Сабақтың ортасы
30 мин.
Сергіту сәті.
|
БЖБ.Тапсырма
1. Мәтіндерді мұқият оқып, стильдерін анықтаңыз. Әр стильге тән ерекшеліктерді сөздік қолданыстар арқылы ажыратыңыз.
1-мәтін
Келіннің тапқырлығы
Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай Қасқырбай Қойбай Қубай Субай, Қайрақбай Пышақбай Баубай Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтағансып жүгіріп келіп: «Келін-ау, келін, судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Тез ауылға бар да, хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, қойды адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім. Шүу!», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «Шапқы-ау шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білемеге жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», -депті.
2-мәтін
Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері.
Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді.
Берекелі қазақ жері- ел мерекелі,
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.
Шілдехана бесік той,
Тұсау кесер сүндет той,
Ай, шіркін-ай!
Құда түсіп сырға салу,
Беташарым-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең даланы
Әнімен елтіп тербеткен
Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден
Қыз-балаға жарасады алқа шашбау-сәукеле
Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын,
Ата-баба дәстүріндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін
2. Екі мәтінді қайталап оқыңыз. Түсіп қалған тыныс белгілерін тауып, тиісті орнына қойыңыз. Мәтіндерде кездескен екпін түрлерін анықтаңыз.
|
Оқулықпен жұмыс
Ой қозғау
Грамматика сөйлейді.
|
Сабақтың соңы
Кері байланыс.
|
Сабақта алған әсеріңді төмендегі кестеге сәйкес айтып бер.
Бұрыннан білемін.
Менің ойлағаныма қайшы, кереғар.
Мен үшін жаңа ақпарат.
Келісе алмаймын, білгім келеді.
|
«√» , «-», «+», «?»
|