Мақтаны спиртке аздап салып, спирометрдің мундштүгін сүртеді. Демді қатты ішке алғаннан кейін мундштүкті ауызға алып демді барынша спирометрге шығару керек. Аспаптың шкаласына қарап өкпенің өмірлік сиымдылығын анықтайды. Дәлірек болу үшін 3-4 рет қайталап ортақ мөлшерін шығару керек. Қайталап алдында шкала көрсеткішін ноль жағдайына қойып отыру керек.Тәжірибені қалыпты жағдайда және жұмыс істегеннен кейін де жасау айырымын шығарады. Спирометрді үш тармақты кранмен жалғастырып, мұрынды қысқышпен қысып, тосым мен клапан құрылысы арқылы жүргізіледі. Үш тармақты кран сыртқа бағытталған демді атмосфераға шығады.Содан кейін кранды бұрап демді спирометрге қарай жібереді.Тыныс алу қимылын санайды. Спирометрдің көрсеткішін осы тыныс алу жиілік санын бөліп, тыныс алудағы көлемін табады. Жыныс шығарудың резервтік көлемін табу үшін жәй дем шығарғаннан кейін тағыда демді зорлап шығарып спирометрге үрлеу керек. Спирометрдің көрсеткішін жазып алады. Тәжірибені 3-4 рет қайталап, ортақ өлшемді жазады.Ішкі демнің резервтік мөлшерін білу үшін өкпенің өмірлік сыйымдылық мөлшерінен тыныс алу мен резервтік ауаның қосындысын алу керек. Өкпенің қалдық ауасы өкпенің өмірлік сыйымдылық мөлшерінің 25% болуы тиіс. Осы санды есептеп шығарады.