Ұйымдастыру
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» /1-мин/
Топқа бөлу
2мин
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»1мод.
2мин.
6мин.
5мин.
5 мин.
2мин.
7 мин.
3-4 мин.
Қорытынды
5 мин.
Бағалау
2 мин
Кейінгі тапсырма
2 мин.
Рефлексия
|
1.Ұйымдастыру бөлімі.
Сыныпты ұйымдастырамын.
Психологиялық дайындық жасаймын.
-Көңіл-күйлерің қалай,балалар?
Ең тәтті де – тіл,
Ең ащы да – тіл,
Ең жұмсақ та – тіл,
Ең катты да – тіл , -деп сипаттама берген екен ғасырлар қойнауында кеткен бабаларымыз.Тіл – тарих , тіл – қазына.Қазыналы тілімізді меңгеру,қолдану , дамыту – бүгінгі ұрпақ міндеті.Осы бағытта мектепте барлық сыныптарда қазақ тілі пәндерінен оқу жылы соңында «Тіл мәдениеті» тарауы берілген.
Бұл тарауда ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілі, ерекшеліктері ,халық ауыз әдебиеті ,жазба әдебиеті үлгілері ,қазіргі жай-күйі ,дамыту жолдары жөнінде білім аламыз .
- Оқушылар , біздер бүгін ерекше сабақ өткізгелі отырмыз.Осы мақсатта тараудағы екінші сабағымызды , «Зерттеу конференциясы» деп алдық.Өткен сабағымызда топтарға бөліндік , тапсырмалар алған болатынбыз./Слайд арқылы топтар көрсетіледі./Осы аталған топтар зерттеу жұмыстарын жүргізді.
-Ал, енді мына бағалау парақшаларын таратамын , әр топ бақылаушысы , топ мүшелері қалай жұмыс жасағанын білесіздер , бағалап отырыңыздар. Әр топ кезегімен өз зерттеулерін , қорытынды пікірлерін ортамызға салады,дәлелдейді.Топтарға 5-7 минуттан береміз.
Топтар топ ережесін шығарайық:
1/Тыныштықты сақтаймыз.
2/Уақытқа бағынамыз
3/Бір-бірімізді тыңдаймыз
4/ Ойласа шешім шығарамыз.
-Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл деген екен Ж.Баласағұн
- Ендігі кезек өздеріңізде ,жас зерттеушілер!
1.Әлеуметтанушылар шығады. Постер қорғайды. /Топтар бағалайды./
- Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын,
Қайтарар жауабың да қысқа болсын ,- деген ежелгі дәуір әдебиеті өкілі Ж.Баласағұн. Журналистерге кезекті береміз.
2.Журналистер шығады. Алған сұхбаттарын көрсетеді. Соңында қорытынды түйіндерін ортаға салады. /Топтар бағалайды/
-Әрбір саналы ,мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік ,- екендігін ескертеді әдебиет классигі Ғ.Мүсірепов.Статистиктеріміз шығады.
3. Статистиктерді шақырайық.Статистиктер ортаға шығып , зерттеулерін қорғайды , талдайды.
/Топтар бағалайды./
4.Сергіту сәті.
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді,- деген дала ойшылы Төле би.
Тілшілерді ортаға шақырайық.
5. Лингвистер шығады.Төрт топқа төртеуі түрлі тапсырма береді:
1. Зат есім мен сын есімдер. / «Мақалдар» Динара/
2.Сан есімдер,есімдіктер / «Жұмбақтар»/
3. Етістік пен үстеулер / «Ертегілер»/
4.Еліктеу,шылау,одағайлар/ «Шешендік сөз»Жансая/
/ Топтар бағалайды./
-Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.
Халел Досмұхаммедұлы
6. Әртістер шығады.Сахналық қойылымды орындайды
«Өмірдің өзі – мысал»
Сабақты қорыту./Әр топ бір ауыз қорытынды айтады./
-Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
«Абайдың сөз өнері туралы айтылған ой пікірлерімен танысу»
|
Оқушылар амандасады.
-Жақсы.
Топқа бөлінеді.
.
Топ болып орындайды.
Топ болып орындайды.
Оқушылар сергиді.
Оқушылар жауап береді.
|