Сабақ №110 Тақырыбы: Карбон қышқылдарының қасиеттері



Дата01.12.2023
өлшемі167,75 Kb.
#194501
түріСабақ
Байланысты:
f61f362d78fcac
18-19.04 СОР 7, Бірлестік отырысы №2, Шалов М.С.

Пәні: Химия Сабақ №110
Тақырыбы: Карбон қышқылдарының қасиеттері.
Карбон қышқылдары табиғатта өте кең таралған. Құмырсқа қышқылы қылқан жапырақты ағаштарда, қалақайда, медузада, аралар мен құмырсқаларда болады.
Сірке қышқылы сірке қышқылын түзе жүретін ашыту өнімі болып табылады.
Май қышқылы сиыр сүтінде, сары майда болады. Көмірсулардың ашу процесінде түзіледі. Тамақ өнімдерінде ашытылған қырыққабатта, ірімшікте болады.
Валериан қышқылы валериан өсімдігінің тамырынан, лаурин қышқылы (лавр) лавр майынан табылған. Ол кокос және пальма майларында бар. Пальмитин және стеарин қышқылдары көптеген жануар және өсімдік майлары құрамына кіреді. Маргарин қышқылы қой майы, сарымай, зәйтүн, күнбағыс және жержаңғақ майларында кездеседі.
Алынуы. 1. Біріншілік спирттер мен альдегидтерді тотықтыру:


  1. Көмірсутектерді тотықтыру:



  1. Күрделі эфирлердің гидролизі:


Физикалық қасиеттері. Төменгі карбон қышқылдары – өздеріне тән өткір иісі бар, суда жақсы еритін сұйық заттар. Құрамында С49 дейін карбон қышқылдары – жағымсыз иісті май тәріздес сұйықтықтар. Құрамында С9-дан артық болатын карбон қышқылдары – суда ерімейтін қатты заттар.
Химиялық қасиеттері. Карбон қышқылдары да минералды қышқылдарға тән қасиеттерді көрсетеді. Олар металдардың кернеулік қатарында сутекке дейін орналасқан металдармен, металл оксидтерімен, негіздермен және тұздармен әрекеттеседі. Бұл реакциялардың барлығында карбон қышқылдарының тұздары түзіледі. Қаныққан бірнегізді карбон қышқылдарынан құмырсқа қышқылы күшті қышқыл болып табылады және химиялық қасиеті жағынан басқа карбон қышқылдарынан ерекшеленеді. Ол “күміс-айна” реакциясына түсіп тотығады.
Құмырсқа қышқылының тұздары формиаттар, сірке қышқылының тұздары ацетаттар, пропион қышқылының тұздары пропионаттар деп аталады.

  1. Сірке қышқылы хлормен әрекеттеседі:

Cl2 + СН3СООН → Cl – CH2 - COOH + HCl
монохлорсірке қышқылы

  1. “Күміс-айна” реакциясы:



  1. Құмырсқа қышқылына конц. күкірт қышқылын қосып қыздырғанда ыдырайды:


Қолданылуы. Сірке қышқылын пластмасса және жасанды талшық алуда қолданады. Әр түрлі металдардың ацетаттарын маталарды бояуға пайдаланады. Сонымен қатар сірке қышқылы тамақ өнеркәсібі мен тұрмыста кең қолданылады. Құмырсқа қышқылының зарарсыздандырғыш қасиеті бар. Сондықтан тамақ өнеркәсібінде, тері мен фармацевтика өндірісінде, медицинада және маталар мен қағаз бояуда қолданылады.

Үйге тапсырма: Конспект жазу



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет