Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөз тіркестері мен терминология:
Жануарлар әлемі, өсімдіктер, азаюда, пайдасы, қорғау
«ПОПС» формуласы
• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »
|
5 минут
10 минут
5 минут
20 минут
|
Кіріспе бөлім;
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Тренинг арқылы жүзеге асады.
Оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрып, бір-біріне тілектер айту.
Бірін-бірі қолпаштап, қол соғу.
Үй тапсырмасын тексеру
Топта, жұпта бірін-бірі тексеру.
Өткен тақырыптар ережелерін қайталау мақсатында бір-біріне сұрақтар қою.
Тұсаукесер.Қызығушы
лықты ояту.Топқа бөлу
«Миға шабуыл» сұрақтары арқылы қызығушылық ояту.Зымыран сұрақтар.
Топтарға /жұптарға / бөлу.Топ ережесін құру және сақтау.Жетістік критерийлері.
Қызығушылығын ояту кезеңі
Оқушыларға табиғатқа байланысты суреттер таратылады. Суреттің келесі бетінде сұрақтар жазылады. (интербелсенді тақтада көрсетіледі)
Сұрақтар: «Иә, жоқ әдісі»
1. Адам табиғатсыз өмір сүре алады ма?
2. Бұл суреттің бүгінгі сабаққа қатысы бар ма?
3. Осы сурет туралы не айта аласың?
4. «Су- тіршілік көзі» -дейді. Келісесіз бе?
Осы суреттер арқылы жаңа тақырыпқа шығамын.
Оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап, сәттілік тілейді.
«Ой қозғау» әдісі арқылы оқушылар қойылған сауалдарға жауап бере отырып, сабақтың мақсатын анықтайды:
Суреттерде не бейнеленген?
Суреттер арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар?
Суреттегі мәтіндер қандай стильде жазылған?
Ресми ме әлде бейресми стильде ме?
Берілген суреттер біздің сабағымыздың мақсатымен қандай байланысы бар деп ойлайсыз?
Сабақтың мақсаты анықталып, жетістік критерийлері белгіленеді.
«Ойлан-жұптас-бірік» әдісі арқылы оқушылар берілген мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін жұпта талқылайды.
Мәтінмен жұмыс.Адам және табиғат
Мәтінді төрт бөлікке бөледі, әркім жеке-дара оқиды, аударады.Сөздікпен жұмыс жасайды.Жұпта айтады.Топта талқылайды.Мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.Сандарды сөйлетеді
Мәтінмен жұмыс (оқу, аудару, сұрақ-жауап, жоспар құрастыру)
Табиғат -менің өз үйім, табиғат пен адам бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Табиғаттағы барлық өзгерістер адам үшін үлкен жаңалық. Адам табиғат құпияларын әлі зерттеп болған жоқ. Табиғатта керек емес нәрсе болмайды, барлығы да бір - біріне қажет, әрі керек нәрсе. Сондықтан адам табиғаттсыз күн көре алмайды. Табиғатты қорғау керек .
.Сөзжұмбақ шешу. Адасқан әріптерді орнына қою арқылы құс атауларын табу
ӨРШНІЕКГ- көгершін
ҚТЫОДЛҚА-тоқылдақ
ЙАТОРҒ-торғай
УТАЫҚРКЕҮК-күркетауық
УҚАҚ-аққу
.Оқылым алдындағы тапсырма
1-тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сауалдар қойылады:
Адамзат табиғатқа қандай зиянын тигізеді?
Жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғай аламыз?
Оқылым тапсырмасы
2-тапсырма. Оқушыларға екі түрлі мәтін ұсынылады. Мәтіндердің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады. Әр мәтіннің ақпаратты берудегі стильдік ерекшелігін тану жұмыстарын жүргізеді.
А мәтіні
«Табиғатты қорғайық!»
Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы бола алатындығын ұмытпағаны абзал. Адамзат жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіруді тоқтатуымыз қажет. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Жануарларға қиянат жасауға жол жоқ!
|
Ә мәтіні
«Айболит» – қамқор дәрігер
Сіздің сүйікті жануарыңыз ауруға шалдықты ма? Сіз ем таба алмай шарқ ұрып жүрсіз бе? Онда сізге көмекке тек қайырымды дәрігер Айболит қана келе алады. Егер сіз Айболит дәрігерге келсеңіз айықпас аурудан айықтырып, деніне саулық сыйлап, дертіне шипа табады. Дертін жылдам анықтап, табиғи шөптермен лезде емдеп береді. Аң атаулы үшін дәрігер Айболиттен артық дәрігерді алты қабат аспанның ар жағынан да таба алмассыз. Сіз әлі де ойланып тұрсыз ба? Уақытты жоғалтпай Айболит дәрігерге келіңіз, сүйікті жануарыңызды ауруынан айықтырыңыз, екінші өмір сыйлаңыз.
|
А мәтіні
|
Ұқсастықтары
|
Ә мәтіні
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мына етістіктермен жұмыс жасаңдар.
-Жасалу, пайдалану,сақтау,қорғау.
А)Етістіктерден бұйрық рай формасын жаса.
В) Бұйрық рай етістікпен сөйлем құра.
С) Бұйрық райлы етістіктерді қолдана отырып,
бүгінігі тақырып бойынша ұран жаз.
Бұйрық райдың жасалу жолы туралы үлгі оқушылардың алдында жатады.
Жекеше көпше
I Мен -айын,- ейін. -айық, -ейік.
II Сен ---- -ыңдар, -іңдер.
Сіз -ыңыз, - іңіз. -ыңыздар,- іңіздер.
III Ол -сын, -сін. -сын, -сін.
«Вендиаграмма » әдісі арқылы екі мәтін ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ажыратады.
Бағалау критерийлері:
мәтіннің мазмұнын түсінеді;
мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтайды;
жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.
жанрлық ұқсастықтарын ажыратады.
үндеу хат пен жарнамаға салыстырмалы талдау жасайды.
Сағат тілінің бағытымен бір-бірінің жұмыстарымен танысады. Астына қосатын, алатын ұсыныстарын жазып кетеді. Әр топтың пікірлерін ескере отырып, жинақтап, мәтіндердің түрлі жанрларда жазылатындығына және олардың стильдік ерешеліктеріне көз жеткізеді.
|
|