Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты



бет2/32
Дата06.12.2016
өлшемі4,75 Mb.
#3308
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Үйге тапсырма беру: Қазақ суретшілерінің шығармаларын танысу.
Сабақ: №7

Сабақтың тақырыбы:

Затқа қарап сурет салу.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп,

білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқу материалынан ең бастысын бөліп алу,

классификациялау.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 5-сынып оқулығы, түрлі түсті қарындаштар, акварель бояуы, қылқалам, қара қалам, ақ қағаз, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Оқушыларға затқа қарап сурет салу заңдылықтарын түсіндіремін. Нәрсенің өзіне қарап сурет салумен қатар есте сақтап, жатқа сурет салуды үйрену керек. Жатқа сурет салып жаттығу нәрсені дұрыс бақылауға, көз алдына ойша елестетуге ерекше ықпал жасайды. Нәрсенің бейнесі жадыңда неғұрлым айқын болса, оның суретін соғұрлым нақты бейнелеуге болады. Жатқа сурет салуға жаттығу үшін үнемі нобай, долбар жасап жаттығып отыру керек.

Ұзақ салынатын суреттен нобай жасаудың айырмашылығы - нәрсенің ұсақ бөлшектеріне онша назар аударылмай, негізгі сипатына мән беріліп бейнеленеді. Нобайдың міндеті - нәрсенің ең негізгі маңыздыларын бейнелеу. Нобай жылдам сурет салуға жаттықтырады. Мұндағы ең басты мақсат - ең әуелі нәрселердің жал- пы формасын, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені есте ұстау.

Адамның, жан-жануардың не белгілі бір нәрсенің сырт нобайын ғана бейнелейтін сызықты контур дейміз. Оқушы жеңіл сызықтармен бейнелегелі отырған нәрселердің ең алдымен сыртқы пішінін контур сызық арқылы бейнелейді.

Нәрсенің бірден көзге түсе қоймайтын, бірақ үңіліп карағанда мән-маңызы бар, қызықты сипаттары мен белгілерін көре білушілік байқағыштық қабілет деп аталады. Байқағыштық жаттығу аркылы пайда болады. Байқағыштықты дамытудың ең жаксы тәсілдерінің бірі - нәрсенің өзіне қарап отырып сурет салу болып табылады. Бейнелейтін нәрсені зерттеу үшін оны жүйелі түрде бақылауға үйрену керек. Сурет салу барысында нұсқаны байқау дегеніміз - нәрсенің құрылысын, нәрселердің кеңістікте орналасуын, пропорциялық қатынасын анықтай білу. Белгілі бір нәрселердің суретін салғанда оларды геометриялық денелермен салыстырған жөн.
Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.

3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.

Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.



4

-кезең.
Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

1-кезең 2-кезең 3-кезең 4-кезең
Үйге тапсырма беру: Шар мен кубтың суретін сал.
Сабақ: №8

Сабақтың тақырыбы:

Натюрморт. Графика



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік, дағдыларын, сонымен

қатар қабілетін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Сурет салу іскерлігін арттыру.
б) Тәрбиелілік: Оқушылардың талғампаздығын,

қарым-қатынасын, сүйіспеншілігін арттыру.



Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 5-сынып оқулығы, түрлі түсті қарындаштар, акварель бояуы, қылқалам, қара қалам, ақ қағаз, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Суретте қозғалмайтын әр түрлі заттар бейнеленуі мүмкін. Суретшілер ыдыстарды, гүлдер мен жемістерді, көкөністерді, маталарды бейнелегенді ұнатады. Бейнелеу өнерінің бұл жанры НАТЮРМОРТ деп аталады.

Суретші шығармаларын оқушыларға көрсете отырып, оған талдау жасаймын. Мысалы, заттар мен бұйымдарды бейнелеуге шебер суретші А. Ғалымбаеваның «Натюрморт» шығармасын алайық.

Суретшінің бұл еңбегінде қазақтың әсем ою-өрнектері, дастарқан бетіндегі алма, алмұрттардың ашық, жылы түс реңктері, орынды композиция арқылы жарасымды орындалғаны көрермен көңілінен шығады.

Шығарманы талдай келіп, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сезу, көру, бақылау, қабылдау сияқты түсінігін бекітемін.

– Балалар, сендер суретші шығармасынан қандай нәрселерді көріп тұрсыңдар?

- Суретші шығармасындағы бояу түстері бір-біріне жақын ба?

Суретші ою-өрнектерді не үшін бейнелеген?

«Натюрморт» терминіне түсінік беремін. «Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі. «Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз.

Енді натюрморт құрауға болады. Мысалы, гүл мен құмыра, оқушының оқу құралдары т. б. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады.

Натюрмортты кезең бойынша саламыз. Тақтаға сызып, оқушыларға натюрморт салудың кезеңдерін көрсетемін.

Бұл жұмыстар алғашқыда қарындашпен орындалып, біткеннен соң бояу түстерімен реңктерді беріп, бояуды бастаймын.

Содан соң графика жайлы түсіндіремін.

Графика.

Шығармалар тек бояулармен ғана орындалмайды. Олар қарындаш, тушь, қаламұш және басқа да графика құралдарымен бейнеленуі мүмкін. Егер шығармадағы басты әсерлегіш құрал сызық, штрих, дақ болып келсе, онда бұл – графика.

Ұлы итальяндық шебер Леонардо да Винчи өз портретін осылай салған. Көріп тұрғаныңдай ол түрлі түсті емес. Алайда нақты сызықтар мен штрих бет әлпетін жанды, әсерлі етіп тұр.

Мұнда суретші тек екі түсті штрихты пайдалана отырып қазақтың батыры, ақын-жыршысы Махамбеттің айбынды келбетін бейнелеп көрсеткен.

Графика туындылары тек ақ-қара түсті болып қана қоймай, түрлі түсті де болады. Бірақ түс графика шығармаларында маңызды емес. Мұндағы басты әсерлегіштер – сызық, дақ және штрих.

Тіпті «түсті графика» деген түсінік те бар. Түсті графиканы сен әрдайым өзіңнің сүйікті кітаптарыңды ашып, ондағы суреттерді тамашалаған кезде көресің. Ал олардың дұрыс атауы – иллюстрация.

Графика туындылары көшіру арқылы да орындалады. Мұнда сурет белгілі бір материалда ойылып жасалынады да, оның бетіне бояу жағылып, арнаулы станокта басып шығарылады. Мұндай жұмыстар гравюра деп аталады.

Ағашқа салынған жпондық гравюра бүкіл әлемге әйгілі.

Қазақстандық суретші Н. Сидоркин қазіргі заманғы график-суретшілердің ішінде гравюраның асқан шебері болып табылады.


Үйге тапсырма беру: Натюрморт тақырыбына сурет салу. Мысалы, екі-үш алма тобына қарап сурет салу.

Сабақ: №9

Сабақтың тақырыбы:

Түрлі-түсті бояумен сурет салу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың

білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет

салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.

Негізгі бояу түсі:



  • қызыл,

  • көк,

  • сары.



Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Ең алдымен бояу түстері жайлы жалпы мағлұмат беруден бастаймын. Қоршаған табиғатымыз түрлі түсті әсем бояуға бай. Күз мезгілінде құлпырған ағаштардың жапырағы әр түрлі түске боялады, мұны біз өз көзімізбен көріп тамашалайық.

- Ал балалар, далаға қарап, көңілімізді бір сергітіп алайықшы. Ағаштар қандай түстерге енген? Иә, қызыл, қызыл сары, сары, қоңыр, жасыл, күлгін. Бояу түстерінің басым болып келуіне байланысты натюрморт орындап көрейік.

Бояу түстерінің реңдік қатынастарының орналасу ерекшеліктеріне назар аударамыз. Натюрморт құрастырып үйренуде негізі басым жылы және суық түстерге ерекше назар аударып, қадағалаймын.

– Міне, балалар, біз табиғат көрінісінен неше түрлі әсем түсті көріп байқадық. Бұл суретшілер үшін ең әсерлі көрініс болып табылады. Ұлы суретшілер де бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген. Олар өсімдіктердің тамырынан сан алуан бояулар жасаған. Табиғат өзгерісіне байланысты бояу түстері әр түрлі сипатқа ие болады. Мұны біз табиғат аясында серуендегенде жақсы байқай аламыз. «Табиғат - суретші» деген халық нақылының шығуы соған байланысты.

Жалпы бояу түстерін екі топқа бөлеміз: түсті бояулар және түссіз бояулар.

Түсті бояулар: қызыл, қызыл сары, сары т. б.

Түссіз бояулар: қара, сұр, ақ.

Енді осыған мысал келтірейік: Қызыл алма, қызыл сары алмұрт, сары жапырақ, қара сиыр, сұр қоян, ақ мата. Міне, біз заттың атын атап қана қоймай, сонымен қатар түстің бояуын ажырата білуді үйрендік.

– Ал балалар осы бояу түстерін табиғат көріністеріне қарап, салыстырмалы түрде атап көрейік: қызыл күн, сары дала, көк аспан. Күннің қызыл екендігін таң сәріде және кешқұрым айқын байқай аламыз.

Жылы түстер мен суық түстердің бір-біріне үйлесімді болып келуі заттың өңін, пішінін, көлемін кеңістікте көрсетуге ықпалын тигізеді. Бояу түсінің жарасымды болып келуі живописьтің басты құралы болып табылады. «Кемпірқосақтың суретін салып, жеті спектрлік түстерді ретімен бояп көрейік. Балалар, бұл тапсырма сендердің оқулықтарыңда көрсетілген. Кітапқа қарап дұрыс жұмыс істейік. Әрбір берілген тапсырманы ұқыпты орындауға үйренейік».

Қазақ халқының түр-түсті танып білуде өзіндік таным-түсініктері болған. Мысалы: ақ – адалдық, ақ ниет; қызыл – оттың және күннің белгісі; жасыл – көктем және жастық белгісі; сары – парасат және байлықтың белгісі; қара – жердің, берекенің нышаны; көк - аспанның белгісі.

Енді негізгі түстерден қосымша түстер шығаруға жаттығу жасайық:

қызыл+сары=қызғылт сары,



қызыл+көк=сия көк,


сары+көк=жасыл.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет