Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Оқушыларға арналған сурет салу ережесі. Сабақтың мақсаты



бет2/5
Дата23.05.2017
өлшемі0,94 Mb.
#16613
түріСабақ
1   2   3   4   5

Қолөнері.

Қолөнер – мол өнер, оның әрқайсысында талай ғасырлық тарих бар. Қазақ халқының қолөнері халық тұрмысында жиі қолданылатын өнер жиынтығы болып табылады. Атап айтқанда, қазақ халқының баспанасы – киіз үй қазақ халқының қолөнерінің шағын мұражайы болып табылады. Қолөнерін өсер ұрпаққа үйрету қазақ тарихында ерте кезден басталған, оны дәріптеушілер – ұста, шебер, зергер, іскер деп төрт топқа бөлінген. Қолөнерінің түрлері өте көп. Мысалы: кесте тігу, өру-тоқу, ұлттық киімдер, зергерлік өнер, ағаш бұйымдар, киізден жасалатын заттар т. б. Қолөнердің ішінде ең негізгі орын алатыны – ою-өрнек. Ою-өрнексіз бір бұйым жасалмайды. Ою-өрнек қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ заттарды, бұйымдарды әсемдеп әшекейлеудің негізі болып табылады.

Ою-өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз өрнектерінде ойланған затының көркем, әшекейлі болуына баса назар аударған.

Ою-өрнектермен безендірілген көркем бұйымдарды көбінесе киіз үйдің ішкі жасауларынан көруге болады.



Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің түрлерімен танысу.

Сабақ: №8

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасының Туы.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын

(Гимнін) қастерлеуге міндеттеу.


ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы Мелекеттік Туының бейнесі (сызба және түрлі-түсті бейнелері), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш және т.б
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері жайлы түсіндіремін. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Тудың сабының тұсын ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран құс және өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы 1:2.

Қазақстан Республикасы Туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы мен оның бейнесі Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған ту үлгісімен жасалынады.

Ресми ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті, Палаталарының Төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер Министрі отырған және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттарында Еліміздің Туы тігіледі.

Қазақстан Рсепубликасының Мемлекеттік Елтаңбасы көрінісінде көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақтан айналаға күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздағы қыран қанатты пырақ көмкеріп тұр, төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары –

Ж. Малымбеков, Ш. Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының түрлі түсті бейнесі екі түрлі: алтын және көгілдір көк түсті болады. Елтаңбаны ілу тәртібі жоғарыда айтылған ту ережесіндей, тек ерекшелігі мемлекеттік куәландыру кеңселерінің мөрлерінде, құжаттардың бланкілерінде, ресми басылымдарда, мемлекеттік ақшалай-заттай лоторея билеттерінде, азаматтарға берілетін жеке куәлігі мен төлқұжаттарда, шекара бағаналарында ілінеді.

Қазақстан Республикасының Әнұраны (Гимні). Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі мен Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелік күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстарды ашу және жабу кезінде орындалады.

Қазақстан мемлекеттік теледидары мен радиохабары беретін хабарларда, Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекелері күнгі бағдарламасының басында, күн сайынғы республикалық бағдарламаның басталуы мен аяқталуы кезінде орындалады.

Қазақстан Республикасының халқының өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметіне, ескерткіштер, моонументтер, құлпытастар мен өзге құрылыстарды ашу кезінде орындалады.

Республикамыздың мемлекеттік органдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктері мен өзге де ұйымдары өткізетін дәстүрлі рәсімдер, салатанатты іс-шаралар кезінде, Республикамыздың туы көтерілген кезде орындалады.

Жоғары, орта арнаулы оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған рәсімдерде орындалады, қатысушы кісілер орындарынан тұрып тыңдайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қорлаған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

Жоғарыда айтылған, суреттелген таңбаларды, яғни еліміздің рәміздерін қағаз бетіне түсіріп көрелік. Алдымен көрнекіліктерді, дайын үлгілерді мұқият қарап шығайық. Содан кейін барып біртіндеп, жеке-жеке таңба элементтерін нобайлап сызып шығайық.

Сұрақ-жауаптар арқылы оқушылар білімін тексеремін, жасалынып жатқан жұмыстардың барысын қадағалаймын.

Сабақ соңына таяу оқушылармен жасалынған жұмысты көре отырып, пікір алысамын, талқылаймын.




Үйге тапсырма беру: Қазақстан Республикасының Туын бейнелеу.

Сабақ: №9

Сабақтың тақырыбы:

Жемістің мүсінін жасайық.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Мүсін өнерін әңгімелеу, ол жайында қысқаша мағлұмат

беру, мүсін жасап үйрету.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Әр түрлі пішінді заттар мен бұйымдарды дұрыс

бейнелеуге үйрету, ұқыптылыққа үйрету.


Сабақтың көрнекілігі: Мүсін жайлы оқулық кітаптар, иллюстрация, көрнекілік және мүсін құралдары және тағы басқалар.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Мүсін өнері жайлы қысқаша әңгімелеп беремін. Мүсін – бейнелеу өнерінің ерекше түрі. Мүсінді үш жағынан кеңістікте көруге болады. Мүсін жасау ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді: кеуделік мүсін, тұлғалық мүсін (статуя) және жартылай көлемді мүсін (барельеф - рельеф). «Мүсін» атауы латынның «қашау» деген сөзінен шыққан. Адамның кеудеден жоғары тұлғалық келбеті бейнеленген мүсін бюст немесе кеуделік мүсін деп аталады. Адамның тұтас бойымен бейнеленген мүсін тұлғалық мүсін (статуя) деп аталады. Жартылай көлемде бейнеленген мүсін барельеф және рельеф деп аталады. Мүсінші деп қарапайым сазбалшықтан бастап мәрмәр тасқа дейін меңгерген, әр түрлі мүсіндерді сазбалшықтан илеп, ағаштан шауып, тастан қашап жасайтын адамды айтамыз.

Мүсін сабағына балаларды қызықтыра отырып, олардың ойлау және елестету белсенділігін арттыруға көңіл бөлу қажет. Ермексаздан мүсін жасауда оқушылар әр түрлі көлемді формасы бар әр алуан заттар пішіндеуге үйренеді. Мүсін сабағының басты міндеті – бейнені айқын көру, көрген затты дұрыс елестете білу, жабыстыру, созу, жұмырлау, илеу тәсілдерін меңгерту. Енді ермексазбен жұмыс істеуге көшейік. Ол үшін алмұрттың мүсінін жасап үйренейік. Ең алдымен саз балшықты илеп, жұмыр етіп аламыз, сонан кейін сопақшалап созу арқылы алмұрттың пішінін жасаймыз. Біртіндеп ұсақ бөлшектерін жасау арқылы алмұрттың толық көлемді мүсінін жасап шығарамыз.
Үйге тапсырма беру: Тұрмыстық заттарды бейнелеу.

Сабақ: №10

Сабақтың тақырыбы:

Күзгі жапырақтарға қарап сурет салайық.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Күзгі жапырақтардың алуан түске еніп, құлпырған

әсемдігін көріп, қағаз бетіне түсіре алуға үйрету.

ә) Дамытушылық: Жапырақтардағы алуан түстер мен реңктерді, бояқтарды

бір-бірімен қосу арқылы бейнелей білуге дағдыландыру.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Күзгі жапырақтар, суретшілер шығармалары, фотосуреттер, балалар шығармалары.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Сабақты күз тақырыбына арналған өлең-жырларды, қысқа әңгімелерді оқушыларды әсерлі ойға жетелей отырып айтудан бастаймын. Сонымен бірге түрлі түсті бояуларға арналған өлең оқып беруге болады. Мысалы:


Сары бояу.
Сипап өткен самалға

Тербеледі сары алма.

Шолып едім бақшаны,

Қауын біткен сап-сары.

Көрінеді шалғайдан

Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен.

Жарқыраған, жайнаған

Сары бояу айналам.

Жарқын күздің бояуы

Дәл осындай болады.


Қ. Баянбай.
Оқушылар әр түрлі ағаштардың жапырақтарын жеке-жеке немесе екі түрлі жапырақты бір-бірімен салыстырып, мұқият қарап, ерекшеліктеріне көңіл бөлгендері абзал. Ең басты назарда жапырақтардағы түс реңдердің әр түрлілігін айрықша бақылау мақсаты тұру керек. Жапырақтардың түс реңктерінің жыл мезгіліне байланысты әр алуан өзгеретініне балалардың көңілін аударып, айрықша бақылатамын. Күзгі жапырақтар бір қарағанда сары немесе қызыл болып көрінуі мүмкін, ал мұқият зерделеп, көңіл бөліп қарайтын болсақ, онда сарғыш қызыл, ал қызыл, сарғыш, қызғылт, көкшіл сары, ақ сары, қоңыр түстер, т. б. толып жатқан бояу реңктерін көре аламыз.Палитрада бояуларды араластыру арқылы аз мөлшердегі бояу түстерінен мың құбылған реңктерді шығару тәсілдерін оқушыларға іс-әрекеттер арқылы көрсетемін. Акварель бояуымен жұмыс жасау үшін, салынған негізгі сурет өте нәзік жіңішке сызықтармен салынуы қажеттігін ескертіп кетемін. Алдымен жапырақтың жалпы пішіні сызылады, содан кейін жапыраққа тән шетіндегі айшықтары, ирекшелері, талшықтары салына бастайды. Салынған жапырақты бояудан бұрын, оны жапырақтың өзімен салыстырып, ұқсастығын тексеріп алу қажет. Байқалған артық сызықтарды өшіргішпен өшіріп тастаймыз. Әдетте, акварель бояуы қағаз бетіне жұғымды әрі мөлдір болып түсуі үшін, алдымен қағазды жақсылап сулап алу қажет. Содан кейін жапырақтың жалпы өңін сары немесе ашық жасылмен толық бояп шығамыз. Әлгі кеппей тұрған бояу үстінен басқа бояу реңктерін жүргізу қажет. Салынған сурет кепкеннен кейін қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтармен талшықтарды салып шығуға болады. Бұл жұмыстарды асықпай, мұқият орындау керек. Себебі әр ағаштың жапырағы әр түрлі пішінде, әр түрлі түсте болғандықтан, ұқсатып салуға тырысу қажет. Әрбір орындалған жұмысты сол жұмыс барысында көрсетіп, қатесін түзеп отырған пайдалы. Қажетті деңгейде орындалған жұмыс есебіне тек қана жапырақтың пішінін дұрыс беру, жеткіліксіз. Сонымен қатар, түс реңктерінің бай, түрлі түске боялуы маңызды.

Үйге тапсырма беру: «Төгілген күзгі жапырақтар» тақырыбына сурет салу.

Сабақ: №11

Сабақтың тақырыбы:

Ертегіге саяхат.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ертегі мазмұнына арнап салынған суретшілер

иллюстрацияларымен тереңірек таныстыру.

ә) Дамытушылық: Ертегі мазмұнын бейнелей білуге үйрету, сурет салуға

дағдыландыру.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Ертегі мазмұнына қарап салынған суретші шығармалары, иллюстрациялар және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Ең алдымен оқушылар өздері ертегілерді, көрген ертегі-фильмдерді еске түсіріп, қысқаша, қандай ертегіге арналған шығармалар екендігін айтады.

Оқушыларға әсерлендіру, бейнелі ойлау, қиялын қияға жетелеу мақсатында

Ә. Асылбековтың «Кім күшті?» ертегісін оқып, мазмұнын ашып беремін. Көркем тілмен кестеленіп, қызықты оқиғаларға құрылған бұл шығарма оқушылардың қиялына қанат бітіріп, таңғажайып әлемге сапар шеккізеді, өнерге, білімге шақырып, батылдыққа баулиды. Ертегі мазмұнындағы жануарлар мен жәндіктер өте нақты бейнеленген. Мысалы, кәдімгі маса былай әндетеді:



Мен Масамын, Масасын,

Шаттық әнге басамын.

Күштімін де сұстымын,

Бар жәндіктен асамын.

Ал бақаның бақ-бақ етіп мақтанғаны былай суреттеледі:



Мен Бақамын, Бақамын,

Масаларды матадым,

Жыланды да жұтамын,

Жұтамын да жатамын.

Осылайша бар жәндіктер бір-бірінің алдында өздерін мақтап, асынып, тасынады. Міне, осы сәттерді оқушылар ертегі желісін оқып, көз алдына елестетеді. Әрбір жәндікті сипаттап, қағаз бетіне түсіруге құштарланады. Ендігі кезекте оқушылар салуға кіріседі. Ертегі мазмұнына байланысты кейіпкерлердің көңіл күйіне, табиғат көріністеріне байланысты реңктерін жарасымды беруге бөлулері қажет.

Егер ертегі мазмұны тұрмыс жайында болса, онда сәндік қолөнерге көп көңіл бөлініп, кейіпкерлер жиһаздарын ұлттық ою-өрнектермен безендірген жөн.

Сабақтың соңында оқушылар өздері салған суреттерге ат қойып, бірер сөйлем құрап жазғандары пайдалы, себебі оқушының тілі дамып, ой-қиялы жетіле түседі. Сонымен қатар, біткен жұмыстардан көрме ұйымдастырып, оқушылар өзара пікір алысады.


Үйге тапсырма беру: Оқулықта келтірілген «Жыл басы», «Батыр есек», «Арыстан мен түлкі» ертегілерінің біреуін ата-аналарына оқытқызып, ұнаған кейіпкерлерінің суретін салып келу.

Сабақ: №12

Сабақтың тақырыбы:

Натюрморт салайық.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Натюрморт жайлы мағлұматтармен таныс болу.

ә) Дамытушылық: Затқа қарап сурет салуды меңгеру.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Қалам, өшіргіш, қағаз, бояу түрлері, қылқалам, натюрморт бейнеленген суретшілер шығармалары. Балалар салған суреттер. Натюрморт салу үшін әкелінген гүл шоғы мен құмыра т. б. заттар.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Оқушыларға алдымен натюрморт тарихы жайлы түсіндіріп өтемін.



Натюморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Атап айтқанда, А. Ғалымбаева, Г. Ысмайылова, Т. Тоғысбаев. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Н. Нұрлыбаев, т. б. еңбектерінен айқын байқай аламыз. Суретші шығармаларын оқушыларға көрсете отырып, оған талдау жасаймын. Мысалы, заттар мен бұйымдарды бейнелеуге шебер суретші А. Ғалымбаеваның «Натюрморт» шығармасын алайық.

Суретшінің бұл еңбегінде қазақтың әсем ою-өрнектері, дастарқан бетіндегі алма, алмұрттардың ашық, жылы түс реңктері, орынды композиция арқылы жарасымды орындалғаны көрермен көңілінен шығады.

Шығарманы талдай келіп, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сезу, көру, бақылау, қабылдау сияқты түсінігін бекітемін.

– Балалар, сендер суретші шығармасынан қандай нәрселерді көріп тұрсыңдар?

- Суретші шығармасындағы бояу түстері бір-біріне жақын ба?

Суретші ою-өрнектерді не үшін бейнелеген?

Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі. «Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз.

Енді натюрморт құрауға болады. Мысалы, гүл мен құмыра, оқушының оқу құралдары т. б. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады.

Натюрмортты кезең бойынша саламыз. Тақтаға сызып, оқушыларға натюрморт салудың кезеңдерін көрсетемін.

Бұл жұмыстар алғашқыда қарындашпен орындалып, біткеннен соң бояу түстерімен реңктерді беріп, бояуды бастаймын.

Сабақ соңында оқушылар жұмысын көремін.

Композициялық шешімі, түс жарасымдылығы жағынан дұрыс орындалған жұмыстарды сынып көрмесінде талқылаймыз.



Үйге тапсырма беру: Натюрморт тақырыбына сурет салу. Мысалы, екі-үш алма тобына қарап сурет салу.

Сабақ: №13

Сабақтың тақырыбы:

Өрнек құрастырайық.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға бүгінгі сабақта өрнек ұғымын таныстыру,

қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіру. Оқушыларды

халықтық сәндік қолданбалы өнермен таныстыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын,

мәдениеттілігін дамыту. Ою-өрнек элементтерінің бояумен

орындау тәсілдерін үйрету.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қалам, өшіргіш, қағаз, бояу түрлері, қылқалам, сәндік қолданбалы өнер шығармалары туралы альбом, фотосурет, заттар үлгілері.

т. б. заттар.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Оқушыларға сурет салудың техникасы мен әдіс-тәсіл жолдарын жақсы меңгерту үшін қажет ою-өрнек нақыштарын бояу арқылы қылқаламмен бірден орындау жолдарын түсіндіремін. Ою-өрнек нақыштары – қолды жаттықтыруға, суретшінің ойын, қиялын ұштауға таптырмайтын құрал-әдіс, тамаша мектеп. Ою-өрнек суретшінің қолының икемін, әсем қимылдауын, сызықтың әдемі де айқышты болып сызылуын қалыптастырады. Ою-өрнек Орта Азия мен Қазақстан халықтары үшін ең негізгі безендіру құралы болып саналған. Сонымен қатар сурет өнері, қолөнері дамыған Шығыс елдерінде ең алдымен ою-өрнекке, оның салу жолдарына көп көңіл бөлінген. Ою-өрнек өнері Қазақ елінде кеңінен өркендеді, екінің бірі оюшы, он саусағынан өнер тамған шебер болды. Әжелеріміз киіз басып, сырмақ сырғанда, сәндік кілемдерді безендіргенде жасының ұлғайғандығы, күш-қуатының кемігендігіне қарамастан, өрнек нақыштарын композициялық шешімі мен түс жарасымдылығын дәл, нақты, әсем етіп орындай білген. Қазіргі кездің өзінде қолы шебер ата-әжелеріміздің жасаған өнер туындыларына таңғалмай тұра алмайсың.

Қазақ халқының ою-өрнек түрлері өте көп. Атап айтар болсақ, жануарлар өрнегі, өсімдік өрнегі, геометриялық өрнек, ғарыштық өрнек болып негізгі төрт бөлімге бөлінеді. Жануарлар өрнегіне мүйіз, қос мүйіз, қыңыр мүйіз, қаз мойын, табан, өркеш т. б. көптеген өрнектер кіреді. Өсімдіктер өрнегіне ағаш, жапырақ, үш жапырақ, өткізбе, шиыршық, гүл, жауқазын т. б. жатады. Ғарыштық өрнектерге шеңбер, шимай, төртқұлақ, шұғыла, жұлдыз, т. б. жатады. Геометриялық өрнектерге сүйір, ирек, төртүшкүл, балдақ, қармақ, тұмарша, шынжыр т. б. жатады.

Міне осы ою-өрнектерді айшықтап, сызып, жаттығып отырса, қол икемге келіп, сурет салғанда кездесетін көптеген бейнелеу сызықтарын тез меңгеруге болады. Сурет өнеріне талпыныс жасасақ қол икемі келмей, қиналатыны осыдан, сызықтарды көп сызып жаттықпағандықтан болады. Ою-өрнекті көп сызып, жаттықсақ сурет салуды да жақсы меңгереміз, кез келген жан-жануардың, адамның бейнелерін, олардың қозғалыстағы қалпын бетіне оңай түсіре аламыз.Ою-өрнекті салудың сырларын түсіндіріп болғаннан кейін, өрнек элементтерінің кейбір түрлерін тақтаға сызып көрсетемін. Тақтада тағы басқа өрнектерді, жеміс-жидектер өрнегін түрлендіріп, жаңа тәсілдермен орындап көрсетемін. Қайталанып отыратын өрнек элементтерінің ара қашықтықтарының бірдей болуына көңіл бөлемін.



Бірінші жаттығу: қылқаламды бояуға батырып алып, түрлі түсті бояумен «ирек» өрнегін сызып шығамыз. Алғашқыда қарындашпен жіңішке сызық арқылы жолақша сызып алу қажет. Қылқаламды бояу жеткенше қағаз бетінен алмай, жеңіл, асықпай сызып шығамыз.

Екінші жаттығу: «Ирек» өрнегін геометриялық өрнекке айналдырып сызамыз.

Жіңішке сызықтар арқылы жолақшаны дайындап алып, «ирек» өрнегін түзу сызықтармен қылқаламды жоғары-төмен жүргізіп отырып орындаймыз. Қағаздан жасалған бас киім, алжапқыш, сүлгі т. б. бұйымдар үлгісін жолақша, дөңгелек, үшбұрыш сияқты фигуралармен безендіру.

Тапсырма.


Үйге тапсырма беру: Бір бет ақ қағаз бетінде бірнеше өрнек түрлерін орындаймыз.

Сабақ: №14

Сабақтың тақырыбы:

Қаз балапанын мүсіндеу.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Үй құстарын сазбалшықтан жасай алуға, олардың қимыл-

қозғалысын бақылап, қадағалап, мүсіндеп бере білуге үйрету.

ә) Дамытушылық: Тұтас бір бөлік сазбалшықтан созу, илеу, тәсілдері арқылы

жұмыс орындауға дағдыландыру.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды кішіпейілдікке, жекелеп жұмыс жасауға,

ұйымшылдыққа, сабақта өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Кіші көлемдегі мүсіндік формалар, фотосуреттер, иллюстрациялар, ойыншықтар, ермексаз және оның құралдары және т. б. заттар.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Практикалық іс-әрекеттер алдында оқушыларға үй құстары жайында әңгімелеп, олардың ерекшеліктері туралы айтып өтемін. Мысалы, қаздардың жүрісі, тұрысы, жүрген кезі, мойнын созып, қанаьын жайып айбат шегуін, сол сәті бейнеленген кестелерден көрсете отырып әңгімелеймін. Осы орайда фотосуреттер, балалар салған суреттер, шағын мүсіндерді көрсету пайдалы. Оқушылардан құстар денесінің формасы, басы, кеудесі, тұмсығы қандай пішінде екендігін сұраймын. Әр түрлі құстарды бір-бірімен салыстырып, дене құрылыстарының ерекшеліктерін бақылауға көңіл бөлуін сұрап, әңгімеге тартамын. Қаз балапанының әр түрлі қимыл-қозғалыста болған сәтін бейнелеуге оқушылардың қызығушылығы басым екендігі олардың салған суреттерінен көрініп тұрады, сондықтан сазбалшықтан балапанды жасауда да олар қозғалыс қалпын беруге тырысады. Балапанның негізгі формасы домалақтанып келгендіктен, сазбалшықты бүгін бір бөліктен жасау ыңғайлы. Тұтас денені жасап алып, қалған бөліктерін жеке жасап, жапсыруға болады. Ал мойын сол тұтас бөліктен шығады. Ол үшін сазбалшықты сол қолға ұстап тұрып, оң қолмен созбалап тарту керек. Мойынды созу тәсілімен шығарып алған соң, бас бөлігін жалғастыра жапсыру керек. Қаз балапаны екендігін айқындайтын тұмсығына ерекше назар аудару шарт. Жалпы қаз балапанының формасын жасап болғаннан кейін ұқсастығын тексеріп, артық жерін алып тастап, кем жерін қосатын жұмыстар орындалады. Қаз балапанын жасау кезінде оның негізін тұрғызу үшін таяқшалар пайдаланылады. Қанаттары да солай жасалынады, әсіресе балапан қанатын жайып, жүгіретін болса, оны жеке жасап алу шарт. Жұмыс соңында саусақтың ұшымен сипау арқылы тегістеп шығады. Орындалған жұмыстар белгілі бір жерге қойылып, пішіндері, түрлері, қимыл қозғалыстары, дене мүшелерінің бір-бірімен қатынас тепе-теңдігі тексеріледі. Бұлай талқылау жасау оқушыларға үлкен пайдасын тигізеді. Олар өздерінің жетіспей жатқан жақтарын көріп, қателерін жөндейді, жетістіктеріне қуанады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет