Үйге тапсырма беру: Графикалық сурет сал.
Сабақ: №13
Сабақтың тақырыбы:
Линогравюра.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Линогравюрамен сурет салудың түрлерімен оқушыларды
жүйелі түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу
қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Линолеуммен жұмыс істегенде асықпау керек және өте мұқият болу керек. Мұнда эскизде кеткен қателіктер ғана түзеледі, ал штихельмен кесіп жатқанда қателіктер кетсе, оларды түзеу мүмкін емес. Гравюрлеу үшін линолеумнің қалыңдығы 5 мм, ең аз дегенде 2,5 мм болу керек. Линолеумге гравюрлеу кезінде пайдаланатын аспаптар біршама қарапайым болады, оларды өздерің-ақ жасап алуқа болады. Негізгі аспап - 50-60 градустық бұрыш формасында тұмсығы бар бүрышты қашау (немесе кескін штихель 4). Мұндай қашау бірде әзер байқалатын сызықты, бірде өте жуан, бірде тік, т.б. сызықты береді. Аумақты орындарды ойып алу үшін ені 2—3-тен 10-12 мм-ге дейін болатын, жүзі жартылай шеңбер қашаулар қолданылады. Линолеумге пайдаланатын қашаулардың көпшілігін ескі қолшатырдың шабақшаларынан жасап алуға болады: олардың ені әр түрлі, әрі дайын сайы бар, оны тек қажетті формаға келтіру керек. Аспап әрдайым өткір болуға тиіс, сондықтан да оны қайрауды жақсылап үйреніп алу керек. Аспаптардың тек ұшын ғана қайрайтынын ұмытпаған жөн. Гравюрлеу кезінде кесілген сызықтар жақсы көрінуі үшін линолеумнің бетіне жұққан қарындашты мақтамен сүрте отырып, аздап қарайтуға болады. Керісінше линолеумді гуашьтың ақ бояуымен грунттап, оның бетін ақ жасауға болады. Онда қалдырылған сызықтар бұрынғыдан да айқынырақ көрінеді. Линогравюралар бір түсті және түрлі түсті: екі, үш, одан да көп бояулы болуы мүмкін. Сонымен, түрлі түсті гравюраны басу кезінде қанша бояуды қолданатын болсақ, соның түстік ерекшелігіне қарай сонша тақта болуға тиіс. Оттискіні сынап көргеннен кейін, қолданған бояулардың әр түрлі үйлесімін тексеру керек. Мұнда өте жақсы оттискі алу оңай шаруа емес. Алғашында сәтсіз оттискілер болуы мүмкін. Кейін бірнеше рет басып, жақсы оттискіні ала аламыз. Гравюрлеуді бастамастан бұрын бірінші дайындық суретті жасап алу керек. Мұны қаламұш пен қылқалам арқылы тушьпен орындаған дұрыс. Суреттің форматы баланың гравюра жасау форматымен сәйкес болуы тиіс. Суретті тақтаға ауыстырғанда тақтадағы бейненің оттискіге қатысы «айнадағы бейнедей» нақты түсуін қадағалауымыз керек. Гравюрлеу кезінде жіберілген қателіктерді дер кезінде түзетпесе, гравюрада түзету өте қиын. Ол үшін ірі бөліктерін кесіп алады да, дәл өлшеніп кесілген қажетті жерге қиюластырылған жаңа кесінділермен ауыстырылады. Сөйтіп гравюраның тиісті бөлігі қалпына келтіріледі. Ұсақ штрихтар мен қосымша жерлерді тіс тазалайтын ұнтақты желімге араластыру арқылы бекітеді. Басуды біткеннен кейін, бензинге матырған шүберекпен бояу қалдығын (тақта мен біліктен) кетіріп, оларды құрғақ, таза шүберекпен сүрткен жөн. Линолеуммен жұмыс істеу әдісі, гравюра өнерінің негізгі түріне жатады. График суретшілер көбінесе линолеуммен жұмыс істейді. Линолеуммен жұмыс істегенде жоғарыдағы айтылған әдіс-тәсілдерді орынды пайдаланған жөн.
Линогравюралар бір түсті және түрлі түсті (екі, үш, одан да көп) бояулы болуы мүмкін. Мұндай гравюралардың сапасы бояулардың санымен өлшенбейді. Дәл табылған түстік үйлесімдермен, қатынастармен, тақырыптың мазмұнын ашып берумен өлшенеді. Түрлі түсті гравюрада шектеулі бояу түрлері ғана қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |