Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты



бет31/32
Дата06.12.2016
өлшемі4,75 Mb.
#3308
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Үйге тапсырма беру: Табиғат көрінісін бейнеле.
Сабақ: №33

Сабақтың тақырыбы:

Табиғаттың жеке бөлшектерін салу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға табиғат көріністері жайлы мағлұмат беру,

суретшілердің табиғат көріністері бейнеленген

шығармаларының мазмұнын ашу, талдау, теориялық

білімін практикамен ұштастыру.

ә) Дамытушылық: Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,

өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге

дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға

үйрету.
б) Тәрбиелілік: Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты

тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек



етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, табиғат көріністері бейнеленген шығармалар, фотосуреттер, дидактикалық материалдар және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Табиғатта зат неғұрлым қашық болса, ауа кеңістігі соғұрлым әсер етеді. Жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығармаларды талдау жасауға үйрену керек. Картинада қай аймақтың табиғат көрінісі бейнеленген және жылдың қай мезгілін бейнелеп көрсеткен? Осы мәселелерге айрықша назар аудару керек. Табиғат көрінісін бейнелеуде оқушылар жарық күшінің өзгеруін бақылай алады, яғни табиғат бояуларының түстік және реңдік қатынасының ашық немесе солғын болуын байқайды. Таңертеңгі немесе кешкі мерзімде бейнеленген табиғат көрінісінен гөрі тал түсте орындалған көркем шығарманың түстік реңі ашық болады. Ал бұлтты күні бейнеленген көркем шығармада түстік рең солғын болады. Себебі күн көзінен сәуле, яғни жарық ашық, айқын түспейді. Сондықтан табиғат көрінісін бейнелегенде ауа райының өзгеруіне байланысты жарық күйлерінің сипатын сақтай білу керек. Оқушыларды мүмкіндігінше табиғат аясында сурет салуға баулу қажет. Сонда олар табиғатпен, қоршаған ортамен тікелей араласады, белгілі әсер алу арқылы дағды қалыптастырады.

Жалпы табиғат көрінісін бейнелеуде ең алдымен түстік бояу үндестігін анықтамас бұрын, реңдік қатынастарды анықтау қерек. Мысалы, аспан жерге қарағанда жарықтау, тау бөктерін қарағанда басқа жер жарығырақ болып көрінеді. Өйткені күн көзінің сәулесі тау бөктеріне қарағанда басқа жерге тура, тіке түседі. Енді табиғат жыршысы И. Левитанның «Көктем» шығармасына бір сәт көз тастап көрейікші. Онда жерге қарағанда су қараңғылау. Ал жерге қарағанда аспан ашықтау. Сондықтан табиғат көрінісін бейнелеуде салыстырмалы түрде бейнелеуге дағдыны қалыптастырған жөн. Оқушыларға табиғат көрінісін тұтас бейнелеуді үйреткенде оларды оның жеке бөлшектерінен қысқа мерзімді жұмыс жасауға жаттықтыру керек. Мысалы, аспан мен жер, жер мен су, тау мен жер, аспан мен тау, т. б. Табиғаттың жеке бөлшектерін салып үйрену арқылы табиғат көрінісін тұтастай бейнелеуге дағдыланады. Әр түрлі сипаттағы табиғат бөлшектерін салмас бұрын, оларды бүтін зат ретінде көріп тану керек. Табиғат көрінісін бакылап, оның ішінен ең басты көріністі таба білу алғашқы ықпал болып табылады. Табиғат көрінісін бейнелеуде алғашқы әсерді есте сақтап, дәл көрсету-оқушы үшін табылмайтын асыл қасиет. Табиғаттың әуенін іздеуде көптеген суретшілер табиғат аясында жүріп сурет салуды ұнатады. Ол - барлық суретшілерге тән нәрсе. «Табиғат пен адам егіз ұғым» деген пікірді ұлы суретші Леонардо да Винчи айрықша атаған. Суретшілерді дарынды, жеке-дара етіп тәрбиелейтін күштің бірі - туған табиғаты. Сондықтан табиғат көрінісін бейнелеуге үйрену арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады. Табиғат көрінісін бейнелеу арқылы табиғи бояу түстерін анық біле аламыз. Әсіресе атқан таң, қызарып батқан күн адам баласына айрықша әсер етеді. Осындай сәттерді оқушыларға бейнелеуге тапсыру арқылы оларды табиғатты жете бақылауға баулуға болады. Табиғат көрінісін айнытпай бейнелеуде оқушылар өздерінің қабылдау сезімдерін ашуға тырысады. Ойланып көріп, бақылап сурет салуға жақсы дағдыланады. Сондықтан оқушыларға табиғатта серуендеуді ұйымдастыра отырып, оларды сурет салуға үйретудің маңызы зор демекпіз.


Каталог: uploads -> doc -> 03e2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03e2 -> Сабақ жоспары: Халық болып қалыптасу үдерісі. «Қазақ» атауы. Қазақ жүздерінің шығуы
03e2 -> Сабақ жоспары Сынып: 4 Пәні: Ана тілі
03e2 -> Сабақтың түрі : баяндама Сабақтың барысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет