Шығармашылық орталығы.
(МК,Ж) Жұптасып күз туралы өлең құрастырып көру. Көп нүктенің орнына төмендегі сөздердің тиістісін қойып өлең жолдарын құрастыру.
(күз, беркесін, өлкемізге, құстар, бұлт)
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге.... келді.
................. жинауға,
Шақырады біздерді.
............ қайтты ән салып,
.......... торлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
1. Күзіміз неткен көңілді!
2. Күз мезгілі қандай тамаша!
3. Күз дегеніміз – байлық, молшылық!
(Ұ) Балалар бүгінгі сабағымыз жақсы өту үшін біз қандай ережелерді ұстануымыз керек?
-Сабақта мұқият болу;
-Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу;
-Сұрақтарға толық жауап беру;
-Сыныптастарымыздың пікірін,ойын сыйлау;
-Әдепті болу.
Олай болса, сабақ барысында осы ережелерді сақтауды ұмытпайық.
Ал, қазір қолдарыңды жұдырыққа түйіп дүрбі жасаңдар. Жан-жаққа қарап көріңдер. Не көріп отырсыңдар? Енді, тақтадағы суретке қараңдар.
Дүрбіден не көріп отырсыңдар? (оқушылар суреттегі заттарды атайды).
(Ұ) «Бағытталған жазу» әдісі бойынша оқушылар топтарда суретке қарап әңгіме жазады.
(МК) Қажетті сөздерді таңдап, фразаларды өңдеп жетілдіруі мен түзетулері үшін (кіріспе,есте сақтау, көрсету,түртіп алу) арқылы қолдау көрсетіледі. Дыбыстық білімді пайдаланып, әр сөздің жазылуын, сөйлем соңына нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі қойылатыны туралы ережелер еске түсіріледі.
(Т) Әр топ таңдаған сөздермен сөйлемдер құрастырады.
1 – топ
2 – топ
3 – топ
4 – топ
Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
Табиғаттың әсемдігін қалай суреттер едің?
Қыз балаға ат қой.
Ол табиғат аясында не істеп жүр?
Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?
Екі К күресті,
Арқаларын тіресті.
Бұл қай әріп? Әрине Ж әрпі. Енді сол әріптен басталатын сөйлемдер құрайық. Жарас жарыста жеңіске жетті.
Енді сұрақтарға жауап берейік.
-Сендер жаңа «Сәйкестендіру» тесті арқылы қандай сөйлем құрадыңдар?
–Хабарлы сөйлем.
-Ал, енді осы сөлемдерді қолдана отырып, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші. Жазушы не істейді? Ақын не істейді? Суретші не істейді?
-Мен не істедім?
-Иә, мен сендерге сұрақ қойдым. Ал ол сұрақтарды не үшін қойдым?
-Дұрыс сендерден жауап алу үшін қойдым. Сонымен, жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемдерді сұраулы сөйлемдер деп атайды. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
-Бір атай мен әжейдің көп сұрақ қойғыш немересі болыпты. Ол таңертеңнен кешке дейін: «Ол неге ондай? Бұл неге олай істеді? Т.б.» сұрақтар қойғыш екен. Бірақ атай мен әжей де оның сұрақтарына ерінбей жауап бере береді екен.
Мына шар қайдан пайда болды? Қасында хат бар сияқты. Қанекей,
балалар мұнда не жазылғанын барлығымыз оқиықшы.
Құпия шарды жарайық,
Таң - тамаша болайық.
Ішіндегі сөзжұмбақтан,
Баланың атын табайық. /бір оқушы шарды жарады/
-Ішінен шыққан мына сөзжұмбақты шешіп, баланың атын табайық.
Жауабы: Марал
-«Марал» деген сөздің қандай мағыналарын білесіңдер?
Ал , енді мына «лотоны» шешсек, келесі жұмысымыздың түрін табамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |