Үйге тапсырма беру: Мерекелік құттықтау құснихаттарын жаса.
Сабақ: №22
Сабақтың тақырыбы:
Қағаздан құрастыру. Ақ көгершін.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды қағазды бүктеу, қию істеріне үйрету. Қағаздан
құрастыру жұмыстары арқылы іскерлікке, бұйымдар жасауға
үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетін,
шығармашылық ой-өрістерін дамыту, есте сақтау
қабілеттерін қалыптастыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көркемсуретті фотоальбомдар, көгершін құсының үлгісі, қағаздан құрастыру арқылы жасалынған тырнаның, үкінің үлгілері, иллюстрациялар, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, және т. б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға көрнекіліктерді көрсете отырып, қағаздан құрастыру жұмыстарының мән-жайын әңгімелеймін. Қағаздан құрастыру жұмысы кезінде сызу, бүктеу, орау, жапсыру, кесу, қаттау іс-әрекеттері жасалынады. Қағазбен жұмыс оның текстуралық ерекшеліктерін білуді талап етеді. Мысалы, қағаз талшықтары құрылымына байланысты әр түрлі қағаздар әр қалай бүктеледі. Қағазды көлденең бүктеген кезде оның жылтыр да тегістігіне қарамастан майда сызықшаларға бөлініп сынғандығын байқаймыз. Бүктеуге жарамды қағаздарды анықтау онша күрделі емес, ол үшін парақтан, біреуін тік бағытта, екіншісін түзу бағыттағы екі жіңішке жолақша кесіп алу қажет. Қарындашпен немесе қылқаламға екі жолақша қағазды орап көрсек, бірінің беті тегіс те екіншісі сызықшалармен көмкеріледі. Бұл тәжірибеден біз, беті тегіс орамды қағаздың құрастыру жұмыстарына жарамды екендігін айқындаймыз. Енді бүгінгі сабақ тақырыбына байланысты ақ көгершін құсын қағазды бүктеу, қию арқылы жасап көрейік. Көгершін құсы жайлы әңгімелеймін. Көгершін – нәзік құс. Оны «хат тасушы құс» деп те айтады. Көгершін – бейбітшілік құсы. Көгершін жайлы әңгімені жалғастыра отырып, оның дене құрылымын анықтаймыз. Құстың қос қанаты бір бөлікті құраса, кеуде, құйрық, аяқтары мен басы бірігіп екінші бөлікті құрайды. Енді тік бұрышты қағазды алып, бір бұрышына екінші бұрышын жеткізе бүктейміз, демек, төртбұрышты ортасынан қиғаштап бөлеміз. Сонан соң төртбұрыштың оң және сол жақ бұрыштарын бүктеу сызықтар арқылы бүктейміз де, бір-бірімен беттестіріп қаттаймыз. Пайда болған бұйымның ұзын және сүйір жағы құстың құйрығы, ал, жоғары қайырылған қағаз бұрыштарын сыртына қарай шығарыңқырап қойса, құстың кеуде формасын беруге болады. Құстың көз, тұмсық, қанат, құйрық сияқты кейбір жеке бөліктерін қағаздан қиып, жапсыру жұмыстары орындалады. Әрбір оқушыға жеке тоқталып, түсінбеген жерлерін түсіндіріп, көрсетіп отырамын.
Үйге тапсырма беру: Қағаздан құстардың денесін құрастырып үйрен.
Сабақ: №23
Сабақтың тақырыбы:
Ұлттық киімдерді әшекейлеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға қазақтың сәндік қолданбалы өнері жайында
түсінік беру, қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек
түрлерінің ерекшеліктерін көріп, бағалауға баулу. Киім
үлгісіндегі ою-өрнектердің кейбір қарапайым түрлерін
қағаз бетіне түсіріп, бұйымдарды әшекейлеуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық
киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын,
қиялын, тілін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өз халқынның салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге,
мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көркемсуретті фотоальбомдар, ұлттық киім үлгілері бейнеленген фотосуреттер, иллюстрациялар, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, және т. б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушылардың өткен сабақтағы бейнелеу өнерінің түрлері оның ішінде қолөнері жайындағы түсініктерін толықтыру мақсатында сұрақ-жауаптар арқылы қайталау жүргіземін:
Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
Бұл өнер қай жерде көбірек орын алады?
Сәндік қолданбалы өнердің басқа өнерден қандай айырмашылығы бар?
Ұлттық сән киімдерінің үлгісін оқушыларға көрсете отырып, ұлттық киімдегі дәстүрлі пішін, түс үйлесімдігі, ою-өрнектердің үйлесімдік құрылымы мен әсемдігіне назар аударуын талап етемін. Ұлттық киімдерді тігіп, әшекейлейтін тігін фабрикалары, «Сымбат» фирмасы туралы түсініктеме беріп, бұйымдарымен таныстырамын. Сабақтың іс-әрекеттер жасайтын бөлімінде әсем, бояуы қанық, үйлесімді өрнектермен безендірілген киім үлгісін оқушыларға көрсете отырып, кейбір өрнек элементтерін тақтаға жекелей сызып көрсетемін. Оқушылар өз еріктерімен өрнек элементтерін қағаз бетіне түсіреді, ол өсімдік өрнегі немесе жануарлар өрнегі т. б. болуы мүмкін. Сыныпты аралап, оқушылардың іс-әрекеттерін бақылаймын, көмектесемін. Бояу түстерінің өзара байланысына, өрнектердің үйлесімдік шешіміне, әшекейлейтін зат пішініне оқушылардың көңілін аударамын. Өрнек элементтерін қайталау арқылы жолаққа түсіру жолдарын көрсетіп беремін. Бұл жұмыстар бір түспен орындалуы мүмкін. Өрнектерді жолаққа орналастырғанда оқушылар назарын тек әшекейлі ою-өрнектерге ғана аударып қоймай, бояу түстерінің үйлесімдігіне де көңіл бөлу керек. Сабақ соңында оқушылар өздері жасаған жұмыстарды жинап, сыныптағы жалпы көпшіліктің пікіріне салып, өз ойларын айтқандары өте пайдалы.
Үйге тапсырма беру: Ұлттық киімдер үлгілерінің суретін салып, өрнектеп, әшекейлеу.
Сабақ: №24
Сабақтың тақырыбы:
Көктем гүлдері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды көктемнің әсем табиғатымен таныстырып,
оның мың құбылған бояу реңктерін көре білуге баулу.
Көктемнің алғашқы гүлдерінің бояу жарасымдылығын
бейнелеуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс
жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.
б) Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,
жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық
талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,
әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі әсем гүлдер бейнеленген құснихаттар жинағы, фотосуреттер, суретші шығармалары, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, және т. б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушылармен бірге көктем көріністері бейнеленген көрнекіліктерді көріп шығамын. Көктем жайлы, көктемнің алғашқы гүлдері жайлы өлеңдер оқимын. Мысалы, бояу мен табиғатты бірге жырлаған ақын О. Әубәкіровтың сурет сабағы туралы өлеңін оқимын:
Сурет сабағы.
Шіркін сурет сабағы
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын
Туып өскен даланы.
Қызыл бояу – қызғалдақ.
Сары бояу – сарғалдақ,
Жасыл бояу – жайлауым,
Іздеп барар армандап.
Деген өлең шумақтарында туған елдің кең даласындағы қызыл-жасыл кілемдей құлпырған қыр-белестері туралы әңгіме болғанын түсіндіремін немесе ақын Сүлеймен Мәметовтың «Гүлдеді бақша» өлеңінде көктем көрінісін қалай жырлағанын айтамын:
Гүлдеді бақша.
Келді де көктем,
Гүлдеді бақша.
Көрікті неткен,
Қырды гүл жапса!
Алма мен өрік
Жамылды жібек.
Алтын дән егіп,
Шынықты білек.
Өлең шумақтарын оқып беріп, оқушыларға сұрақтар қоямын. Оқушылар сурет салмас бұрын көктем гүлдерін анықтап қарап алулары қажет. Гүлдің сабағы, жапырағы, формасы, түсі, құрылысы жағынан бір-бірінен өзгеше екенін байқауы керек. Мысалы, қызғалдақ пен жауқазын бір қарағанда ұқсас сияқты, ал анықтап қарасақ, жауқазын сабағы нәзік, майда түктермен жабылған. Гүлдерді салғанда қағаз бетіне орналастыру сәтін дұрыс таңдаған жөн. Жауқазын мен қызғалдақтарды салуда сары және қызыл түстердің ашық реңктерін таңдап алу керек. Гүлдер үшін фон өте нәзік, таза, ашық түсті болғанда әсем көрінеді.
Үйге тапсырма беру: Гүлдерді бейнелеу.
Сабақ: №25
Сабақтың тақырыбы:
Наурыз мерекесі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Наурыз мерекесінен алған әсерлерін қағаз бетіне түсіруге
үйрету, қызықты көріністер мен ұлттық өрнек айшықтарын
әсерлі қабылдауға баулу, оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін, ой-қиялын, бейнелі ойлауын жетілдіру.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін
тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау,
белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,
оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін
дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Сәндік қолданбалы өнер шығармалары, иллюстрациялар, суретші шығармалары, наурыз туралы фотосуреттер, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Сабақты Наурыз мерекесі жайында әңгімелеуден бастаймын. Қазақстан Республикасының Наурыз мерекесі қалай тойланады? Оқушылар өткен жылдағы Наурыз мерекесінен қандай әсер алғандықтары жайлы әңгімелейді. Әңгіме барысында оқушылардан сұрақ-жауап ретінде сабақты жалғастырамын:
Наурыз мерекесінде алған әсерлеріңді айта аласыңдар ма?
Қазақтың ұлттық киімі басқа ұлт киімдерінен қандай өзгешеліктерімен ерекшеленеді?
Мерекеде тігілген киіз үйді безендірудегі ерекшеліктерді байқай алдың ба?
Киіз үйдің іші қандай бұйымдармен жабдықталған?
Қандай ұлттық ойындарға қатыстың?
Наурыз мерекесі жайында өлең-жырлар оқылады: Мысалы, Оразақын Асқардың Наурыз мерекесі туралы өлеңін оқып беруге болады:
Наурызым, армысың!
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!
Қызығына тоймаңан,
Дарқан дала, қарлы шың!
Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап.
Ақ дастарқан жайылды,
Ошақта от жалындап.
Осыған қосымша Наурыз мерекесіне арналған сабақта көктем айларының, басқа жыл мезгілдерінің ерекшелігіне оқушылар назарын аударуға тырысады. Сұлу көктем жайында жырлаған ақын-жазушылардың өлеңдерін оқып береді, мысалы, ақын Әбдірахман Асылбеков көктем жайында былай деп жырлайды:
Бәйшешектер.
Келді қырға гүл көктем,
Масатыдай құлпырып.
Ақтарылды нұр көктен,
Мейірлене күн күліп.
Жан-жануарлар оянып,
Әдемі бір ән келді.
Бәйшешектер бой алып,
Бел-белеске сән берді.
Бұл «Бәйшешектер» өлеңі қызықты оқиға желісімен жас өспірімдерді әсерлі ойға жетелейді, олардың ойлау қабілетін арттырады. Сондықтан да, үйге сабақтан тыс тапсырма ретінде (үлкендер көмегімен оқып шығуға) беруге болады. Наурыз мерекесі мұсылмандар күн тізбесі бойынша жаңа жыл басы екендігін әңгімелеймін, осы кезде бүкіл жер бетіндегі өсімдіктер көгеріп, өсіп-өне бастайды, кейбір қысқы ұйқыда жатқан жәндіктер мен аңдар оянып, тіршілік қамына кіріседі. Сонымен бірге оқушылар кітабында берілген төрт түліктің иесі Шопаната, Сексеката, Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара туралы аңыздарға көңілдерін аударып, жануарларды жақсы көруге, суреттерін бейнелей білуге ынталандыру қажет. Наурыз мерекесін Қазақстан Республикасында тұратын барша ұлт өкілдері тойлайды, бұл хылықтар достығын нығайтады. Ауыл мен қала салтанатты, мерекелік сипатта безендіріледі, барлық жерде ән-күй айтылып, әр түрлі тағамдар пісіріледі. Осы әсерлі әңгіме-сабақтан кейін оқушыларға «Наурыз» тақырыбына сурет салуды сұрайдмын. Әрбір оқушы еркін тақырыпта сурет сала бастайды. Салынған суреттерден көрінетін ең басты нәрсе, мерекелік ерекшелік болуы тиіс. Қазақ халқының бай, сәндік қолданбалы өнерін бүкіл әлемге паш ететін де осы Наурыз мерекесі болғандықтан, бұл сабақты 3-4 сағатқа созуға болады. Оқушылардан тапсырманың барынша ашық, көңілді бояулармен салынуын талап етемін. Оқушылар бейнелейтін көріністердің орналасуын (композиция) мұқият ойланып, шешіп алулары керек. Жеке заттарды салғанда сызықтық және түс, композициялық шешімдерге, көлемге көңіл бөлуі қажет. Барлық суретке қатысты шешімдер таңдап алынған ойға бағынуы тиіс.
Үйге тапсырма беру: «Наурыз мерекесі» тақырыбына сурет сал.
Сабақ: №26
Сабақтың тақырыбы:
Көктем көріністерін бейнелейік.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды көктемнің әсем табиғатымен таныстырып,
оның мың құбылған бояу реңктерін көре білуге баулу,
көктемнің алғашқы гүлдерінің бояу жарасымдылығын
бейнелеуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушыларға әңгіме, өлең шумақтары арқылы көктем
көріністерінің көркем бейнелерін беру, ой-өрістерін дамыту,
көктем көріністерін бейнелей білуге үйрету, шығармашылық
жұмысты іздену барысында білімдерін тереңдетіп, ой-
қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау, белсенділігін,
танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,
оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін
дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Қылқалам шеберлерінің көктем көріністері жайлы шығармалары, иллюстрациялар, көктем көріністері бейнеленген фотосуреттер, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Көктем көрінісі жайлы әңгімелеймін. Мысалы, жазушы Бақыт Мұстафиннің «Керемет көктем» әңгімесін оқып беруге болады: Қар кетті. Ауыл көшелерінде жер дегдіді. Қылтиып көк те көріне бастады. Шөптің нәп-нәзік жасыл жапырағын көргенде, Дәурен қуанып кетті.
Көктем келді! – деп, айқайлап, үйге жүгіріп кірді.
Оны қайдан білдің? – деді әжесі.
Шөп көктепті. Шөп көктегенде, көктем келмей ме?
Жоқ, бұл көктемнің хабаршысы, - деді әжесі, табиғат құбылысын түсіндіріп.
Әже, әнеугүні құстар келген де, көктем хабаршысы деп едің ғой?
Иә, құстар да – көктем хабаршысы. Олар ерте келіп, көктемнің жете алмай, әлі жолда жүргенін хабарлайды.
Қалай хабарлайды, әже?
Құстар аспанда қалықтап ұшып, қанатын кең сермейді. Бұл олрадың «күн жылынды, көктем таянды» делгені.
Ал шөптер ше?
Жер құрсағы жылынды, келе жатқан көктемді мен де көрейінші деп, шөп те көтеріледі. Көк щықса, көктемнің жақындап қалғаны.
Сонда керемет көктем қашан келеді? - деп, Дәурен тағатсыздана сұрақтарын көбейте береді.
Ол күнді өзім айтамын.
Кішкентай Дәурен сол керемет көктем келетін күнді асыға тосты. Күнде таңертең тұрып, әуелі аспанда қалықтаған құстарға қарайды. Түкті кілемдей құлпырып келе жатқан көк майсаға қызығады. Сонан соң әжесіне келеді. Әжесі үндемейді. Ол кісі де көктем келетін күнді асыға тосқан тәрізді. Бір күні Дәурен таңертең оянды. Қаптаған мотор үні тұтаса гүрілдеп, бүкіл көшені көшіргендей еді. Ағаш үй дір-дір етіп, төңірек солқылдайды. Дәурен терезеге ұмтылды. Қараса, ауылдың көшесін қалың гүрілге толтырып, тракторлар өтіп барады екен. Соңдарында –тіркелген сеялкалары. Қырқаға қарай жөңкіліп барады. Әжесі есік алдында күлімсіреп тұр. Бір шақта жалт беріп, үйге қарай жүгірді, айғайлап келеді:
- Дәурен, құлыным, тұр. Керемет көктем келді. Көктем келді. Әжесінің қуанышы дауысының дірілінен танылып тұр.
- Кәне, көктем, кәне әже? – деп, немересі де терезенің ернеуінен ұстап, айналаға үңіледі. Жер қайыстырған тракторлардан, жүздері тотыққан диқандардан басқа ешкім көрінбеді.
- Әне! Жүр, - деп әжесі Дәуренді далаға шығарып, тракторлар керуенін нұсқады.
– Әне, егіншілер дабылы соғылғаны – керемет көктемнің келгені.
Қуанған Дәурен де көшені бойлап, жүгіре жөнелді. Ауылдағы кісілер қырға қарай ентелеп барады. Дәурен де қырқаға көз салды. Керемет көктеммен жарысып, ойнағысы келді.
Балаларды осы әңгімеден алған әсерлеріне байланысты өз ой-өрістерін әрі қарай дамыту үшін сурет салдырамын (бұл - бірінші тапсырма).
Екінші тапсырма: қала көрінісі. Суық қыстан шыққан, зәулім үйлермен қатарласа өскен түрлі ағаштар, тротуар мен аллеяларда өсетін акациялар т. б. көктем айына өз сәлемін беріп, гүлденіп, жұпар иісі аңқып құлпыратын сәттерін де көре білуді ұмытпаңдар. Қала тұрғындары көктем айында бүкіл отбасымен қала сыртындағы саяжайға барады, бақ ағаштарын, түрлі көкөністер отырғызады, жерге тағзым етіп, демалып, көңіл көтереді. Осы қуанышты сәттерді өз шығармашылық туындыларыңның тақырыбы етіп алып, қыл қаламмен қағаз бетіне суреттеңдер.
Үйге тапсырма беру: Жергілікті жерге байланысты және балаларды қоршаған табиғат ерекшеліктерін ескере отырып, көктем көрінісін бейнеле.
Сабақ: №27
Сабақтың тақырыбы:
Ғарыш әлемінде.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға ғарыш әлемі жайлы түсініктер беру, ғарыш әлемі
жайлы ғажайып суреттер салғызу, білімін жүйелеу және
толықтыру, дүниетанымдық сипатта қорытынды жасауға
баулу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық жұмысты іздену барысында
білімдерін тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім
қабылдау, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,
оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін
дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Қылқалам шеберлерінің ғарыш әлемі көріністері жайлы шығармалары, иллюстрациялар, ғарыш әлемі көріністері бейнеленген фотосуреттер, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ғарыш әлемі жайлы оқушылардың білгендерін сұрап, ғарыш, ғарышкерлер жайында әңгімелеймін. Қазақстан жерінде ғарыш кемесін ұшыратын, әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқанын айта келіп, еліміздің ғарышкерлері, қазақ азаматтары Тоқтар Әубәкіров, талғат Мұсабаевв осы ғарыш айлағынан Ғарыш әлеміне сапар шеккенін түсіндіремін. Сабақ барысы қызықты өту үшін ақын Қайрат Жұмағалиевтің мына өлеңін оқып беремін:
«Алысқа – Ғарышқа!»
Бет түзеймін алысқа –
Бағытымнан аумаймын.
Шетсіз-шеңсіз ғарышқа
Қырандаймын заулаймын!
Қорықпаймын қиыннан,
Бойлап ғапыш сырына.
Көз жіберем қиырдан
Туған өлке қырына!
Сырын ашып ғаламның
Туған елдің бағына,
Құшағына даламның,
Еніп кетем тағы да!
Ғарыш кемесі - әрі үй, ғылыми лаборатория, мұнда ғарышкерлер тұрады және жұмыс істейді. Адамдардың ғарышқа ұшқанына көп уақыт болған жоқ. Соған қарамастан ғарыш кемесінің бірнеше түрі жасалды. Ю. А. Гагарин бір орынды «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшса, «Восход» кемесімен бірнеше ғарышкерлер ғарышта болып қайтты. Кейін «Союз», «Салют», «Прогресс» және «Мир» ғарыш кемелері орбитаға көтеріліп, ғарыш станциясын құрады. Американ ғарышкерлері Жер төңірегіндегі орбитаға, «Меркурий» және «Джемини» кемелерімен көтерілді. Ал Ай мен «Скайлэб» орбиталық станциясына «Аполлон» ғарыш кемесімен ұшты. 12 сәуір – ғарышкерлер күні. Жұлдызды қалашық - ғарышкерлер мекенжайы. Тұңғыш ғарышкер Ю. А. Гагарин тұрған жер. Ғарышкерлер өз тапсырмаларын алып, Байқоңырға аттанар алдында Гагарин ескерткіштеріне келіп, өздерінің ұшуға дайын екендіктері жайында рапорт береді. Ал жерге аман-есен оралған соң, дәл сол жерге тағы келіп, ғарыш сапары туралы Гагаринге тағзым етеді. Бұл рәсім дәстүрге айналған. Ғарыш әлеміне саяхат жалғасуда. Сұрақ-жауап ретінде Сағи Жиенбаевтың мына өлеңін оқып беремін:
Ұшып келем, ұшып келем,
Ұшып келем, көгімде,
Мөлдір аспан төрінде.
Көкте жүріп қызығамын
Жердегі –
Сонау, сонау өзім ұшқан өңірге.
Бұл не? (Ғарыш кемесі.)
Тапсырма. Бейтаныс планета.
1. Біз ғарышкерлер бейтаныс планетаға келіп қондық. Көк аспан, қоршаған түрлі планеталық жұлдыздар, алыстан ерекше көзге ыстық Жер планетасы көрінеді: Жерде танымайтын, бұрын-соңды көрмеген түрлі таңғажайып өсімдіктер, жануарлар...
2. Ай, Шолпан, Марс планетасы. Соның біріне келіп қондық. Планетада еш тіршілік жоқ, басқан жеріміз жанартау кратеріне ұқсайтын үлкенді-кішілі шұңқырлар. Қол созсаң ұстап алатындай жақын орналасқан түрлі планета жұлдыздары. Басқа планетаға ұшып бара жатқан ғарыш кемесі көрінеді.
Қорытынды. Берілген тапсырмаға еркін сурет сал. Ой-өрісті дамыту мақсатында салған сурет мазмұнын ауызша айтып бер.
Үйге тапсырма беру: «Ғарыш ғажайыптары», «Мен ғарышкер боламын» деген тақырыптарға суреттер сал.
Сабақ: №28
Сабақтың тақырыбы:
Сәулет өнерімен танысайық.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды сәулет өнерімен таныстыру, жалпы мағлұмат,
түсінік беру, эстетикалық талғамдарын арттыру, пәнге деген
қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық жұмысты іздену барысында
білімдерін тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім
қабылдау, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,
оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін
дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Қылқалам шеберлерінің сәулет өнері жайлы шығармаларының көріністері бейнеленген иллюстрациялар, фотосуреттер, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |