Призма. Табандары деп аталатын екі жағы параллель және тең көпбұрыштар, ал қалған бүйір жақтары параллелограмдар болатын көпжақты - призма деп атайды. Егер табаны пбұрышты фигура болса, онда призма n-бұрышты призма деп аталады. Призмаларды тік және көлбеу призмалар деп екі топқа бөледі. Тік призманың жақтары тіктөртбұрыштар болады және табандарымен 90° бұрыш жасайды. Табаны дұрыс п бұрыш болатын тік призманы дұрыс n-бұрышты призма дейді. 70, а-суретте дұрыс алтыбұрышты призманың сызбасы, ал 70, ә-суретте оның қиғашбұрышты фронталь диметриясы көрсетілген. Призманы фронталь проекцияда оның үш жағы көрінетіндей етіп орналастырады, оның себебі кейінірек айтылады. Алдымен горизонталь проекциясын салып алған дұрыс. Призманың табандары горизонталь орналасқан, сондықтан олар 2 жазықтығына нақты шамасына проекцияланған. Призманың алты бүйір жағы - горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан тіктөртбұрыштар. Олардың екеуі фронталь проекция жазықтығына параллель. Бүйір қырлары - горизонталь проекциялаушы кесінділер, ал табан қырлары – горизонталь орналасқан кесінділер. 71-суретте үшбұрышты көлбеу призманың фронталь, горизонталь және профиль проекциялары салынған.