Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты



бет25/32
Дата06.12.2016
өлшемі4,75 Mb.
#3308
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Үйге тапсырма беру: Дизайн өнеріне байланысты үйлесімдік заңдылықтарын меңгер және жобалық суретін сал.

Сабақ: №29

Сабақтың тақырыбы:

Перспектива заңдылықтары.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды перспектива туралы мәліметтермен

толығырақ таныстыра отырып, олардың қандай түрге

бөлінетінін түсіндіру, перспектива заңдылықтарын сақтай

отырып, сурет салуға үйрету, ұқыптылыққа баулу.
ә) Дамытушылық: Оқушыларды өз беттерімен ізденуге, шығармашылықпен

жұмыс істеуге, біліктілік дағдыларын, танымдық

қызығушылықтарын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,

жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық

талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,

әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Перспектива латынның "регsрісіо" деген сөзінен шыққан. Яғни арғы-бергі жақты айқын көру деген ұғымды білдіреді. Перспектива заңдылығын зерттеуге кезінде неміс суретшісі Альберхт Дюрер үлкен үлес қосқан. Перспектива сызықтық және ауалық деп бөлінеді. Мысалы, поезд рельстері бізден ұзаққа барып, көкжиекте бір нүктеге түйіседі. Сызықтық перспективаның заңдылықтары. Белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады. Параллель сызықтардың қосу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады. Көкжиек сызығына жуықтаған сайын параллель сызықтардың ара қашықтығы бір-біріне жақындай түседі. Көрушіден алыстаған сайын тіке сызықтардың ара қашықтық өлшемдері кішірейе түседі. Мысалы, телеграф бағаналарының көкжиек сызығынан төмен орналасқан сызықтары төменнен жоғары қарай бағытталса, көкжиек сызығынан жоғары орналасқан сызықтар жоғарыдан төмен қарай бағытталады, бәрі көкжиек сызығында түйіседі.

Сызықтық перспективаны бейнелеу ережесі.

Бақылаушыдан алыстан тұрған заттардың өлшемдері әрдайым кіші болып бейнеленеді. Табиғаттың көкжиек сызығы қағаз бетінде көкжиек сызығына параллель болып бейнеленеді. Конус, цилиндр формасы, геометриялық заттар бойындағы шеңберлер перспектива заңдылығы бойынша овал болып бейнеленеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет