- Балалар, мен сендерді неге осы атаулар бойынша топқа бөлдім, бұл атаулардың қазір өтетін жаңа сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? (тағы да жетелеу сұрақтары қойылады)
- Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Төрт түлік туралы жырлардеп аталады. Енді бұл тақырыпта біз не туралы білеміз деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың жауаптарын сабақтың мақсатын шығаруға бағыттап, сабақ мақсатын айтып кету)
- Бұл мақсатқа жету үшін мен сендерге «Веер»ойынын ұйымдастырғым келіп отыр. Әр топ өздерінің топ атауларына байланысты 4-5 сұрақ дайындап, сағат тілімен келесі топтарға жөнелтесіңдер.
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, жаңа сабақ не туралы болатынын анықтайды.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады
Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту
Жаңа тақырыпты меңгерту үшін
Негізгі бөлім
Топтық жұмыс. (Оқушыларға деректер жинауға арналған бағыттау сұрақтары қойылады)
І топ – «Құлын»: «Торы құлын» өлеңін оқиды. «Түртіп алу» әдісін қолданып, ғаламтор арқылы жылқы мен түсініксіз сөздерге мәлімет береді.
ІІ топ – «Бұзау» «Сиыр» өлеңін оқиды. «Түртіп алу» әдісін қолданып, ғаламтор арқылы жылқы мен түсініксіз сөздерге мәлімет береді .
ІІІ топ – «Қозы» : «Қой» өлеңін оқиды. «Түртіп алу» әдісін қолданып, ғаламтор арқылы жылқы мен түсініксіз сөздерге мәлімет береді
ІҮ топ – «Лақ»: «Лақ» өлеңін оқиды. «Түртіп алу» әдісін қолданып, ғаламтор арқылы жылқы мен түсініксіз сөздерге мәлімет береді
Бағдаршаммен өзін-өзі бағалау. (Қызыл және сары көтерген оқушылардың білімін жасыл түс көтерген оқушылар толықтырады .