Үйге тапсырма беру: 69-суреттегі бесбұрышты пирамиданың төбелерін, қырларын және жақтарын санап шық. Жалпы және жеке жағдайда орналасқан қырлары мен жақтарын ажыратып ал. Оның неше қыры горизонталь, неше қыры профиль проекциялар жазықтығына параллель, неше қыры 3-ке перпендикуляр және неше қыры жалпы жағдайда орналасқан? Пирамиданың жақтарының ішінде деңгейлік фигуралар бар ма? Проекциялаушы фигуралар бар ма? Оның неше жағы жалпы жағдайда орналасқан?
Сабақ: №33
Сабақтың тақырыбы:
Геометриялық денелердің проекциялары. Жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың таным қабілетін, логикалық ойлау
қабілетін дамыту, оқушыларды детальдарды кескіндеп,
бейнелеуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Детальдардың күрделілігіне қарай сызбаларын сызу,
қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс
жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, мәдениетті
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Цилиндр. Цилиндр туралы жоғарыда айтылған. Математика курсында цилиндрді тіктөртбұрыш өзінің бір қабырғасынан айналғанда шығатын айналу денесі деп түсіндіреді. Тіктөртбұрыштың қозғалмайтын қабырғасын цилиндрдің осі деп атайды, ал оған қарама-қарсы қабырғасы - жасаушысы. Жасаушысы цилиндрдің бүйір бетін және қалған екі қабырғасы цилиндрдің табандары болатын бірдей екі дөңгелекті сызып шығады. 72-суретте горизонталь проекциялар жазықтығында тұрған цилиндрдің сызбасы және тікбұрышты изометриясы сызылған. Цилиндрдің фронталь және профиль проекциялары - тең тіктөртбұрыштар, ал горизонталь проекциясы шеңбер болатынын көреміз. Айналу цилиндрінің осі табан жазықтықтарына перпендикуляр. Цилиндрдің бетінде жататын оның осіне параллель кесінді жүргізуге болады. 72-суретте осындай кесінділердің бірі АВ
көрсетілген. Осындай кесіндіні, мысалы, АВ кесіндісін, цилиндрдің жасаушысы деп атайды. Оның себебі АВ кесіндісін осьтен айналдырса, онда ол кесінді цилиндрдің бүйір бетін жасайды. Цилиндрді картоннан жасап алуға болады. Ол үшін оның жаймасын салу керек. 72, б-суретте цилиндр бетінің жаймасы келтірілген. Жайма тіктөртбұрыштан және екі дөңгелектен тұрады. Дөңгелектер - цилиндрдің табандары, ал тіктөртбұрыш - оның бүйір бетінің жаймасы. Тіктөртбұрыштың биіктігі цилиндрдің биіктігіне тең, ал ұзындығы оның табанындағы дөңгелек
шеңберінің ұзындығына тең. Шеңбердің ұзындығы с болсын, ал диаметрі d болсын. Олардың қатынасын гректің ("пи" деп оқылады) әрпімен белгілейді. Сонда Осыдан с = , ал 3,14. Жоғарыда қарастырылған цилиндрді тік цилиндр дейді. Жасаушылары табан жазықтықтарына көлбеу болатын цилиндрді көлбеу цилиндр деп атайды. Көлбеу цилиндрдің табандарындағы дөңгелектердің центрлерін қосатын түзу (цилиндрдің осі) оның табан жазыкқтықтарына перпендикуляр болмайтындығын байқау қиын емес. Көлбеу цилиндрдің сызбасы 73-суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |