V.Сабақты қорытындылау
М..Мақатаевтiң «Барлығы да сендердiкi», С.Мәуленовтiң «Менiң Республикам» өлеңдерiмен үндестiгiн аңғарту, «Атамекен» әнiн үнтаспадан тыңдау.
VI.Үйге тапсырма
Өлеңдi мәнерлеп оқу, «Атамекен-алтын ұям» тақырыбына ой толғау жазу.
VII.Бағалау
Сабақ №6 күні:
Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қ.Жұмаділов өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, «Қозыкүрең» шығармасының мағынасын аша түсіндіру
Дамытушылық: Оқушының ойлау, сөйлеу дағдыларын арттыру, өздік, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Қазақтың салт-дәстүрімен тәрбиелеу, оқушы бойына сіңіру.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы.
Көрнекіліктер: Автор портреті, кестелер, кубик
Пәнаралық байланыс: тарих, салт-дәстүр
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын бақылау
II.Үй тапсырма
Үйде жазып келген шығармаларын оқыту.
Өткен тақырыптар бойынша бекіту сұрақтары алынады.
III.Жаңа сабақ
Слаидтан Қ.Жұмаділов портреті мен өмірбаяны көрсетіледі.
Қ.Жұмаділов 1936 жылы Қытай Халық Республикасының Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Өз мекеніне оралған соң Әл-Фараби атындағы университеттің филология факультетін аяқтайды. Қазақстанның халық жазушысы, ақын.
Шығармашылығы: «Саржайлау, Сәйгүліктер, Бір қақпаның тұрғындары, Бір түп тораңғы», «Көкейкесті, Соңғы көш, Атамекен» романдары орыс тіліне аударылып басылған. Шығармаларының көбі бірнеше тілде жарық көрді.
Шығармаға сатылай талдау
Авторы:
Тақырыбы:
Идеясы:
Әдеби тегі:
Көркем тілі:
Сюжетті-композициялық талдау
Сөздік
Тәрбиелік мәні:
Көркемдік ерекшелігі:
IV.Сабақты бекіту
«Кубизм» стратегиясымен жұмыс
Баяндаңыз,зерттеңіз, салыстырыңыз,талдаңыз,қолданыңыз, суреттеңіз.
Үш қатарға бөлініп беріледі.
V.Сабақты қорытындылау
Сұрақ-жауап
1.Ағыбай мен Төреқұл достығы қашан, қалай басталған?
2.Төреқұл Ағыбайды қалай қары алды?
3.Қырғыз, қазақ халықтарының туыстығы туралы ойларыңды айтыңдар.
4.Достықты балалар жалғастырсын дегеді қалай түсінесіздер?
5.Өз араларыңыздағы достықты қалай бағалайсыздар?
VI.Үйге тапсырма
«Сыналған достық» шығарма жазу. Шығармашылық жұмыс: «Ат-ер қанаты»
VII.Бағалау
Сабақ №7 күні:
Сабақтың тақырыбы: «Қозыкүрең» әңгiмесiндегi тұлпар бейнесi
Сабақтың мақсаты:
1.бiлiмдiлiк: Әңгiмедегi тұлпар бейнесiне талдау жасау, мәтiн бойынша жұмыс iстеуде баланың оқып ұғынарлық дағдысын тудыру, көркем сөздiң элементтерi бойынша талдап, танып оқырлық дәрежеге жеткiзу
2. дамытушылық: оқушының логикалық ойы мен сөйлеу тiлiн жетiлдiру, шығармашылыққа жетелеу;
3.тәрбиелiк: жылқы малын қастерлеуге, достыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрi: аралас сабақ
Әдiстерi: мәнерлеп оқу, әңгiмелеу, талдау, сұрақ-жауап, салыстыру т.б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңi
Балалармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру.
II.Үй жұмысын сұрау
-«Қозыкүрең» әңгiмесi неге олай аталған?
-Қозыкүреңнiң айрықша белгiсiн, қасиеттерiн ашу үшiн бес жолды өлең құрастыру.
-Бөлiмдер бойынша сурет салып, оны қорғау
III.Жаңа сабақ
I. «Проблемамен саудалас» стратегиясы.
Әр топ екi сұрақтан дайындап келiп, топтарға бередi.
II. «Экспорт парағын» толтыру.
Әдеби теориялық ұғымдар (көркемдеуiш сөздердi табу)
1. Теңеу дегенiмiз не? (Анықтамасы, мәтiннен теңеу сөздердi табу)
2. Портрет дегенiмiз не? (Анықтамасы, мәтiннен табу)
3. Пейзаж дегенiмiз не? (анықтамасы, мәтiннен тауып оқу)
III. Авторы жайлы не бiлемiз?
Қ.Жұмадiловтың өмiрi мен шығармашылығы туралы оқушы жауабы.
(Жазушы мен кейiпкерiмiз арасындағы ұқсастық. Туған жерге оралу, мақал-мәтелдермен қорыту)
IV.«Шығармалар кестесi»
Салыстыру (Ақан Серiнiң Құлагерiмен салыстыру)
1.Оқиға орны:
2. Идеясы:
3.Кейiпкерлерi:
4.Ортақ көрсеткiш:
5. Ат сынаған кiмдер:
6.Әңгiме соңында не болды?
7.Аттар қалай мерт болды?
V. Жылқы малының асыл қасиеттерiн топтастыру:
Сезiмтал көлiк адамға дос
Түс көредi жершiл жетi қазынаның бiрi
өтi жоқ киелi кiрпияз
күйiс қайтармайды тәкаппар ер қанаты
жүйрiк қымызы ем терiсi пайдалы
IV.Сабақты бекiту
1.Әңгiмеден алған әсерiң қандай?
2.Мәтiнде қолданылған мақал-мәтелдердiң мәнiн қалай түсiнуге болады?
3.Тағы қандай тұлпарларды бiлесiңдер?
V. Үйге тапсырма
«Түбi бiрге туысым», «Менiң тұлпарым», «Бәрiмiз де туыспыз» тақырыптырының бiрiне шығарма жазу.
VI.Бағалау
Сабақ № 8 күні:
Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Ат-ер қанаты»
Мақсаты:
1.Оқушылардың қазақ халқының жылқы, ат тақырыбынан алған бiлiмдерiне бақылау жасау, бiлiм деңгейiн тексеру мақсатында шағын шығарма жаздыру;
2.Жазбаша көркем тiлiн дамыту, теориялық бiлiмдерiн сарамандық жұмыста пайдалана бiлу дағдыларын дамыту, ой еңбегiне баулу, өз беттерiмен iзенуге, қорытынды пiкiр жасай бiлуге дағдыландыру, шығармашылық жұмысқа баулу;
3.Қазақ халқының өнерiн құрметтеуге, мәнiн түсiнуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрi: бiлiм дағдыларын тексеру сабағы
Әдiстерi: тiрек сөздермен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгмелесу
Көрнекiлiгi:
Тiрек сөздер жазылған қағаз
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңi.
1.Амандасу. 2.Кезекшiмен сұхбат
II.Негiзгi бөлiм
А) Сабақтың мақсатымен, барысымен танысу.
1) Шығарма жазуда басшылыққа алатын негiзгi мәселелермен танысу:
-Таңдалған тақырыпты әбден ойлан. Жоспар тақырыпқа сай жасалсын, эпиграф тақырып пен негiзгi идеяны ашуға сәйкес алынсын.
-Сөйлемдер тиянақты, ойлы болсын, әдемi, айшықты сөздердi пайдалан.
-Қате жiбермеуге талпын. Сауаттылық-шығарма үшiн ең маңызды мәселе.
2) Тақырып бойынша ауызша жұмыс жүргiзу.
Тiрек сөздер мен сөз тiркестерi тақтаға iлiнедi:
Қазақ халқы, төрт түлік, қанатты пырақ, қымыз, көлік, салт-дәстүр, ұлттық ойындар, қазы-қарта, жал-жая, батырлар мінген, сәйгүліктер.т.б.
Оқушылар тiрек сөздердi пайдалана отырып жауап беру керек:
-Қазақ халқы неге бай?
- Жылқының пірі не?
- Батырлар жауға немен аттанды?
-Қазақ қандай халық?
- Атпен ойналатын ұлттық ойындар қандай?
3) Шығарма жазғызу
Сабақты бекiту.
Бағалау
Үйге тапсырма: жаңа сөздердi қайталап, сөздiк диктантқа дайындалу
Сабақ №9 күні:
Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Оюлар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру. Өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы халықтың асыл қасиетін өзіне жинақтаған ұлттық қолөнер бұйымдарын, ою-өрнегін, халықтық дәстүрді, өнерді дәріптеу арқылы оны бағалап, қастерлеуге баулу. Олардың ұшқыр ой, әсемдік талғам және белсенді біліктілік шеберліктерін дамытуға ықпал ету.
Дамытушылық: Оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеуде өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру, ой өрісін дамыту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, шеберлікке, шапшаңдыққа, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі: Кітап көрмесі, интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу. Сынып тазалығын, сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Қ.Жұмаділовтың «Қозыкүрең» шығармасына байланысты «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта жазып келген шығармаларын оқыту, бағалау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту
Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру. (Интерактивті тақтадан көрсету)
Ассосация құрастыру
«Ою» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
Өлеңді мәнерлеп оқу
(Мұғалім мәнерлеп оқиды. Содан кейін оқушылар тізбектей мәнерлеп оқиды. Қысқаша өлеңнің мазмұны сұралады.)
Сөздік жұмыс
БАСҚҰР – киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын айналдыра орап (байлайтын) таңатын өрнектелген жалпақ бау.
ЖЕЛБАУ – киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланылатын өрнектелген төгілме шашақты бау.
(Интерактивті тақтадан киіз үйдің суреттері мен жабдықтары арқылы түсіндіру.)
Әдебиет теориясы
Өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына қарай талдау
Түрін-ай\\ текеметтің!\\Асыл қандай!
Үңілдім\\ үнсіз ғана\\ басымды алмай.
«Келе ғой,\\ қошақаным,\\ өзіме!» деп,
Әжем кеп\\ сипағандай\\ шашымнан жай.
4 тармақты, 1 шумақ, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.
6. Бекіту
Оқулықпен жұмыс
Қошқармүйіз оюын ойдыру. Оны өлең тілімен суреттеп жазу.
(Күй ойнап тұрады, оқушылар ойған оюларына байланысты 1 шумақ өлең шығарады.)
Интерактивті тақтадан әр түрлі оюлар көрсетіліп жатады.
IV. Сабақты қорытындылау:
Міне, балалар, Фариза апаларың:
Шебер көп бұл заманда кілең керім,
Болмайтын ажыратып түр-өңдерін.
Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан,
Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім,- деген өлең жолдарында әжелеріміздің қолдарынан шыққан сан қилы оюлары, қолөнер бұйымдары жұртты таң қалдырса, Фариза апамыз өзінің өлеңдерімен жұртты сүйсіндіріп, халқының аяулы қызына айналып отыр.
Сонымен «Оюлар» өлеңінен оюлардың шығу тарихынан көптеген мағлұматтар алдық. Айтайын деген ойын оюмен жеткізген бабаларымыз қандай ойшыл, шебер болған десеңші. Бабалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту біздің міндетіміз.
V.Үйге тапсырма:
Өлеңді жаттау.
Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында қосымша деректер жинап келу.
VI.Бағалау
Сабақ №10 күні:
Сабақтың тақырыбы:М.Шаханов «Отырар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, «Отырар» өлеңін мәнерлеп оқып,қазақ ұлтының қиын да, қатерлі талай асулардан өткеніне тоқталып,өлең идеясын ашу.
Дамытушылық: «Отырар» өлеңі арқылы балаларға қазақ халқының тарихы жайлы мағлұматтар бере отырып, балалардың логикалық ойын дамыту.
Тәрбиелік:Осы өлеңді түсіндіре отырып, қазақ халқының өршіл рухын,көрген қасірет, бойындағы сақтай білген асыл қасиеттерін бала санасына ұялата біліп,сұлулық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Ассоциациялау,түсінік, сұрақ-жауап, тест
Сабақтың көрнекілігі:М.Шахановтың портреті,жинақтары,нақыл сөздер жазылған билбордтар, «Көне Отырар» , «Отырардың күйреуі» суреттері
Пәнаралық байланыс:Тарих,география.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сыныпқа келіп,оқушылармен сәлемдесіп,қатысуын тексеру.
2.Балалар назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын қорытындылауға арналған тест сұрақтары
Ф.Оңғарсынова өмірі мен шығармашылығына арналған.
ІІ.Жаңа сабақ.
Бүгінгі жаңа сабағымызда М.Шахановтың «Отырар»дастанын өтеміз.М.Шахановтың «Отырар»дастанын жазуға не себеп болды екен? Мүмкін Мұхтардың балалық шағы сонда өтті ме?Ия,шындығында М.Шахановтың балалық шағы сол өңірде өткен екен.Әкесінің айтқан ескі Отырар жайлы әңгімелері осы Отырар дастанын жазуға себеп болған екен.
1.Тарихымызда талай-талай ақын,әнші ірі-ірі тұлғалар өткен. Қазіргі заманымыздың ірі тұлғасы М.Шахановты бұрыннан Арал проблемасын көтеруші,Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі мемлекеттік тілді қызғыштай қорып жүрген кісі ретінде білсек,қазір сан мыңдаған ғасыр бұрыннғы тарихымызды бізге жеткізе білген ақын ретінде танимыз. 2.Отырыр сөзін ассоциациялау.
1.Қала,шаһар, кент, ауданы,
2.Кітапхана, базар.
3.Хан, билер.
ІІІ.Суреттеге қарап,Отырардың бейнесін тамашалау.Құм басқан төмпешіктер,қираған қала,мидай жазық дала-бұл бүгінгі Отырардың көрінісі.Осы көріністі өлең етіп жырлауға М.Шахановқа не себепкер болды? Бұл сұраққа жауап ретінде Мұхтардың әкесінің досына жазған хатынан үзінді келтіруге болады. « Атадан балаға ауысып келе жатқан дәстүр бойынша ұлымды тіземе отырғызып,Отырарды қорғау жолында опат болған, ұлы бабаларымның жанқиярлық күресін әңгімеледім»..
IV. «Отырар» өлеңінің мазмұнымен толық танысу.
V.1219 жылы қыркүйек айында Монғол билеушісі Шыңғысхан жасағы Отырар қаласын басып алады.Өлең –Шыңғысханның ұлы Шағатайға ұрысынан бастау алады.Алты ай бойы жеңілмеген Отырар алты-ақ күнде жермен-жексен Қирайды.Осы тарихи шындықты ақын М.Шаханов негізге ала отырып,сыртқы басқыншы жауға қарсы күрескен Отырар халқының ерлік ісін, оның басшысы Қайырханды мадақтап жырлайды.Сол арқылы еліне,отанына опасыздық жасаған сатқынның қай дәуірде де сазайын аларын сездіреді.
Өлеңді 3 қатарға бөліп беріп оқытып,түсініктерін сұрау.
Рухы-өр,
Тәні бекем,
Бұл бірқайсар халық екен,
Тірліктен де артық қойған бірлікті,- деген Шағатай сөзінде біздің қазақ халқының қайсарлығын,қайраттылығын, рухының жоғары екендігін білдіріп тұр.
IV.Сабақты бекіту
«Отырарды мен қорғасам кайтер едім?»- деген тақырыпқа шағын мәтін жазу.
VI. Сабақты қорытындылау
Біз балалар «Отырар» поэмасын өтіп,кішкене болса да, білім қорларымызды кеңейткен сияқтымыз.Тарихты, халықты білдік,ерлік –батырлықты,өрлік-билікті,тіпті сүйікті ақынымыз М.Шахановты кеңінен таныдық.
Қорыта келгенімізде ,біз поэма арқылы қазақ деген қайсар халық екенімізді білдік.Дастаннан Отырар-атты әйгілі шахарымыз болғандығын,сол Отырарды қорғау жолындағы бабаларымыздың жанқиярлық күресте опат болғандығын аңғардық.Сол дәуірде Отырар жеңіліс тапқанымен,қазақ елінің сағы сынбады,қайта елге, отанға,жерге деген сүйіспеншілігі артып, рухы әркез асқақ та биік тұрды.Соның бір айғағы,Рухы өр, тәні бекем қазақ жастарының 1986 жылғы орыс отаршыларына қарсы ұйымдастырған желтоқсан көтерісі.Талай жас қырғынға ұшырады,елі үшін қаза тапты.Сол кездердегі қазақ халқына ұлтшыл деп кінә таққан КОКП Орталық Комитетінің саяси бюросына М.Шаханов ағамыз қарсы шығып,еліміздің тәуелсіздік алуына мұрындық болды.Қазақ елі талай қиын өткелдерден өтіп,бүгінгі күні тәуелсіз ел атанып,бақытты ғұмыр кешуде.
ББҮ кестесі
Білдім
|
Білемін
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
VI.Үй тапсырмасы
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай отырып, үйге тапсырма алайық.Өлеңді мәнерлеп оқу,өздеріңе ұнаған тұсын, бөлімін жаттап келу.
VII.Бағалау
Сабақ № 12 Күні:
Сабақ тақырыбы: Н.Сералиев «Аңсау»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Н.Сералиев өмірі мен шығармашылығына тоқтала келе, «Аңсау» әңгімесінің мазмұнын ашу, композициялық талдау жасату.
Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың еңбегңн құрметтеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет тұрғысында тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Оқыта отырып баяндау, сұрақ-жауап, шығармашылық топпен жұмыс
Көрнекілігі: Плакаттар, кейіпкер портреті, интер. тақта
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасау, кезекшімен сұхбат.
Сыныпты топқа бөлу.
II.Үй тапсырмасын сұрау
М.Шаханов өмірі мен шығармашылығымен таныстыру
1. «Отырар» дастанының жазылу тарихы.
2.Өлеңнің түйіні қандай?
3.Өлеңге арқау болған не жағдай?
III.Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты айтылады.
Нәсіреддин Сералиев 1930жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қашқансу деген жерде дүниеге келген.Ол кісі журналистік қызмет атқара жүріп, балаларға арнап көптеген әңгімелер мен повестер жазды. Мысалы: «Ақ лақ пен қара лақ», «Әңгелек», «Ақбөпе», «Ақ қайың», «Ыстық күлше» т.б. Көптеген шығармаларының ішінде бізге оқуға беріліп отырғаны «Аңсау».
Бұл шығармада кішкентай Ермектің өз атасын аңсауы, көшедегі бейтаныс қарияны өз атасына ұқсатып үйіне ертіп келуі, Ермектің балалық шат көңіліне қаяу түсірмеу үшін Ермектің анасының парасаттылығын жазушы қарапайым тілмен шебер суреттеген.
«Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс
Шығарма екі топқа бөлініп беріледі.
Баяндаңыз: әңгімені желісін баяндау.
Суреттеңіз:оқиға болған кезеңді суреттеңіз немесе суретпен бейнелеңіз.
Салыстырыңыз: өткен тақырыптар бойынша құсас шығармаларды салыстыру
Зерттеңіз: Әңгіменің тақырыбын,идеясын, тәрбиелік мәнін зерттеу.
Қолданыңыз: мәтін желісі бойынша қолданылған мақал, нақыл, қазақтың ұлттық тағамдарын теріп жазу және сөйлем құрауға қолданыңыз.Диалогқа көңіл бөліңіз.
Елестетіңіз: Қария мен баланың ойынын елестете суреттеңіз.Анасы бейтаныс қарияға қалай сенім артты?
IV.Сабақты бекіту
Концептуалдық кесте
Әңгіме
кейіпкерлері
|
Адамгершілік қасиеті
|
Іс-әрекеті
|
Өз бағаң
Себебі
|
|
|
|
|
V.Сабақты қорытындылау
Сұрақ-жауап
1.Шығарма несімен ұнады?
2.Кейіпкерлер бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
3.Әңгіме соңында қария Ермектің анасына қандай жақсы сөз айтты?
VI.Үйге тапсырма
Шығарманы толық оқу. Автордың басқа да шығармаларын тауып оқу.
«Менің атам» тақырыбында шығарма жазу.
VII.Бағалау
Сабақ №13 күні:
Сабақтың тақырыбы: Ана парасаттылығының суреттелуі.
Әдеби\теор: әңгіме туралы ұғым.
Мақсаты:.Шығарма желісімен ананың биіктігі, ақылдылығын ашу.
Міндеті:
1.Ермектің анасының бейтаныс қарияға жасаған жақсылығын түсіндіру.
2.Ой-өрістерін, тілдерін, шығармашылық ізденістерін дамыту.
3.Мәнерлеп оқуға, көркем сөйлеуге баулу, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.Аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: талдау
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: кестелер
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын бақылау.
II.Үй тапсырма
«Аңсау» әңгімесінің мазмұнын сұрау.Автор өміріне шолу.
III.Жаңа сабақ
Шығарма желісімен талдау жасау.
1.Кесте
кейіпкер
|
іс-әрекеті
|
жақсы
|
жаман
|
Қалымбет қария
|
|
|
|
Ермектің анасы
|
|
|
|
Бала Ермек
|
|
|
|
2.Ана құдіреті сұрақ-жауап
Ана деген сөзде қаншалықты мейірім, жылылық жатыр?
Әркім өздерінің анасы туралы әңгімелесін.
Ермектің анасы туралы қандай ойдасыздар?
3. «Ана» топтастыру.
4. «Ана-ұлы тұлға» эссе.
5.Шығармадан Ермектің анасының сөздерін теріп оқыту.
IV.Сабақты қортындылау
Ана туралы мақал-мәтел, өлеңдер айтқызу.
V.Үйге тапсырма
Ана туралы өлең жаттау. Шығарманы толық оқу, мазмұндау.
VI.Бағалау
Сабақ№ 14 күні:
Сабақ тақырыбы: Ж.Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң»
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Ж.Нәжімеденов өлеңдерін мәнерлеп оқыту, өлеңнің мазмұнын, тақырыбын ашу, өлеңдегі көркемдеуіш сөздерді табу.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын арттыру, өз ойларын еркін жеткізуге,шығармашылықпен жұмыс жасауға машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке , елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы, шығармашылықпен, ұжымдық жұмыс жасауға жұмылдыру
Сабақтың әдісі: СТО, сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі:Сызбалар, суреттер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі
Сабақ барысы
I.Қызығушылықты ояту
Ой қозғау
Сабақтың эпиграфы
Дерек оқу
2006жылы 11 қаңтарда «Менің Қазақстаным» әні ҚР Мемлекеттік Әнұраны ретінде алғаш рет Астанадағы «Ақорда» резиденциясында Н.Назарбаевтың ҚР Президенті лауазымына салтанатты кірісу сәтінде орындалды. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша, Жұмекен әнді осыдан 50жыл бұрын, 1956 жылы Алматыда, белгілі қобызшы Гүлсара Бірманованың үйінде жазған.
II.Мағынаны тану
Хронологиялық кесте
Туған жері
|
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,Қошалақ ауылы.
|
Қызметі
|
ҚР Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.
|
Білімі
|
Құрманғазы ат.консерваториясында, Мәскеуде жоғары әдеби курсты аяқтаған.
|
Қызметі
|
Қарағандыда қарапайым шахтердан бастаған.
|
Шығармалары
|
Он өлеңдер жинағы, аудармалары, кейінен өлеңдер жинағы т.б.
|
Өлеңді электронды оқулықтан тыңдата отырып, оқушылардың өздеріне жалғастырып оқытылады.
Сөздікпен жұмыс
Түңілу-күдер үзу, безу
Жамандар- қасиеті жаман адамдар
Емеурін-барлап қара
Ақын өлеңін кімге арнаған?
/ Екі жақты түсіндірмелі күнделік/
Осы өлеңнің маған әсер еткен шумағы
|
Неліктен ол маған әсер етті?
|
|
|
Тапсырма:
Өлең құрылысына талдау
/ 4 шумақты, 4 тармақты, 12 буынды, ааба қара өлең ұйқасы/
Көркемдік ерекшелігіне талдау
Тәрбиелік мәнін ашу.
III.Ой толғаныс
«Ақыл жастан» ойтолғау
Сұрақ-жауап
«Екі жақты бақылау күнделігін » толтырамыз.
Мәтіннен үзінді
|
Оқушы көзқарасы
|
Мақал-мәтел
|
Жақсы жанның ұнтқаны-тілегім,
Қауіптенем жамандарға ұнаудан
|
Өзімнің жеке бас мәселемнен гөрі халықтың жағдайын жоғары қоямын.
Әрқашан еліме, туған жеріме адал қызмет етемін.
|
Жақсы бала жеткізеді мұратқа...
|
|
|
|
Үйге тапсырма
Өлеңді жаттау.Автор өміріне шолу.
Бағалау
Сабақ №15 күні:
Сабақ тақырыбы: Ж.Нәжімеденов «Жаманыңды көрмесем»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ж.Нәжімеденов шығармашылығынан «Жаманыңды көрмесем»өлеңіне талдау жасату;
Дамытушылық: Оқушыларды көркем әдеби сөйлеуге, поэзия оқуға баулу, ойлау, сөйлеу дағдыларын арттыру;
Тәрбиелік: көркем әдебиетті оқуға баулу, сыйластық, ізденімпаздық қасиеттеріне тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі:
Пәнаралық байланыс:
Сабақ барысы
I.Қызығушылықты ояту
1935-1983жж Атырау облысы, Теңіз ауданы,
Қошалақ ауылы
Ж.Нәжімеденов
Әнұранның авторы көрнекті ақын,
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.
Поззия әлеміне саяхат. Өлеңді мәнерлеп оқыту
II.Мағынаны тану
Кітаппен жұмыс
Мұғалімнің мәнерлеп оқуы
Оқушыларға оқыту
Мағынасын ашқызу
Сөздікпен жұмыс
Өлең құрылысына талдау
Ала алмаған жау бізден мекендей бір,а
Мекендей берік болсаң екен деймін. а
Жақсының бәрін өзім мақтан етіп, б
Жаманыңды көрмесем екен деймін. а (2шумақты, 4тармақты,12буынды,
3бунақты, қара өлең ұйқасымен жазылған)
III.Ой толғаныс
Топтастыру «Адам бойындағы іс-әрекет»
Жақсы Жаман
«Әке мен бала достығы» әңгіме жазу.
Үйге тапсырма Өлеңді жаттау.
Бағалау
Сабақ № 16 күні:
Сабақтың тақырыбы: К.Ахметова «Қазағым менің»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: К.Ахметова өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.
Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету.
Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүйуге, патриорт болуға шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: К.Ахметова портреті, тірек- кесте буклет, плакат, көркем әдебиеттер, семантикалық карта, т.б.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құрал-дарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ж.Нәжімеденов өмірі, шығармаларын мәнерлеп оқыту.
III. Жаңа сабақ
Сабақ мақсаты айтылады.
Күләш Ахметова өмірбаянын айту.
К.Ахметова 1946 жылы Қырғыз Республикасының Талас облысы, Кировка селосында дүниеге келген. Ақынның алғашқы өлеңдері 1960 жылдан жарық көре бастады. 1975 жылы «Ақ гүлім менің» атты тұңғыш кітабы жарық көрді. 1978 жылы «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығына ие болды. Содан бері он шақты жыр жинақтары жарық көрді. Ақынның «Жапырақ-жаздың жүрегі», «Мейірім», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Арғымақтар даласы», «Наурыз нұры» атты кітаптары -өз оқырмандарын тапқан құнды дүниелер.
Сыршыл, нәзік ақын. Адам бойындағы асыл қасиеттерді, ізгі сезімдерді оятады.
Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
Мағынасын ашу сұрақтары
1.Қазақ халқының басынан кешкен қандай ауыр кезеңдерін білесіңдер?
2.Қазақ тәуелсіздігін қандай жолдармен алды?
3.Тәуелсіздік жолында құрбан болған қандай аға-апаларыңды білесіңдер?
Мұғалімнің толықтыруы
Қазақ сонау ертеден басынан талай қиыншылықты өткізді. «Ақтабан шұбырынды», талай соғыс дүрбелеңі, ұлт-азаттық көтеріліс, екінші дүниежүзілік соғыс т.б.Талай ағаларымыз сонау Махамбет, Бөгенбайлар, Қайрат, Исатайлар қазақтың тәуелсіз мемлекет болуы жолында қаншама қан, тер төкті. 1986жылғы «Желтоқсан » көтерілісінің нәтижесінде еліміз егемен ел болды. Биыл Тәуелсіздігімізге-20жыл. Қазақстан өсті, өркендеді. Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікті сендер көрдіңдер.Қазақстанның өркендеуі, болашағы сендердің қолдарыңда.
Өлең құрылысына талдау
Өлеңде көтерiлген
проблема
|
Проблеманың ашылуы
туралы шумақ
|
Өлең техникасы
|
Оқушы ой-тұжырымы
|
|
|
|
|
IV.Сабақты бекіту
ББҮ кестесі
Білемін
|
Білдім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
V. Сабақты қорытындылау
Сұрақ-жауап
Тізбектей оқыту
«Қазағым менің» деген тақырыпта ойтолғау.
VI.Үйге тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқу.Автор өміріне шолу
VII.Бағалау
Сабақ №17 күні:
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама
Сабақ №18 күні:
Сабақтың тақырыбы: Д.Дэфо «Робинзон Крузо»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ағылшын жазушысы, публицист Даниэль Дефо туралы мағлұмат бере отырып, шығармасының мағынасын аша түсіндіру , көркемдік ерекшелігіне талдау жасау;
Дамытушылық: Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру, шығарма сырына үңілуге шақыру.
Тәрбиелік: оқушы бойына шыдамдылық, тапқырлық , ептілік қасиеттерін сіңіру, әлем әдебиетімен сусындату.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, интерактивті тақта
Көрнекілігі: портрет, кестелер
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақ барысы
I.Ұйымдачтыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа зейіндерін аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау
Өткен ақын-жазушылардың өмірінен тест жұмысы
1.С.Жүнісов қай жылы туды?
2. Т.Молдағалиев қай жерде туды?
3.Қ.Жұмаділовтың қай шығармасымен таныстық?
4.1942жылы Оңтүстік Қазақстанда қай ақын өмірге келді?
5.Н.Сералиев кім?
III.Жаңа сабақ
Ағылшын жазушысы, публицист Даниэль Дефо 1660 жылы Лондонда дүниеге келеді. Оның ата-бабаларының фамилиясы Фо болған, жазушы оған «Де» әріптерін қосқан. Дефоның әкесі қолөнерші болып, шеберхана ұстаған. Ол ұлын рухани академияға берген. Болашақ жазушы онда француз, итальян, испан және латын, көне грек тілдерін үйренді. Өзінің алғашқы шығармаларынан бастап, Дефо буржуазиялық өкіметке қарсы болды. Ол герцог Монмауттың Яков ІІ ге қарсы көтерілісіне қатысты.1688-1689 ж.ж. мемлекеттік төңкерісті жақтады. Өзінің саяси көзқарасы үшін Дефо абақтыда да отырды.
1731 ж. 26 сәуірде кредиторлардан қашып жүрген кезде семьясынан алыс жерде қайтыс болды. Дефо өз заманының саяси өмірі, экономикасы, моралі, діні, тарихы жайлы көптеген публицистикалық шығарма жазды. «Таза қанды ағылшын» (1701) атты өлеңмен жазылған памфлетінде дандайсыған ақсүйектерді, діни фанатизмді әшкереледі. Дегенмен, Дефо көптеген шығармаларында буржуазиялық құрылыстың нығаюын, сауда-саттықтың дамуын қуаттады («Жобалардың тәжірибесі», 1697 ж.).
Дефоның тұңғыш романы «Робинзон Крузо» оны дүние жүзілік даңққа бөледі. «Робинзон Крузодан» (1719) кейін Дефо «Капитан Сингльтон» (1720), «Молль Флендерс» (1722), «Полковник Жактың тарихы» (1722), «Роксана» (1724), «Капитан Карлтонның мемуары» (1728) романдарын жазды.
Бүгінгі танысатын шығармамыз «Робинзон Крузо»
Қысқаша мазмұнын мұғалімнің түсіндіруі
Мұхиттың бір түпкіріндегі адам аяғы басылмаған жерге Робинзонның тап болуы, өмір сүру үшін жасаған жанкешті әрекеттері туралы жазылған. Ол жерде 28жыл бойы жалғыздықтың жапасын шегеді.Бұл шығарма әлем әдебиетінің озық үлгілерінің қатарына енген.
Шығармаға жоспар құрғызу
1.
2.
3.
4.
5.
Картадан арал, теңіздерді көрсету.
Тұжырым кестесі
-
Кейіпкер
|
Іс-әрекеті
|
Адами қасиеттері
|
|
|
|
IV.Сабақты бекіту
Шығарма туралы деректер оқу
«Робинзон Крузо» романы-көркем шығарма.Көркем шығарма болғандықтан, ондағы оқиғалар автордың басты идеясына байланысты құрастырылып, авторлық көркем шешіммен аяқталып отырады.Сондықтан шығарманы өнер туындысы деп қабылдаймыз.Бүгінгі өткеніміз қысқартылып берілген түрі, яғни теңізшінің бір жылға жуық өмірі ғана берілген. Романның толық нұсқасын оқысаңыздар Робинзонның 28жыл бойы жасаған іс-әрекетіне қайран қалып, сүйсіне оқисың.
V.Сабақты қорытындылау
Енді, балалар, кішкене ойға беріліп, «Егер автор орнында мен болсам, шығарманы қалай аяқтар едім?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.
«Автор орындығы» оқушы ойларын ауызша сұраймын.
VI.Үйге тапсырма
Шығарманы толық оқып, мазмұндау.
VII.Бағалау
Сабақ № 20 күні:
Сабақ тақырыбы: А.С.Пушкин «Балықшы мен балық»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды әлем әдебиетімен таныстыра отырып, орыс жазушысы А.С.Пушкин шығармашылығымен таныстыру
Ой-өрістерін, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту
Қазақстанның көпұлттылығын айта отырып, әлем әдебиетіен сусындату.Қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының орыс әдебиетінен аудармалар жасағандығын оқушыға жеткізу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: А.С.Пушкин портреті, кітаптары, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
II.Үй тапсырмасын сұрау
Д.Дэфо өмірі мен шығармасын сұрау.
Сұрақ-жауап алынады.
III. Жаңа сабақ
А.С. Пушкин 1799 жылы 26 мамырда Мәскеу қалсында дүниеге келген. Александрдың әдебиетті сүюіне үйіндегі бай кітапхананың әсері көп болды. Табиғатында жуас, ойшыл бала оңаша қалып, кітап оқығанды жақсы көреді екен. Александр Пушкиннің отбасы, олардың ақындармен қарым-қатынасы француз тілін жақсы үйренуге, театрмен және сол кездің атақты ақындарымен жақсы таныс болуға мүмкіндік береді. А.С.Пушкин бала кезінен тіл мен өнер таиғатының ортасында өседі.А.С.Пушкиннің шығармалары дүние жүзін шарлады. Оның лирикасын, ертегілерін оқымаған адам кемде-кем. Бүгінгі өтетін «Балықшы мен балық» шығармасын қазақтың ақыны Ахмет Байтұрсынұлы аударған.Ертегіні теледидардан көрген боларсыңдар. Ертегіде адам бойындағы қанағатсыздық, астамшылық т.б қасиеттерді ашып көрсетеді.
1.Оқушыларға тізбектей оқыту.
2.Сөздікпен жұмыс
3.Композициялық талдау
Р/с
|
Ертегінің композициялық элементтері
|
Композициялық жоспар
|
Ертегідегі көркемдеуіш құралдар
|
1
|
Оқиғаның басталуы
|
Шал мен кемпір
|
|
2
|
Оқиғаның дамуы
|
Шалдың теңізге барып, балықпен кездесуі
|
Алтын балық – эпитет; оттай, адамша, шыбындай – теңеу.
|
3
|
Оқиғаның шиеленісуі
|
Кемпірдің жаңа астау әкел деп бұйрық беруі
|
Қу көк сақал, ағаш үй, биік үй, алтын жүзік, саптиялы оюлы етік - эпитет
|
4
|
Оқиғаның шарықтау шегі
|
Кемпір теңіз патшасы болдырсын деп әмір беруі
|
Түсі суық малайлар, алтын тақ, қара бұлт, қара дауыл - эпитет
|
5
|
Оқиғаның шешімі
|
Кемпірдің бұрынғы кедейлік қалпына келуі
|
Жарық астау, қу қақпас – эпитет
|
IV.Сабақты бекіту
«Екі жақты күнделік» әдісі бойынша өзіне ұнаған үзіндіні қолданып, не себепті осы үзіндіні алғанын түсіндіру
Мәтіннен үзінді
|
Не себепті таңдадыңыз?
|
|
|
V.Сабақты қорытындылау
Сұрақ-жауап
А.С.Пушкин туралы не білесіңдер?
Орыс әдебиеті пәнінен қай шығармасымен таныстыңдар?
Ертегіден қандай әсер алдыңдар?
VI.Үйге тапсырма
Шығарманы толық оқу. Пушкин мен Ахмет шығармаларын салыстырыңдар.
VII.Бағалау
Сабақ №21-22 күні:
Сабақтың тақырыбы: А.С.Пушкин. «Балықшы мен балық»
Қанағат –асыл қасиет
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды танымдық қабілетін жетілдіре отырып, кейіпкерлерге сын көзбен қарауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушы бойына адамгершілік, қарапайымдылық, қанағаттылық, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.
Дамытушылық: өз ойын мақал-мәтел жүйелілігін пайдалана отырып дәлелдеуін, ізденушілік белсенділігін, қабілетін арттыру, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру; әдеби теориялық ұғымдарын тереңдете меңгерту.
Сабақтың түрі: сабақты қорыту, білімді жүйелеу
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, жинақтау
Көрнекілігі: А.С.Пушкин мен А.Байтұрсынов портреттері «Қанағат – қарын тойдырар, Қанағатсыздық жалғыз атын сойдырар» (эпиграф).
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың сабаққа қатысын, оқу құралдарын тексеру.
2. Психологиялық дайындық (көңіл-күйлерін сұрау)
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен жоспарын айтып түсіндіру.
− Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қанағат – асыл қасиет». Сабақтың тақырыбына сай мынадай эпиграф алдым:
Қанағат – қарын тойдырар,
Қанағатсыздық жалғыз атын сойдырар.
Осы эпиграфтің мағынасын ашайық.
Оқушылар жауабы:
1-оқушы: Адам бойында көптеген жаман да, жақсы да қасиеттер болады. Соның бірі – қанағат. Қолында барына қанағат ету керек. Тойымсыздық, қанағатсыздық жақсылыққа алып келмейді. Адамның сұрауында, қалауында шек болу керек.
2-оқушы: Әр адамның мінезі әр түрлі болып келеді. Бірі жомарт болса, бірі – сараң. Енді біреуі қанағатты болса, екіншісі қанағатсыз, парықсыз болады.
− Неге бұл мақалды бүгінгі сабаққа негіз етіп алдық?
Оқушылардың жауабы:
− Бүгінгі сабағымыз қанағатқа байланысты болуы керек.
− Қанағатқа байланысты әңгіме оқимыз.
А.С.Пушкин мен А.Байтұрсынов, осы екі авторға салыстыру әдісін жүргізу.
1. Салыстыру әдісі.
А.С.Пушкин А.Байтұрсынов
Орыс ақыны қазақ ақыны
Мәскеу қаласы Торғай облысы
Үйіндегі бай кітапханасы әдебиетті сүйді
Поэма. Руслан и Людмила «Қырық мысал» кітабы
Евгений Онегин
ІІ. Дидактикалық кезең. Мәтінмен жұмыс.
А) Ертегі қалай басталады?
Теңіздің жағасында кемпір мен шал
Тұрыпты отыз үш жыл нақ дәлме-дәл.
Күн көрген бейшаралар балық аулап,
Болмапты төрт түліктен ырымға мал.
Ә) Ертегідегі оқиғаның бел ортасында жүретін және оқиғаның дамуына түрткі болатын – кейіпкерлер. Кейіпкерсіз оқиға жоқ. Олай болса, кейіпкерлерін атаңдар.
Оқушылардың жауабы:
Шал мен кемпір, балық, жендеттер.
− Енді кейіпкерлерже қандай мінез бар екенін білу үшін ертегі құрылысына талдау жасайық.
ІІІ. Дидактикалық кезең. Ертегі құрылысына талдау.
Оқушы ертегінің композициялық құрылымын және мазмұнын қысқаша айтып береді.
Ертегіден сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем, лепті сөйлемдерді тауып, ауызша талдау.
«Ақымақ, − дейді, - алжыған, кеткен есің.
Былжырап айтып тұрсың, сөз деп несін?
Жаңа астау, тым болмаса, алсаң едің,
Астаудың жарылғанын білмеймісің?» − сұраулы сөйлем.
«Алжыған, миы ашыған, қу көк сақал!
Көп нәрсе әкеліпсің, адырағал!
Үйіңнің үстіндегі сиқы мынау
Балықтан барып тәуір үй сұрап ал!» − лепті сөйлем.
«Биік үй салтанатты, сәнді түрі,
Бәрі мол, бәрі байлық, бәрі ірі.
Үстіне неше түрлі асыл киіп,
Паңсынып сыртқы есікте тұр кемпірі. – хабарлы сөйлем.
IV. Сахналық көрініс.
Өмір – сахна, адам – актер. Шал мен кемпір және балық арасындағы диалогті оқушылардың өнерлері арқылы тамашалайық.
V. Ой қозғау.
− Неге осы үзіндіні алдыңдар?
Оқушыларды жауабы:
А) екі кейіпкердің осы үзіндіде мінездері, іс-әрекеті айқын көрінеді.
Ә) кемпірдің қанағатсыздық қасиеті осы үзіндіде жақсы танылып көрінеді.
Б) шалдың аз болса да кемпіріне қарсылық көрсетуі көрінеді.
− Ертегі немен аяқталды?
Қараса, лашығында кемпір отыр,
Баяғы жарық астау жырық-жырық.
Түсіріп таз кебіне бір-ақ күнде
Қойыпты қу қақпасты құдай ұрып.
− Адамның мейірімділігі, парасаттылығы, инабаттылығы, адамгершілігі сияқты асыл қасиеттер үлкен жүректен шығады. Не себепті балық кемпірді жыртық астаумен бұрынғы кедей қалпына түсіріп тастады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар өздерінің ойларын үйде салып келген жүрекке жазады.
Жауабы: Алтын балық кемпірді бастапқы қалпына түсіріп тастауының себебі – оның астамшылдығы, астан шыққан қанағатсыздығы. Адам бойындағы осындай қасиет жақсылыққа әкелмейді. Сондықтан адам әр кезде қолында бар нәрсеге қанағат тұту керек.
Алтын балық кемпірді жыртық астауымен бұрынғы кедей қалпына түсіруі, кемпірдің әділетсіз іс-әрекеті, парықсыздығы мен қанағатсыздығы.
VI. Сабақты қорыту. Адам қолда ар нәрсесіне қанағат тұту керек. «Қанағат – қарын тойдырар» деп халық бекер айтпаған. Осы «Балықшы мен балық» ертегісін оқығанда, жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман қасиеттерден жирендік. Олай болса, әрбір жазушы өз шығармаларында балаларға тәрбие беретін мәселелерді қозғайды және ой салады.
Үй тапсырмасы: А.С.Пушкиннің басқа да ертегілерін оқу және «Балықшы мен балық» ертегісіне байланысты сурет салу.
Бағалау.
Сабақ № 23 күні:
Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов «Ерте келген тырналар»
Сабақтың мақсаты:
Ақын шығармаларының тақырыбын, идеясын ашу, шығармасының тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін ашу;
Міндеттері:
1.Ақын шығармасын оқи отырып, композициялық құрылысымен танысады.
2.Шығарманы оқи отырып, ой тереңдігін, тіл шеберлігін сипаттай алады.
3.Топтағы жұмысты ұйымдастырады, жұмыс нәтижелерін көрсете біледі.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгеру
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО әдістері
Сабақ жабдықтары: ақын портреті, бүктемелер, шығармалар жинағы,
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, сабаққа зейіндерін аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау
INSERT кестесі бойынша үй тапсырмалары сұралады
III.Жаңа сабақ
Шыңғыс Айтматов 1928 жылы желтоқсанның 12-сінде Шекер деген ауылда , Қырғызстандағы Манас шоқысының бауырында дүниеге келді. Ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты.
Ш. Айтматовтың бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәмиладан» бастап, әлемге танымал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Жан пида» сияқты барлық шығармаларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қырғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді. Жазушының өзі де қазақ ауылымен іргелес, қоныстас жерде туып-өскен. Ол кісі Жамбыл облысының Құлан ауданындағы малдәрігерлік оқуды бітіріп, мамандық алып шығады. Сонымен бірге Мәскеудегі Әдебиет институтына оқуға түседі. Шығармалары дүние жүзіне әйгілі, танымал болған.
Шығарма үйге оқып келуге тапсырылады.
Мағынасын ашу сұрақтары қойылып, қысқаша мазмұн сұралады.
Сөздікпен жұмыс жүргізіледі.
Компазияция
лық
элементтер
|
Композиция
лық жоспар
|
Ой-пікір
мінездеме
|
Ой-тұжырым,
Мақал-мәтел, нақылдар
|
Тілі
|
Суреттеу
тәсілі
|
Оқиғанның
басталуы
|
|
|
|
|
|
Байланысы
|
|
|
|
|
|
Дамуы
|
|
|
|
|
|
Шиеленісуі
|
|
|
|
|
|
Шарықтау
шегі
|
|
|
|
|
|
Оқиғаның
шешімі
|
|
|
|
|
|
Автордың
түйінді сөзі
|
|
|
|
|
|
Идеясы
|
|
|
|
|
|
IV.Сабақты бекіту
«Кейіпкерлер әлемі» кестемен жұмыс
Кейіпкерлер
|
Іс-әрекеті
|
Мінездеме
|
|
|
|
V.Сабақты қорытындылау
Сұрақ-жауап
«Бес жолды өлең» құрастырылады.
Сөз оқушылардың өз таңдауларына шығарма желісінен беріледі.
VI.Үйге тапсырма
Шығарманы толық оқып келу, автор өміріне шолу.
VII.Бағалау
Сабақ №24 күні:
Сабақтың тақырыбы: Бас кейіпкер бейнесінің автобиографиялық негізі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: кейіпкерлер әлеміне саяхат жасай отырып, жекелеген ерекшелігін ашқызу;
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Әңгімедегі кейіпкерлер бейнесімен таныстыра отырып, жеке
тұлғаны адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: талдау
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, топта жұмыс
Көрнекілігі: кестелер, үлестірме қағаздар
Сабақ барысы
I.Қызығушылықты ояту
Интерактивті тақтадан көктемдегі ұшып келген тырналардың бейнесін музыкамен көрсету.
II.Мағынаны тану
Кестемен жұмыс
І топ
Жазушының адам мен табиғат арасындағы байланысты суреттеудегі айтқысы келген ойы
|
Сенің пікірің
|
|
|
ІІ топ
Кейіпкер
|
Автор толғанысы
|
Түйін (өз көзқарасың)
|
Сұлтанмұрат
Анатай
Еркінбек
|
|
|
I-топ
Кейіпкер
|
Өмірге қызығушылығы
|
Адамгершілік қасиеті
|
Кейіпкерге берілетін баға
|
Сұлтанмұрт
|
|
|
|
Төраға
|
|
|
|
II-топ
Шығарманың аты
|
Шығармада кездесетін ағаш атаулары
|
Құс атаулары
|
|
|
|
III.Ой толғаныс
Автобтография сөзіне лексикалық, фонетикалық талдау.
Біріккен сөз: авто және биография
Автобиография - өзі жазған өмірбаян
«Өзім туралы» эссе жаздыру.
Үйге тапсырма
Шығармадағы желісімен сурет салу.Толық оқу.
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |