Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сабақтың мақсаты



бет16/52
Дата20.06.2018
өлшемі8,7 Mb.
#43693
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
АВ кесіндісінің фронталь және горизонталь проекциялары А1В1 және А2В2 беріліп, оның профиль проекциясын салу керек болсын (59, а-сурет). А1 және В1 нүктелері арқылы горизонталь байланыс сызықтары жүргізіледі. Бұлар z осін Аz және Вz нүктелерінде қияды. Вертикаль байланыс сызықтарының х осімен қиылысу нүктелері Аx және Вх болсын. Горизонталь байланыс сызықтарының бойына |АxА2| және |BxВ2|-ге тең АzА3 және ВzВ3 кесінділерін салып, А3 және В3 нүктелерін аламыз. А және В нүктелерінің табылған профиль проекцияларын қосатын А3В3 кесіндісі берілген АВ кесіндісінің профиль проекциясы болады (59, ә-сурет). АВС үшбұрышының фронталь және профиль проекциялары – А1В1С1 және А3В3С3 үшбұрыштары беріліп, оның горизонталь проекциясы - А2В2С2 үшбұрышын салу керек болсын (60, а-сурет). А1, В1 және С1 нүктелері арқылы вертикаль байланыс сызықтарын жүргізіп, олардың бойына х осінен бастап нүктелердің сәйкес профиль проекцияларынан z осіне дейінгі қашықтықтарға тең кесінділер саламыз. Сонда А2, В2 және С2 нүктелерін аламыз. С3 нүктесі аппликаталар осінде жатыр, сондықтан С2 нүктесі абсциссалар осінде жатады. Енді А2, В2 және С2 нүктелерін кесінділермен қосу жеткілікті (60, ә-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет