Тақырыбы: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
І. Зейінді күшейту.
1. Сергітудің А жаттығуы.
«Карусель» — участники образуют два круга, внутренний и внешний, и в ходе самопрезентации каждый человек из внешнего круга общается с каждым человеком из внутреннего круга. (Жаңа жылды қалай қарсы алдыңыз қайда өткіздіңіз?)
«Шаттық шеңбері». Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің
мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
Топқа бөлу (жүрек, ай, жұлдыз суреттер бойынша үш топқа бөліну).
2. Сабаққа қатысатын адамдардың психологиялық ахуалын, олардың
мазасыздануының сипаты мен табиғатын анықтау. Тыңдаушылардың
мазасыздығын басуға болатын әдістер мен тәсілдерді іздеу және
шығармашылық жұмыс үшін қажетті атмосфера құру.
Ресурс: «Танысу» сергіту сәтіне арналған жаттығу (Білім беру платформасын
қара). «Танысайық» әдістемелік құралды тарату.
3. Шағын топта жұмыс істеу ережесі. Өзінше конструкциялау. Топта бірлесіп жұмыс жасауды ұйымдастыру.
«Алтын» ереже (үлгі).
* Ойымызды ашық айтамыз.
* Бір - бірімізді тыңдаймыз.
* «Қол көтеру» ережесін қадағалаймыз.
* Бір - бірлеп сөйлейміз.
* Мәселенің мәні бойынша сөйлейміз.
* Бір - бірімізді ұғынуға тырысамыз.
* Өзгелердің сезімін сыйлаймыз.
* Құпиялылықты қадағалаймыз.
* Уақытша шекараны қадағалаймыз.
* Бір - бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т. б.
І І. Ақпарат.
1. Кинометафора. (видеоүзінді қарап) "How will you teach me in the 21st century?"
А. Видеоүзінді жайлы қандай ойда болдыңыздар?
(тыңдаушылар өз пікірлерін білдіреді).
Б. Топтық талқылау.Өзгеріс не үшін керек?
(тыңдаушылар өз пікірлерін білдіреді).
ІІІ. Тәжірибе:
1. Мига шабуыл: Бүгінгі тақырыбымыз: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
Сұрақ: Құрметті әріптестер, топтық жұмысты қалай түсінесіздер?
Осы сұрақты топта талқыланыз және әрбір топтан бір пікірді білдірсеңіздер.
2. Шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтарын түсіндіру және
негіздеу. Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі.
Ресурстар:
Таныстырылым: Ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктегі жұмыс (Білім
беру платформасын қара).
Топтық жұмыс туралы нұсқаулық (Білім беру платформасын қара).
• Топтық жұмысты бақылау және бағалау.
Шағын топтарда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері.
Ресурс:
Топтық жұмыс туралы нұсқаулық (Білім беру платформасын қара).
Бейнежазба: Ауысып отыратын топтар (Білім беру платформасын қара).
Әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту: топтық жұмыс жүргізу (Білім беру
платформасын қара).
• Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
Тыңдаушыларға тренерді таныстыру. Сергіту сәтін орындау.
Ұсынымдар: екі сап құрыңыз, оларды беттестіріп тұрғызыңыз. Әр қайыссы бір бірін мұхият қарап алуға бағыт беріңіз одан жұптар теріс қарап үш зат немесе өздеріні үш нәрселерін өзгертсін белгі бойынша бір – біріне қарама –қарсы қарап жұпқа 20 секундтың ішінде мүмкіндігінше жасырылған немесе өзгеріс кірген үш затты тауып айту керек , сосын қарама-қарсы жаққа кетуді ұсыныңыз.
3. Топта жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру үшін
мұғалімдердің жұп болып жұмыс істеуі. Тиісті нұсқаулық негізінде топтағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында мұғалімдердің пікірлерін талқылау және оларға арналған ұсынымдар бойынша шешім қабылдау.
Қосымша оқу: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Үзіліс 15 мин.
Тақырыбы: Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту
және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен
оқушылардың көзқарастары.
І. Зейінді күшейту. Жоғары белсенділікті талап ететін жаттығу.
1. Сергітудің Б жаттығуы:"Crocodile" (қатысушыларды екі топқа бөлеміз (1,2 сандар арқылы) және парақта жазылған сөздерді топ мүшелері қимыл арқылы табу керек, мысалы: Кинг-конг, Бауырсақ, Сатушы, Ит т.б.
І І. Ақпарат.
1. Диалогқа көмектесу мақсатында бейнежазбаны көрсету:
http://www.youtube.com/watch?v=rvyP-cwpHN8&feature=colike.
Қосымша CISCO таныстырылымын пайдалану ұсынылады.
Ресурс: Таныстырылым: ХХІ ғасыр дағдылары. XXI ғасыр дағдыларының сипаттамалары. (Білім беру платформасын қара).
Стикер, қалам, флипчартқа арналған қағаз.
● Мұғалімдердің көзқарастары: төменде көрсетілген ресурстармен
танысыңыздар.
Ресурстар: Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? (Білім беру платформасын қара).
Бейнежазба: «Оқушы үні» (Білім беру платформасын қара).
● Оқушылардың көзқарасы. Бейнежазбаны қарау.
Ресурстар:
Мінсіз оқушының сипаты (Білім беру платформасын қара).
Әртүрлі бес елдегі мінсіз оқушының сипаттамасы (Білім беру платформасын
қара).
ІІІ. Тәжірибе:
Топтық пікірталас:
● Мұғалімдердің құзыретті мұғалім туралы көзқарасы.Қазақстандық
мұғалімдердің құзыретті мұғалім моделі туралы көзқарасын басқа
елдегі мұғалімдердің пікірімен салыстыру.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
• Бейнежазбалар мен таныстырылымды талқылау үшін ұстаздардың
топтарда бірлесе жұмыс істеуі.
• Әр қатысушы жұптың көргендері мен естігендерінің нәтижесі
бойынша өз сезімдерін сипаттайтын анықтауыштарды айқындауы
және жазуы. Топтағы жұмыстардың қорытындыларын талқылау және
көрсету.
• Қарсы пікір білдіретін әріптестер үшін және ойлану қажеттілігін
дәлелдеу және әріптестердің XXI ғасыр дағдыларына қойылатын
талаптарға қол жеткізу мақсатында оқыту және оқу тәжірибесіне
өзгерістер енгізу үшін постер немесе PowerPoint форматында
таныстырылым әзірлеу.
ІV. Кері байланыс:
Рефлексия «Мен үшін бүгін ... құнды болды, себебі ...» .Өзімнің жеке ойым бойынша ...
А.топтық жұмыс туралы түсінік алдым.
В.топтық жұмысты бұрыннан білемін.
С.мен үшін жаңалық емес
Д.Ештеңеде түсінген жоқпын
2.Сізге коучинг сессияда не кедергі болды?
А.Білімім.
Б. Уақыт.
С.Тілек.
Д.әріптестерім.
3.Коучинг сессияда қыйыншылықтарды жеңуге кім көмек берді?
А.әріптестерім
Б.Коуч.
С.бейне роликтер.
Д.Ешкімде.
|