Сабақ 1*2 Сабақ тақырыбы Қазақ отбасының дәстүрлері



бет195/222
Дата27.02.2023
өлшемі45,28 Mb.
#170336
түріСабақ
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   222
Байланысты:
00121a88-02216692

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?










Қорытынды бағалау
Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:
2:


Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.
1:
2:
Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?







Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:



Мектеп:



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 5
Сабақ 152-153

Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шайтанкөл-ғажайып құбылыс

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)




Сабақ мақсаттары

Тілдік коммуникация барысында көл туралы ақпарат беру

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде көл жайында ақпарат береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша көлді, көлдегі құбылысты сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында қазақша сыныптастарымен тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады, көл жайлы мәтін құрастырады.

Сөздік қор



Сезім мүшелері, ақпарат, нысана, жағдаят,

Құндылықтарды
дарыту

  • Сыйластық

  • Еңбек және шығармашылық

  • Жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

дүниетану,математика.

Алдыңғы меңгерілген білім



Оқушылар оқиға ұғымын біледі, кейпкерлерді анықтайды. Адамдар киімдерін неге байланысты киетінін біледі.

Сабақбарысы

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар
Сезім мүшелерінің суреттері

Сабақтың
басы



І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологилық ахуал.
Бір, екі ,үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.

Оқушылар шеңберде тұрып, бірі –біріне тілек тілейді.


Оқушылар шеңбер бойынша тұрып,сиқырлы қорап ішіндегі суретті алады. Оқушылар алған суреттер бойынша бес топқа бөлінеді.
Сұрақтар:
-
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау





Сабақ
ортасы



Ой толғау» стратегиясы
- Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Табиғат құбылыстары» циклынан де- ректі фильм көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендер қандай таңғажайып құбылыстар туралы білесіңдер? Сипаттап бере аласыңдар ма?
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады
2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсыр- маны орындатады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мә- нерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
Б) Оқылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.
В) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.
.
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту Топ бойынша мәтінді талдау

Қазақстанның ең әдемі, көрікті жерлерінің бірі - Қарқаралы. Қарқаралы сілеміндегі көлдер мен өзендер, таулар мен қайыңды-қарағайлы ормандар ерекше сұлулықтарымен көз тартады. Бұғылы, Шаңкөз, Мәтен, Әулие, Қызыларай таулары ғажап көрінісімен көңіліңді баурайды.
Қарқаралы жері - тұнып тұрған аңыз-ертегі. Солардың ішінде Шайтанкөлдің адам білгісіз керемет сыры бар.
Шайтанкөл биіктігі шамамен 1200 м болатын Бұғылы тауының ең биік аңғарында, тау шыңында орналасқан. Оның бір беткейі еңкіштеу. Ал екінші жағы құлама тік жар. Таудың ең биігінде шағын тостағанға ұқсайтын мөп-мөлдір көл жатыр. Ұзындығы - 60 м, көлденеңі - 40 м.
Бұл көлдің Шайтанкөл аталуы тегін емес. Себебі тостағанның орта тұсы қап-қара болып, иірімденіп жатады. Көлге түсіп шомылуға адам өзінен-өзі жүрексінеді. Тағы бір қызығы - көлдің қарсы жақ жағалауларының арасының алыс еместігіне қарамастан, кейде келесі жағадағы адамдар көрінбейді. «Шайтан алып кетті ме, қайда кетті?» дегеннен Шайтанкөл атанып кеткен екен дейді.
Постермен жұмыс
Өз ойларын ортаға салады сабақты талдайды
Топтарға жаңа тақырып бойынша толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады
1-тапсырма. Сөйлемдердегі сөздердің керекті әріптерін қойып жазыңдар.
1)Тұма – к...шірекбастау, бұлақ.Жер аст...нан шығып жатады.
2)Бұлақ - басы бастаулардан басталып, баяу ағ...тын к...шігірім су.
2 -тапсырма. Мәтінге диалог құрап, өзара сөйлесіңдер.
• Қазақстанда қанша көл бар?
• Ірі көлдерді ата.
• Әлемдегі және Қазақстандағы ең ірі көл қай көл?
• Каспий көлін неге теңіз дейді?
• Әлемдегі ең терең көл қайда орналасқан, қалай аталады
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Жазылым. Сөз тіркесін құрайды.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.
Жазылым. Сөйлемді толықтырады.
Оқылым. Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексереді.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Постер дайындайды.
Айтылым. Диалогті толықтырады


Сабақтың
соңы

Қорытынды.
Топтық жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Айтылым. Жарнама дайындайды.
Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындата- ды.
Жазылым Оқылым.Айтылым. Мәтін құрайды
Р ефлексия: Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет