Сабақ №2 Пәні физика Сынып 7 Күні 08. 09. 16



Дата29.01.2017
өлшемі100,09 Kb.
#8261
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақ № 2 Пәні физика Сынып 7 Күні 08.09.16.

Сабақтың тақырыбы:

§ 1. Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника.

Қазiргi әлемдегi физика.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік мақсаты: физика және астрономия – табиғат туралы ғылымды зерттейтінін жете меңгерту, қоршаған ортадағы табиғаттың өзгеруіне адамзат әрекетінің де рөлі зор екендігін түсіндіру. Физикалық терминдер мен ұғымдарды меңгерту. Физика мен техникаға байланысты төрт ғажайып жетістікті білу.

  • Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабылетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік мақсаты: жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақ әдісі: баяндау, әңгіме, кітаппен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақ көрнекілігі: слайдтар, суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.



ІІ. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:

  1. Табиғат деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер.

  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?

  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?

  5. Физиканың мақсаты не?

  6. Физика заңдары қалай ашылады?

  7. Физикалық теориялар қалай жасалады?

  8. Физикалық терминдер мен ұғымдар дегеніміз не?

  9. ХХ ғасырдың ең ірі ғылыми-техникалық жетістіктері қандай?

10.Неліктен физика техниканың негізі болып табылады?

ІІІ.Жаңа сабақ.

Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Кеңістіктегі белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп атайды.

Бізді қоршаған ортаны табиғат дейміз. Бұған су мен ауа, дыбыс, жарық пен радиотолқындар, жұлдыздар мен кометалар, планета мен галактика т. б. жатады.

Физика – табиғат туралы ғылым. Бірақ табиғатта көптеген алуан түрлі өзгерістер немесе құбылыстар болады. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстары делінеді.

Физикалық құбылыстарға жататындар:

1) механикалық құбылыстар (мысалы, ұшақтар мен автомобильдердің қозғалысы, маятниктердің тербелісі мен құбыр бойынша сұйықтықтардың ағысы, Жердің Күн айналасында және орбиталық станциялардың Жер айналасында айналуы);

2) электрлік құбылыстар (мысалы, электрленген денелердің тартылуы мен тебілуі, электр тогы және т.б.);

3) магниттік құбылыстар (мысалы, магниттердің темірге әсері, токтардың магниттік өзара әрекеті, Жердің компас тіліне әсері және т.б.);

4) оптикалық құбылыстар (жарықтың әр түрлі орталарда таралуы, айналардан жарықтың шағылуы, әр түрлі жарық көздерінің жарық шығаруы және т.б.);

5) жылу құбылыстары (мұздың еруі, судың қайнауы, қардың түзілуі, металдардың жылулық ұлғаюы, электрлік жылытқыш аспаптардың әрекеті және т.б.);

6) атомдық құбылыстар (мысалы, атом бомбаларының жарылысы мен жұлдыздардың қойнауындағы болатын процестер және т.б.)

Табиғатты зерттеумен тек физика ғана айналыспайды, басқа да ғылымдар бар, мысалы, география, биология, химия. Әрбір ғылымның өз мақсаттары мен табиғатты зерттеу тәсілдері бар. Физиканы оқып үйрену арқылы сендер біртіндеп бір ғылымның екінші ғылымнан немен ерекшеленетінін және сонымен бірге олар өзара қалай тығыз байланыста екенін білесіңдер. Табиғат туралы ғылым өте ертеде пайда болған. Табиғатта байқалатын құбылыстарды түсіндіруге бірінші болып ежелгі Қытай, Үнді және көне Грек ғалымдары талпыныс жасаған. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Аристотельдің шығармаларында “физика“ деген сөз (“фюзис“ – табиғат деген грек сөзінен алынған) кездеседі. Бұл сөзді XVIII ғасырда алғаш рет Ресейде неміс тілінен орыс тіліне физика оқулығын аударғанда М. В. Ломоносов енгізген. Қазіргі уақытта табиғатты зерттеу әр түрлі елдер мен халықтардың көптеген ғалымдарының табанды еңбек етуін талап етеді. Олардың бірлескен жұмыстары адамзат баласына қоршаған әлемдегі заңдар мен құбылыстарды зерттеуде ілгері жылжуға мүмкіндік береді және қоғам прогресін қамтамасыз етеді.

Физиканың «бірінші ұстазы» атанған грек ғалымы Аристотель. «екінші ұстазы» ұлы бабамыз – Әбу Насыр әл – Фараби. «Физика» деген сөзді орыс тіліне енгізген ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов. «Физика» деген грекше фюзис – табиғат дегенді білдіреді.

Мақсаты – табиғатта болып жатқан құбылыстарды зерттейді, олардың өзара байланыстыратын заңдарын ашады. Мысалы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалатынын түсіндіру. т. б. Терминдер – жол, жылдамдық, күш. Физикалық ұғымдар – материя, дене, зат. Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Белгілі пішіні, нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Дененің шығу табиғатын, сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп атаймыз. Біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар. Біріншіден, ғылым мен техника үлкен қарқынмен дамыды. Екіншіден, ашылған ғылыми жаңалықтар адамзат игілігіне айналды. өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізіліп отырды. Техниканың негізі – физика. ХХ ғасырдың физика мен техникаға байланысты төрт кереметі бар.

1. Атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.

2. Ғарышқа көтерілді. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылды. Орыс азаматы Ю. А. Гагарин 1961 жылы алғаш рет Байқоңырдан ұшты. Біздің отандастарымыз – Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаевтар күрделі ғарыштық техниканы басқарып ерлік біліктіліктерін көрсетті.

3. 60 – жылдардың басында лазер өмірге келді. Осы жаңалықты ашқан Ресейдің физик ғалымдары Н. Г. Басов, А. М. Прохоров және АҚШ – тың физигі Ч. Таунске Нобель сыйлықтары берілді.

4. Кибернетика өмірге келді оған байланысты электрондық есептеуіш техникасы. ХХ ғасырдың ең негізгі төрт ғылыми – техникалық ғажайыптары осындай.



Физика және техника 20ғ. ғылыми-техникалық революция ғасыры деп аталады. Өткен дәуірлерге қарағанда біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар.

Біріншіден, ғылым мен техника үлкен қарқынмен дамып келеді.

Екіншіден, ашылған ғылыми жаңалықтар адамзат игілігіне айналып, жедел түрде өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізіліп отыр.

Техниканың дамуына физиканың қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан да техниканың негізі – физика деген пікір берік қалыптасқан. Физикалық білімнің техникада қолданылуын көрсететін көптеген мысалдарды келтіруге болады. Олардың қатарында күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген сан алуан электрлік, электрондық құралдар және басқа да күрделі техникалар бар.



Кибернетика ғылымының табыстарын өмірге жаппай енгізу жағынан біздің еліміздің алдында зор міндеттер түр. Әлемдік деңгейдегі кибернетика мен ақпараттық (информациялық) технология салаларындағы жетістіктер таңдай қақтырады.

Мысалы, «жасанды зерде» (интеллект) болып табылатын қазіргі кездегі суперкомпьютерлердің өз бетінше «ойлау» дәрежесі үш жасар баланың ойлау деңгейіне жетіп отыр. Міне, 20 ғ. ең басты төрт ғылыми-техникалық ғажайыптары осындай. Бұлардың барлығының да ғылыми негізі физикалық білім болып табылады. 20 ғ. үлесіне тиетін басқа да тамаша физикалық-техникалық жаңалықтар толып жатыр. Олардың қатарында алып мұхит кемелері мен сүңгуір қайықтарын, ұшақтарды, өндірістік және ауыл шаруашылық техникаларын, т. б. атауға болады.

Физика мен техниканың дамуына басқа ғылымдар да игі әсерін тигізуде. Соның ішінде астрономия, математика, химия биология сияқты жаратылыстану пәндерінің орны мен қызметі айрықша зор.
IV. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:

1) «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінеміз?

2) Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

3) Табиғат құбылыстарын ата?

4) Күннің тұтылуын түсіндіру

5) Табиғат туралы қандай ғылымдарды білесіңдер?

6) Айдың тұтылуын қалай түсіндіруге болады?

7) Физиканың негізгі мақсаты неде?

8) Физика заңдары қалай ашылады?

9) Физикалық терминдер, ұғымдар дегеніміз не?

10) Материя, дене, зат ұғымдары дегеніміз не?


Дене

Зат

Құбылыс










Берілген кестеге келтірілген сөздердің ішінен физикалық денелерді, затты құбылысты білдіретін сөздерді теріп жаз: қорғасын, күннің күркіреуі, рельс, алюминий, қарлы боран, ай, спирт, қайшы, сынап, қар көшкін, үстел, мыс, тікұшақ, мұнай, қайнау, мылтықтың атылуы, судың тасуы.


