Сабақ №1 Тақырыбы: Адам ағзасының даму ерекшелігі. Антропометрлік көрсеткіштер.Өсу мен даму заңдылықтары



бет21/46
Дата14.12.2021
өлшемі1,18 Mb.
#126337
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
Байланысты:
Fiziologia

Жұмысқа керекті құралдар: Спирометр, мұрын қысқышы, ауызға тосым, (мундштук), спирт, мақта. Тәжірибе адамдармен орындалады.

Тыныс алу ағзаларының организм тіршілігінде маңызы зор. Олар газ алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу қызметтерін атқарады. Тыныс алу аппаратына мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронх және өкпе ағзалары жатады.



Мұрын қуысы (саvіtаs паsі) негізі сүйек пен шеміршектен түзіліп, сыртқы терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі кабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Жоғарғы қабырғасы мұрын сүйектері мен шеміршектерден түзілген. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрын қуысын тең екі бөлікке бөледі. Оның өзі артқы бөлігі — сүйектен, алдыңғы бөлігі шеміршектен тұрады. Төменгі қабырғасы қатты және жұмсақ таңдайдан түзілген. Мұрын қуысының кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Сонымен қатар көптеген бездері де болады. Мұрынға енген шаң-тозанды эпителий кірпікшелері ұстап қалады. Ал бездерден бөлінген кілегей микроорганизмдерді өлтіріп отырады.

Мұрын қуысы арқылы ауа мұрынның артқы хоана тесіктерімен әуелі жұтқыншаққа, одан әрі көмекейге өтеділ

Көмекей (Іагипх) тыныс жолының ғана бөлімі емес, сонымен бірге сөйлеу аппаратының да бір бөлігі. Ол жоғарғы жағынан тіласты сүйекке, төменгі жағынан кеңірдекке жалғасып жатады. Көмекей мойынның алдыңғы жағында жатып, алдынан және екі бүйірінен бұлшықеттермен жабылған. Көмекейдің қалқан қыры тері астында білініп жатады. Оның шеміршектері өзара бұлшықеттермен байламдар арқылы қозғалмалы түрде қосылысқан. Құрамында бірнеше гиалин және серпінді шеміршектері бар.

Кеңірдек және бронхылар (Trachea bronchi). Кеңірдек төменгі мойын омыртқалар тұсынан көмекейдің оймақ тәрізді шеміршегінен басталып, көкірек қуысымен түсіп, өңештің алдыңғы жағынан оң және сол бронхтарға бөлінеді. Кеңірдек 16-20 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады, оның ұзындығы 9—15 см болады. Кеңірдектің жұмсақ келген (артқы жақ) бөлігіне өңеш жанамалай өтеді. Кеңірдек IV көкірек омыртқасында (оң жоне сол) бронхтарға бөлінеді. Оларды негізгі немесе бірінші қатарлы бронхтар деп атайды. Олардың жалпы құрылысы кеңірдекке ұқсас келеді. Жартылай сақиналы гиалин шеміршектерден тұрады. Мұның да іш жағындағы кілегей қабатының беті кірпікшелі эпителиймен жабылған, Оң жақ бронх қысқа әрі жуан, ұзындығы 3 см, 4-7 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Сол жақ бронх ұзын әрі жіңішкелеу, мұның ұзындығы 4-5 см, 7-12 сақинадан тұрады

Адам қалыпты дем алу кезінде 500 мл. Ауаны жұтады және шығарады. Ауаның бұл мөлшерін ауаның тыныс алу көлемі деп атайды.

Қалыпты ауаны жұтқаннан кейін оның үстіне терең және күшті дем алса, онда қосымша тағы да 1500 мл.ауаны жұтуға болады. Ауаның бұл мөлшерін қосымша ауа көлемі (К) деп атайды.

Қалыпты дем шығарғаннан кейін оған қосымша және терең түрде дем шығарса, оны ауаның резервтік көлемі (Р) деп атайды және ол 1500 мл ауаға тең болады. Осы көрсеткіштер жиынтығының өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп атайды, ол орта есеппен 3500 мл. ауаға тең. Барынша дем шығарғаннан кейінде өкпеде 1000 мл. шамасында ауа қалады. Оны қалдық ауа көлемі (О) деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет