Практикалық сабақ 13: Ағылшын тiлi сабағының оқытудың әр кезеңдерiндегi құрылымы.
Мақсаты: Тақырып бойынша ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауға үйрету,өз ойын нақты дәлелдеуге дағдыландыру. Күтілетін нәтижеге бағытталған оқушылардың ақыл-ой әрекетін проблеманы шешу арқылы ұйымдастыру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Сабақты жоспарлау. Сабақ жоспарын құрылымы. Оқытушы, оқушы іс-әрекеттері, қүтілетін нәтиже. Сабақ жоспарының мазмұныАғылшын тіліндегі сабақ жоспарына шығармашылық талап қоя білу, құзыреттілікке бағытталған мақсаттар жазу. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Сабақ жоспарының бөлімдерін толықтыру.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Берілген тапсырманы мұқият оқып, ұсынылған әдебиеттерге шолу жасау.