Механикалық құбылыс

Электр құбылыс


Жылулық құбылыс

Жарық құбылыс














Берілген кестеге келтірілген сөздердің ішінен құбылыстарға қатысты сөздерді теріп жаз.(шардың домалауы, қорғасынның балқуы, күнің сууы, күннің күркіреуінің естілуі, қардың еруі, жұлдыздардың жыпылықтауы, судың қайнауы, таңның атуы, жаңғырықтың естілуі, бөрененің жүзуі, сағат маятнигінің тербелуі, бұлттың көшуі, жай түсуі, кептердің ұшуы, найзағайдың жарқылдауы, жапырақтардың сыбдыры, электр шамының жануы).


1. Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз. (Зымыран).

2. Үш көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам).

3. Керек санды тересің,

Елге сәлем бересің. (Телефон).

4. Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды,

Жерде де жүреді, бауырлап жатпайды. (Ұшақ).

5. Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,

Қара тұлпар жүр әрі – бері көшіп (Поезд).

6. Сымға асылып, жүр асығып,

Дыз-дыз етіп жүрегі,

Сымнан ұстап жүреді.

Өзіне адам мінеді.

Ол не, ал кім біледі? (Троллейбус).

7. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Есіркеп ешбір адам жемдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді. (Трамвай).

8. Мұздай мөлдір жұмыртқа,

Жарық берер ымыртта. (Электр шамы).

9. Самұрық құс самғады.

Көктен өтіп, айға жетіп,

Жеңілдеді салмағы. (Космос кораблі).

10. Баласының саны жоқ,

Ал өзінің жаны жоқ. Инкубатор




V. Қорытынды.

VI. Үйге: §2. оқу.

VII. Бағалау.


Ломоносов Михаил Васильевич (1711–1765) орыс ғалымы, жаратылыстанушы, ақын, суретші, орыс білімін, ғылымын және экономикасын дамытуды жақтаушы. Архангельск губерниясының Холмогоры селосының маңындағы Денисовқа деревнясында шаруа жанұясында дүниеге келген. “Оқуға қызығуды” ол анасынан үйренген. Ол үшін “Білімдік қақпасы” — “Грамматика”, “Арифметика”, “үлең әліппесі”, болды. Ломоносов 19 жасында білім алу үшін Мәскеуге келіп, дворяндық лақап атпен Славян-грек-латын академиясына түседі. Ломоносов үздік оқушы ретінде білімін жалғастыру үшін Петербург ғылым академиясының жанындағы университетке жіберіледі. Одан кейін шетелге жіберіліп, онда ол химия, физика, металлургия салаларында білімін шыңдайды. Ол 34 жасында орыстың алғаш академиктері қатарына қосылды. Ломоносовтың ғылыми жұмыстарының ауқымы кең. Ол физика, химия, астрономия, география және филология салаларында көптеген іргелі еңбектер жасайды. Ломоносов зат құрылымының атом-молекулалық көрінісін дамытқан, материяның және қозғалыстың сақталу принциптерін тұжырымдаған, сондай-ақ физикалық химия негізін қалаушы ғалым. Құбылыстарды, олардың Ұзара байланыстарын ескеріп, талдай білген Ломоносов астрономия саласында да бірқатар маңызды қорытындылар жасап, ғылыми нәтижелер алады. Атмосферадағы электрлік құбылыстарды зерттей келе, Ломоносов полярлық түннің және кометалардың құйрықтарының жарығының табиғаты электрлік екендігін көрсетеді. Ломоносов объектінің кескінін көрсететін көлбеу айналы шашыратушы телескоп-рефлектор жасады. Ол алғаш болып Күн бетін буырқанған отты мұхит төрінде сипаттады. Ломоносовтың астрономиядағы негізгі жетістігі ретінде 1761 ж. 26 мамырында жасалған Шолпанның Күн денесінен Ұтуін бақылап Шолпан атмосферасын ашуын айтуға болады. Ломоносов оптика саласында да бірқатар ғылыми еңбектер жасады Ол жарықтың толқындық теориясын, сол сияқты реңдер теориясын жасады, бірқатар оптикалық құралдар құрастырды, мысалы, телескоп-рефлектор. Осы құрал көмегімен ол 1761 ж. Шолпанның Күн дискісінен өтуін бақылап, осы планетада атмосфера бар екендігін анықтады.Ломоносов Россияда ғылымды, мәдениетті, білімді дамыту үшін көп қызмет атқарды. Оның бастамасымен 1755 ж. Мәскеу университеті ашылды. Қазір ол университет Ломоносов атына ие. Ломоносовтың “Ост-Индияға солтүстіктен Сібір мұхиты арқылы бару” шығармасының әсерімен 1764 ж. Сібірге экспедиция жасақталды. Ломоносов өмірінің соңында Стокгольм және Болония ғылым академияларының құрметті мүшесі болып сайланды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет