Өткізілетін мерзімі: Тексерген: Базылбаева Э.Е
Сынып:8 Сабақ № 1
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Үшбұрыштар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыштардың қасиеттерін қолданып есептер шығару Дамытушық: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Қайталау, іздену сабағы
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Формулаларды қайталау, қарапайым есептер қарастыру.
Анықтамалары мен ережелерін сұрау.
Үйге тапсырма беру: Шеңбер
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
Сұрақтарға оқушылар жауап береді:
Үшбұрыштардың түрлері
Элементтері
Биссектриса, медиана, биіктік. Анықтама беру
Бұрыштардың түрлері (сүйір, доғал, тік, вертикаль, сыбайлас, ішкі, сыртқы ...)
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы
Үшбұрыш теңсіздігі
Үшбұрыштың теңдігінің белгілері
Есептер шығару кезеңі: Дидактикалық материалдарды қолданып, үшбұрыштар тақырыбына есептер шығару
Үйге тапсырма беру: Шеңбер
Қорытындылау, бағалау
Өткізілетін мерзімі: Тексерген: Базылбаева Э.Е
Сынып:8 Сабақ № 2
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Сәуле, бұрыш.
Сабақ мақсаттары:
Сәулені, бұрыштың өлшем бірлігімен, бұрышты өлшейтін аспаппен және оны қолдану алгоритмімен таныстыру.
Бұрыштарды өлшеу машықтарын қалыптастыру.
Коммуникативтік машықтарды қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: транспортир, бұрыштар жиынтықтары, қызыл және көк тікбұрыштар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Ауызша жұмыс.
А) Сағат тілдері жасайтын бұрыштардың түрлері қандай, олар неге тең?
Б) 3 кесінді салынған: АД, СО и ML.
Мұғалім: Қай кесінді үлкен? Оны қалай тексеруге болады? Қандай аспап қолданамыз?
В) Тақтада 3 бұрыш салынған:
Мұғалім: Қай бұрыш үлкен?
Оны қалай дәлелдеуге болады?
Оқушылардың алдында бұрыштарды қалай өлшеу керек деген проблема тұрады.
Мұғалім транспортир туралы түсіндіреді.
3. Жаңа ұғымдар енгізу: транспортир, градус.
Үйден оқушылар жазыңқы, тік, сүйір және доғал бұрыштардың суреттерін салып келген.
Жазыңқы бұрышта қанша градус бар?
Жазыңқы бұрышта қанша тік бұрыш бар?
Тік бұрышта қанша градус болады?
Тақтада сүйір және доғал бұрыштар салынған. Оқушыларға бұрыштар жиынтығы таратылады.
Бұрыштарды өлшеу алгоритмін енгіземіз (а суреті).
Транспортирді центрі бұрыштың төбесі О нүктесімен сәйкес келетіндей етіп қоямыз.
ОВ сәулесі нольдік белгіден (санақ басынан) өтеді.
ОА сәулесі 600 белгісінен өтіп тұр.
Бұрыш АОВ=600.
СОД бұрышын бір оқушы тақтада өлшейді.
4. Бекіту.
Жұптық жұмыс.
Тесттер тарату.
3) Өлшеу нәтижелерін салыстыру.
5. Сабақты қорытындылау.
Жұмыс барысында оқушыға көмек керек болса, қызыл тікбұрыштығ егер тапсырманы орындап болсағ кқк тікбұрышты көтереді.
6. Үй тапсырмасы
Кез-келген АВС үшбұрышын салып, Барлық бұрыштарының шамасын өлшеңдер.
Өткізілетін мерзімі: Тексерген: Базылбаева Э.Е
Сынып:8 Сабақ № 3
Бастапқы бақылау жұмысы
Мақсаты: 7 сыныпта өтілген: түзулердің параллельдік белгілері, тең бүйірлі үшбұрыштардың қасиеттері, тік бұрышты үшбұрыштың қасиеттері, шеңбер тақырыптары бойынша білім, білік деңгейін анықтау
1 нұсқа 2 нұсқа
1.Екі параллель түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған 8 бұрыштың әрқайсысының шамасын табыңдар, егер: а)сәйкес екі бұрыштың қосындысы 260° болса; ә)ішкі тұстас бұрыштардың қатынасы 7:11 болса; б) ішкі айқыш бұрыштардың қосындысы 230° болса.
|
1. Екі параллель түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған 8 бұрыштың әрқайсысының шамасын табыңдар, егер: а)сәйкес екі бұрыштың қосындысы 240° болса; ә)ішкі тұстас бұрыштардың біреуі екіншісінен 20° кіші болса; б) ішкі айқыш бұрыштардың қосындысы 250° болса.
|
2.Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 8 см. Табанындағы бұрышынан медианасын жүргізгеннен пайда болған үшбұрыштардың периметрлерінің бірі екіншісінен 2 см артық. Үшбұрыштың бүйір қабырғасының ұзындығын табыңдар.
|
2. Үшбұрыштың периметрі 24 см. Үшбұрыштың биіктігі оны периметрлері 14 см және 18 см болатын екі үшбұрышқа бөледі. Осы үшбұрыштың биіктігін табыңдар.
|
3.Тік бұрышты үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының біреуі 130°. Оның сүйір бұрыштарын табыңдар.
|
3.АВС үшбұрышында ∠С=40°, В төбесіндегі сыртқы бұрышы 70°. Оның барлық ішкі бұрыштарын анықтаңдар.
|
4.Шеңбердің бір нүктесінен өзара перпендикуляр екі хорда жүргізілген. Бұл хордалардың центрге дейінгі қашықтығы 6 см және 10 см. Хордалардың ұзындықтарын табыңдар.
|
4. Шеңберде өзара перпендикуляр екі хорда жүргізілген.Әр хорданың ұзындығы 6 см. Әрбір хорданың центрден қашықтығы 1 см. Бұл хордалар бірін-бірі қандай кесінділерге бөледі?
|
Сабақты қорытындылау
Үй жұмысы
Өткізілетін мерзімі: Тексерген: Базылбаева Э.Е
Сынып:8 Сабақ № 4
Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімдерін коррекциялау.
Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: қатемен жұмыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Бақылау жұмысыда жіберілген қателермен жұмыс жасау
Бер: АВС-үшбұрышы
АВ=ВС, ВС-табан, АД-медиана
РАВС=24см, РАВД=18см
АД-?
Шешуі: АД-медиана болғандықтан:
ВД=ДС=
24=36-2АД
2АД=12
АД=6 Жауабы:6см
|
Бер: АВС-үшбұрышы
АВ=ВС, ВС-табан, АД-медиана
РАВС=18см, РАВД=13см
АД-?
Шешуі: АД-медиана болғандықтан:
ВД=ДС=
18=26-2АД
2АД=8
АД=4 Жауабы:4см
|
Шешуі: 300-қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең болғандықтан: с+, 2с+с=36, 3с=36, с=12 жауабы: 12см
|
Шешуі: 300-қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең болғандықтан: с+, 2с+с=30, 3с=30, с=10 жауабы: 10см
|
Шешуі: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең болғандықтан: х+х+20+х-20=180
3х=180
х=60 жауабы: 400; 600;800
|
Шешуі: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең болғандықтан: х+х+25+х-25=180
3х=180
х=60 жауабы: 350; 600;850
|
Шешуі: Ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 1800 болғандықтан:
х+3х=180
4х=180
х=45 Жауабы: 450;1350
|
Шешуі: Ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 1800 болғандықтан:
х+2х=180
3х=180
х=60 Жауабы: 600;1200
|
Шешуі: R1=30
R1+R2=50
R2=50-R1
R2=20 Жауабы: 20см
|
Шешуі: R1=25
R1+R2=60
R2=60-R1
R2=35 Жауабы: 35см
|
Үйге тапсырма: Қайталау, §§2,3 Қорытындылау, бағалау
Өткізілетін мерзімі: Тексерген: Базылбаева Э.Е
Сынып:8 Сабақ № 5
Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштың анықтамасы. Дөңес төртбұрыштар. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
Достарыңызбен бөлісу: |