсерлі айтылуына әрі мағыналық өрістің кеңеюіне кең еріс ашады.
|
Сабақтың қысқаша тезистік конспектісі
|
Ұстаз бен шәкірт – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Жер бетіндегі барлық адамның, мейлі ол хан болсын, батыр немесе ақын болсын, ұстазы болады. Қазақ халқы ұстазды аса қадірлеген. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» немесе «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деген мақалдар осының дәлелі. Ұстаз – алдында отырған оқушыға «терең білім берсем, «Адам» болатын түзу жолды көрсетсем», - деп ойлайды. Шәкірт «ата-анамның, ұстаздарымның үмітін ақтап, елдің болашақ қамқоры - азамат болсам» деп ойлайды.
Мәдениетіміз бен тіліміздің дамуы жолында маңызды орын алатын С.Торайғыров сол замандағы шәкірт ойын аса шеберлікпен жеткізген.
|
Оқу материалдары:
|
Бұл тақырып бойынша нақты ақпаратты сіз мына тапсырмаларды орындау арқылы аласыз:
|
Жауап бер
Өлеңнің тақырыбы мен идеясында не туралы айтылған?
С.Торайғыров өлеңіндегі негізгі тақырып?
Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
|
Зертте
С.Торайғыров өлеңіндегі шәкірт ойы мен өз ойыңды салыстырып жаз. Венн диаграммасын жаса.
Өз ойым
Шәкірт ойы
|
Орында. Шығармашылық жұмыс.
Тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелді толықтыру.
Талаптыға ................
Ер елі үшін ...............
Елі үшін ............
Ел үмітін ер ..........
Ер атағын ел ........
Тіліңмен жүгірме, .....
Оқусыз білім жоқ, .....
Оқу - білім азығы, ..............
Білімдіге дүние жарық, .....
Ақыл азбайды, .............
Қына тасқа бітеді,..........
Білім басы - бейнет, ...
|
Кері байланыс
|
Орындаған тапсырмаңды мұғалімге электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібер.
|