Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Квадраттың анықтамасын және қасиеттерін білу. Тіктөртбұрыш пен квадраттың, ромб пен квадраттың ортақ қасиеттерін және айырмашылығын білу, қасиеттерін есеп шығару барысында қолдана білу.
Дамытушылық: Оқушыларды сызбамен жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау
3. Жаңа сабақ түсіндіру
4. Бекіту, есептер шығару
5. Қорытындылау, бағалау
6. Үйге тапсырма
2. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау
Интерактивті тақтадан дайын сызбалар бойынша есептер шығару.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Анықтама:
Барлық қабырғалары тең тік ромб квадрат деп аталады.
Бұдан тіктөртбұрыш пен ромбының барлық қасиеттері квадрат үшін орындалады.
Оқушылардан сұраймын.
Квадраттың диагональдары тең болады
Квадраттың диагональдары қиылысу нүктсінде тең екіге бөлінеді.
Квадраттың диагональдары тік бұрыш жасап қиылысады.
Квадратты диагональдары оның бұрыштарының биссектрисалары болады.
Квадраттың периметрі: Р=4а
№52 ауызша, №53 ауызша
В С
№54.
Берілгені: АВСD ромб
АС=ВD
Дәлелдеу керек: АВСD квадрат
А D
Дәлелдеуі: <А=<В=900 екенін дәлелдеу керек. АВСD ромб болғандықтан ВDАС, ВО=ОD, ОА=ОС, ал шарт бойынша АС=ВD ендеше ВО=АО, демек ΔАОВ- тең бүйірлі тік бұрышты үшбұрыш, онда <ВАО=<АВО=450
Ал, <ВАD=2<ВАО=900
<АВС=2<АВО=900 дәлелденді
№56. Егер квадраттың қабырғасы 4,5 см-ге ұзарса, онда берілген квадраттың периметрі қалай өзгереді?
Шешуі: Берілген квадраттың қабырғасы а десек
Р=4а а1=а+4,5
Р1=4а1
Р1=4(а+4,5) =4а+18=Р+18
Р1=Р+18
Жауабы: 18 см ұзарады
4) 2 есе қысқарса ше
Р=4а а1=а
Р1=4а1=4∙а=∙4а=Р
Р1=Р
Жауабы: периметрі екі есе қысқарады.
Қосымша есептер
Дайын сызбадан көрсетіледі.
1.
|
|
Берілгені: АВСD-квадрат
ВВ1 =СС1=DD1=АА1
Дәлелдеу керек: А1B1C1D1-квадрат
екенін
|
2.
|
|
Берілгені: АВСD-квадрат
Дәлелдеу керек: - ромб екенін
|
3.
|
|
Берілгені: АВСD-квадрат
ВВ1=ВА1=D1C1=DD1
Дәлелдеу керек:
тіктөртбұрыш
|
Достарыңызбен бөлісу: |