Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Оңтүстік Қазақстанда киелі жерлер көп. Қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенесі осы аймақта орналасқан. Арыстан баб кесенесі жанында емдік қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. Мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке ретінде санайды. Ал Сайрам ауылындағы Қарашаш ана кесенесі – ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Кесене Қожа Ахмет Ясауидің анасына арнап салынған. Тарихи деректерге жүгінсек, Ясауидің анасы Қарашаштың шын есімі – Айша бибі. Өте білімді әйел болған. Медресе ашып, қыз-келіншектерді жинаған, оларға ілім-білім берген, Құранды араб тілінен түркі тіліне аударған. Жалпы, ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамыды. Қарашаш барлық науқастар мен мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге тырысты. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді, адамдар санасында ол аналықтың биік арманына айналды. Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың мұндай типі кейінгі орта ғасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынды.
Сондай-ақ, Сайрамда Ибраһим ата кесенесі бар. Сайрам ауылының шетінде биік төбеде орналасқан. Ибраһим ата – Қожа Ахмет Ясауидің әкесі, діни көсем әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған. XI ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ал Түркістан қаласындағы 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIX ғасырдың соңына қарай тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастағаны мәлім. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Ясауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы тамыздың 28-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды
Тексерген: ________Н.Койшибекова
«____» ______2018 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |