Үйге тапсырма: жалпы шолу
Қорытындылау
Бағалау: Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Өткізілетін мерзімі: Тексерген: Базылбаева Э.Е
Сынып:8 Сабақ № 18
Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб және квадрат тақырыптарынан өткен материалдарды қорытындылауға және шығармашылық түрде бір жүйеге келтіруге жағдай жасау
Сабақтың міндеттері:
Параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб және квадрат тақырыптары бойынша білім мен біліктерін бекіту және бақылау;
Есептер шығара білу қабілетерін жетілдіру;
Проблемаларды анықтау және оның шешілу жолдарын таба білу, мақсатқа жете білу.
Тақырыпты тереңірек меңгеруге бағыт беру.
Ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізуге, ой-пікірімен бөлісе білуге, шығармашылыққа ұмтылдыру.
Көрнекіліктер және оқу әдістемелік жабдық:
өзіндік жұмыс тапсырмалары;
жеке жұмыс тапсырмалары;
Қолданылған модульдер:
Білім берудегі жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау, сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)
2. Оқушылардың төртбұрыштар туралы постерлері (10 минут)
3. Есептер шығару және қорғау (15 минут)
4. Оқушылардың тесттік жұмысы (5 минут) .
5. Семантикалық карта (5 минут)
6.Рефлексия. сабақтың қорытындысы (4 минут)
7. Үйге тапсырма. Бағалау. (3 минут)
Сабақтың өту барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар үш топқа бөлінеді төртбұрыштар түрлері бойынша–ромб, квадрат және параллелограмм. Топтардың жұмыс істеу ережесі құрылады, топ мүшелері өздерінің атқаратын міндеттерін бөліп алады. Әр топ жеке жеке отырады, столда әр топқа тапсырмалар берілген. Топ басшылары жұмысты ұйымдастырып, тапсырмаларды бөліп және жинап отырады.
«Математика пәнінің маңыздылығы соншалық, сондықтан да оны қызықты өткізуге мүмкіндік жібермеу керек» Паскаль.
Бүгін сабақта біз «Төртбұрыштар» бойынша алған білімдерінді тек пысықтап және тексеріп қана қоймаймыз, сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс жасаймыз. Алдымен мына қызықты фигура өздерін білетін фигуралардан құрастырылған қыз суреті бейнеленген. Осыдан өздерін білетін фигураларды анықтап, таныған фигураларды атап шығындар. Сендер біз өткен төртбұрыштардың барлық түрлерін таныдыңдар.
Миға шабуыл. (мотивация)
II. Өз постерлерін қорғау (Венн диаграммасы)
І топ: тіктөртбұрыш пен параллелограмм
ІІ топ: тіктөртбұрыш пен ромб
ІІІ топ: тіктөртбұрыш пен квадрат
Қазір біз алған білімдерінді пысықтау үшін және есептер щығаруға, өзіндік жұмысын орындауға дайындалу үшін өткен тақырыптарды қайталап, не білетінімізді еске түсірейік.Төртбұрыштар туралы дайындап келген презентацияларын қорғауға дайындалған оқушыларды шақырамын. Жеке – жеке презентацияларын қорғайды.
Қорытындылау:жұптық жұмыс сосын топтық талқылауға салып, төртбұрыштардың ортақ және өзіне тән қасиеттерін анықтап, кесте толтыру. (формативті бағалау)
III. Есептер шығару. Сендер өз білімдерінді теория арқылы және шығармашылық түрде көрсете алдыңдар енді практикалық түрде, есептер шығара білуде өз білім деңгейлерінді көрсетіп, дәлелдеңдер. Әр топқа берілген есептерді ақылдасып шығарып әр топтан бір оқушы шығып түсіндіреді.
10 мин уақыт беріледі. Іске сәттілік тілеймін.
А деңгейі:
АВСД параллелограмының ВАС бұрышы 40 о, САД бұрышы 20 о-қа тең. Параллелограмм бұрыштарын табыңдар.
Ромбының ВАД бұрышы 10 о-қа тең. АОД үшбұрышының бұрыштарын табыңдар.
В деңгейі:
Параллелограммның қабырғаларының қатынасы 1:2 қатынасындай, периметрі 24 см. Параллелограмм қабырғаларын табыңдар.
С деңгейі:
Параллелограммның АВ=АД. Периметрі 24 см. Параллелограмм қабырғаларын табыңдар.
IV. Оқушылардың тесттік жұмысы.
Біз толық қайталадық, енді жеке тапсырмаға көшеміз, әр оқушыға жеке тапсырмаларды топ басшысы таратып береді, 5 минутта орындап, жауаптарынды жауап парағына толтырамыз, сосын бір біріндікін ауыстырып, тексеріп, бағалаймыз. (формативті бағалау). Қорытындысын кішкене талдау.
Оқушылар топ басшысының басшылығымен тапсырмаларды орындайды да шешуін постерге жазады.Әр топ талқылап,сосын біреу шығып қорғайды. Топтарға тапсырмалардың нұсқалары қосымшада
V. Семантикалық карта (үшке оқитын оқушылар)
Шығармашылық тапсырма (4 пен 5-ке оқитын оқушылар)
І. Ромбының әрбір қабырғасын тең үш бөлікке бөліп сол нүктелер арқылы ромб қабырғасына параллель түзулер жүргізіңдер. Қанша ромб пайда болды?
ІІ. Параллелограмм берілген. Қарама қарсы қабырғаларының ортасын кесінділермен қос. Қанша параллелограмм пайда болды?
ІІІ. Квадраттың қарама қарсы төбелерін қосқанда неше үшбұрыш пайда болады?
VI. Рефлексия және сабақтың қорытындысы
Міне сабағымыз аяқталуға жақындады. Сендер бұл сабаққа жақсы дайындалыпсындар, өз білімдерінді көрсеттіндер және шығармашылықпен жұмыс жасадыңдар. Ал енді мен сендердің бүгінгі сабақ туралы пікірлерінді білгім келеді. Мына сұрақтарға жауап беріңдер.
Сендерге сабақ ұнадыма?
Қандай қиыншылықтар болды?
VII. Үйге тапсырма: б.ж.дайындық Бағалау
Өткізілетін мерзімі: Тексерген: Базылбаева Э.Е
Сынып:8 Сабақ № 19
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың және трапецияның орта сызықтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Трапецияның орта сызығы және оның қасиеттерімен танысу
Дамытушық: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Үй жұмысын тексеру /тақтамен жұмыс/
Оқушылардың сұрақтарына жауап беру
Жаңа тақырып беру
Практикалық бекіту
Үйге тапсырма: §2 /оқу/, №98,99
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
Жаңа тақырып беру:
Анықтама. Трапецияның бүйір қабырғаларының ортасын қосатын кесіндіні трапецияның орта сызығы деп атайды.
12теорема: Трапецияның орта сызығы табандарына параллель және табандарының қосындысының жартысына тең.
1-мысал. Диагоналі бүйір қабырғасына перпендикуляр және табанымен 20градус бұрыш жасайтын теңбүйірлі трапецияның бұрыштарын табайық.
Шешуі: АВСД теңбүйірлі трапециясын салайық. Теңбүйірлі трапецияның табанындағы бұрыштары тең екені белгілі. Бұрыш ВАД =бұрышСДА, бАВС=бДСВ, АС перпендикляр СД, БұрышАСВ=20гр, демек, праллель түзулер мен қиюшының қасиеті бойынша бұрыш САД=20.
Тақтадағы суреттен бВСД=бВСА+бАСД=20+90=110. Ал үшбұрыш СДА-дан бАВС=180-(90+20)=70. Сонымен біз трапецияның ВС табанындағы бұрышы 110, ал АД табанындағы бұрышы 70 болатынын таптық.
Практикалық кезең: №№91, 93, 94, 95
Үйге тапсырма: §2 /оқу/, есеп №№98,99
Қорытындылау, бағалау
Өткізілетін мерзімі: Тексерген: Базылбаева Э.Е
Сынып:8 Сабақ № 20
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың және трапецияның орта сызықтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыштың орта сызығы және оның қасиеттерімен, үшбұрыштың ауырлық центрімен танысу
Дамытушық: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Үй жұмысын тексеру /тақтамен жұмыс/
Оқушылардың сұрақтарына жауап беру
Жаңа тақырып беру
Практикалық бекіту
Үйге тапсырма: §6 /оқу/, №79, 81
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
Жаңа тақырып беру:
Анықтама. Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын кесіндіні
үшбұрыштың орта сызығы деп атайды.
теорема: Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын орта сызық үшінші қабырғаға параллель және оның жартысына тең болады.
Үшбұрыштың төбесін сол төбеге қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді м е д и а н а деп аталады.
11-теорема: Үшбұрыштың үш медианасы бір нүктеде қиылысады және ол нүкте әрбір медиананы оның табанынан бастап есептегенде 1/3 бөлікке бөледі.
Ескерту: Үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесін оның ауырлқ центрі деп атайды.
Практикалық кезең: №№77, 78, 79, 80,81
Үйге тапсырма: §2 /оқу/, есеп №№83
Қорытындылау, бағалау
Өткізілетін мерзімі: Тексерген: Базылбаева Э.Е
Сынып:8 Сабақ № 21
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың тамаша нүктелері
Сабақтың мақсаты: Үшбұрыштың тамаша нүктелері деген не, олар қалай аталады деген сұрақтарға жауап алу. Олардың ортақ қасиеттері мен айырмашылығын білуге үйрету. Үшбұрыштың тамаша нүктелерін пайдаланып есептер шығаруға дағдыландыру. Сызбаларды дәл, нақты, анық етіп салуға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, дайын сызбалар, сызғыш, бұрыштық сызғыш, т.б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
1. Үшбұрыштың биссектрисасы.
Анықтама. Үшбұрыш бұрышының биссектрисасының қарсы қабырғаға дейінгі кесіндісі үшбұрыштың биссектрисасы деп аталады.
Үшбұрыштың үш биссектрисасы бар
13-Теорема. Биссектрисасының кез келген нүктесі бұрыш қабырғаларынан бірдей қашықтықта жатады.
Берілгені: биссектриса
Дәлелдеу керек:
Дәлелдеу: , түсіреміз
тік бұрышты үшбұрыштар. өйткені -ортақ . Сондықтан , теорема дәлелденді.
13-теоремаға кері 14-теореманы өз беттеріңше құрып дәлелдеңдер.
15 – теорема. Үшбұрыштың биссектрисалары бір нүктеде қиылысады.
Берілгені:
биссектрисалар
Дәлелдеу керек: бір нүктеде қиылысатынын.
Дәлелдеу: -да және биссектрисаларын жүргізейік
О нүктесінен перпендикулярларын жүргізейік. 13-14 теоремалар бойынша . Сондықтан , яғни О нүктесі үшбұрышының қабырғаларынан бірдей қашықтықта жатыр, демек ол биссектриса бойында жатыр. Олай болса, биссектрисалары бір О нүктесінде қиылысады. Үшбұрыш биссектрисаларының қиылысу нүктесі үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі болатыны 7 сыныптан белгілі.
Үшбұрыш қабырғаларына жүргізілген орта перпендикулярлар.
Анықтама. Кесіндінің ортасы арқылы оған перпендикуляр өтетін түзуді кесіндіге орта перпендикуляр түзу дейміз.
Теорема 16. Кесіндіге орта перпендикулярдың кез келген нүктесі осы кесіндінің ұштарынан бірдей қашықтықта жатады.
Берілгені: кесіндісі
, түзуі
Дәлелдеу керек:
Дәлелдеу: Егер мен О беттессе, онда бұл теңдік дұрыс. қарастырамыз. Бұл тік бұрышты үшбұрыштар. ортақ болғандықтан , бұдан .
18-теорема. Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген орта перпендикулярлар бір нүктеде қиылысады.
Берілгені:
- ге түсірілген орта перпендикулярлар
Дәлелдеу керек: Орта перпендикулярлар бір нүктеде қиылысады
Дәлелдеу: АВ қабырғасына орта перпендикулярлар , ға түсіреміз . нүктесінде қиылысып, 16 және 17 теоремаларға сәйкес болғандықтан , бұдан . Ендеше үш перпендикулярлар О нүктесінде қиылысады.
Үшбұрыштың биіктіктері.
19-теорема. Кез келген үшбұрыштың биіктіктері бір нүктедеқиылысады.
Берілгені:
биіктіктер
Дәлелдеу керек: Осы биіктіктер бір нүктеде қиылысады.
Дәлелдеу: төбелері арқылы жүргіземіз, шығады. Салу бойынша , сондықтан , (ішкі айқыш бұрыштар), бұдан . Осы сияқты ендеше -ның биіктігі кесіндісінің орта перпендикулярында жатады. Сол сияқты биіктіктері де қабырғаларының орта перпендикулярында жатады. 18 теорема бойынша биіктіктері О нүктесінде қиылысады.
Сонымен әрбір үшбұрышпен төрт нүкте байланысты болып шықты.
үш медиана бір нүктеде қиылысады, екі нүкте үшбұрыштың ауырлық центрі болады;
үш биссектриса бір нүктеде қиылысады, ол нүкте іштей сызылған шеңбердің центрі болады;
үш биіктік (немесе олардың созындылары) бір нүктеде қиылысады, ол нүкте үшбұрыштың ортацентрі деп аталады.
Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген үш орта перпендикулярлар бір нүктеде қиылысады, ол нүкте сырттай сызылған шеңбердің центрі болады.
Бұл нүктелер үшбұрыштың тамаша нүктелері деп аталады.
1-ші сабақта
Сыныпта: 13, 15 теореманы қарастыру, №103, 107 есептер
Үйге: §7 13, 15 теорема, 14 теореманы дәлелдеу
2-ші сабақта
Сыныпта: 16, 18 теоремалар, 1-мысалды қарастыру, № 104 есеп
Үйге: 17 теореманы дәлелдеу, № 16 есеп
3-ші сабақта
Сыныпта: 19 теореманы қарастыру, 2-мысалды қарастыру, № 105, 113
Үйге: № 101
Сабақты қорытындылау.
Өткізілетін мерзімі: Тексерген: Базылбаева Э.Е
Сынып:8 Сабақ № 22
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың тамаша нүктелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыштың тамаша нүктелерін, олардың қалай аталатынын, ортақ қасиеттерін және айырмашылығын білу
Дамытушық: алған білімдерін практикада ұтымды қолдана білу қабілеттерін дамыту
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Өткенді қайталау
Жаңа тақырып беру
Практикалық бекіту
Үйге тапсырма беру
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы: Қысқаша қайталау.
Үшбұрыш /ан-ма/
Төртбұрыштар: қалай ажыратылады?
Тіктөртбұрыштың диагональдары тең болады.
Егер параллелограммның диагональдары тең болса, онда ол тіктөртбұрыш болады.
Жаңа тақырып беру
Үшбұрыштың биссектрисалары
Үшбұрыш бұрышының биссектрисасының қарсы қабырғаға дейінгі кесіндісі үшбұрыштың биссектрисасы деп аталады.
Үшбұрыштың үш биссектрисасы бар.
Теорема: Биссектрисаның кез-келген нүктесі бұрыш қабырғаларынан бірдей қашықтыта жатады.
Теорема: Үшбұрыштыңбиссектрисалары бір нүктеде қиылысады.
Үйге тапсырма:
Теоремаларды дәлелдеу.
Қорытындылау
Бағалау: Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Өткізілетін мерзімі: Тексерген: Базылбаева Э.Е
Сынып:8 Сабақ № 23
Сабақтың тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін, котангенсін анықтау, мәндерін табуды және берілген мәндері бойынша тік бұрышты үшбұрышты салуды үйрету.
Дамытушылық: Тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштарын, қабырғаларын есептеуге арналған анықтамалар, формулаларды есептер шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, өз бетінше еңбек етуге тәрбиелеу
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі: Сызбалар, карточкалар, слайд, интерактивті тақта, сызғыш
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақты баяндау
Достарыңызбен бөлісу: |