Сабақ 2-сабақ Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті /2- сабақ/ Мақсаты



Дата01.08.2017
өлшемі69,85 Kb.
#22504
түріСабақ
«Бекітемін»

Қашаған Құржыманұлы атындағы

№ 8 орта мектеп
Жаңаөзен қаласы№8 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Әнесова Ақдариға Нұрғалиқызының 6 «Ә» сыныпқа арналған

қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімдік жоспары

Апта

Күн 15.05.2015

Сабақ 2-сабақ


Сабақтың тақырыбы:



Тіл мәдениеті /2- сабақ/

Мақсаты:

Тіл мәдениеті туралы жан-жақты түсінік қалыптасу


Ресурстар:


Интерактивті тақта ,слайдтар, бейнекөріністер,интервьюлер,стикерлер , «Шешендік  сөздер», «Тіл  мәдениеті» кітабы, «Қазақ тілі» оқулығы.Тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар

Тапсырмалар



1-тапсырма.

«Әлеуметтанушылар»



2-тапсырма.

«Журналистер»




Сергіту сәті

3- тапсырма.

«Статистиктер»




4-тапсырма

«Лингвистер»




5-тапсырма

«Әртістер»

Оқу нәтижесі:

1.Қарым-қатынас тілінің түрлері туралы түсінік қалыптасады.

2.Жас ерекшелігіне қарай тапсырмаларды орындау арқылы жаңа тақырыпты толық меңгереді.

3.Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.


Кейінгі тапсырма

«Абайдың сөз өнері туралы айтылған ой пікірлерімен танысу»

Бағалау

Қалыптастырушы бағалау: өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, мұғалімнің бағалауы .

Кері байланыс

Оқушылар өз ой-пікірлерін стикерлерге жазады.




Сабақтың этаптары:



Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушының іс-әрекеті




Ұйымдастыру

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» /1-мин/

Топқа бөлу

2мин


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»1мод.

2мин.


6мин.

5мин.

5 мин.

2мин.

7 мин.

3-4 мин.


Қорытынды

5 мин.
Бағалау

2 мин
Кейінгі тапсырма

2 мин.
Рефлексия




1.Ұйымдастыру бөлімі.

Сыныпты ұйымдастырамын.

Психологиялық дайындық жасаймын.

-Көңіл-күйлерің қалай,балалар?



Ең тәтті де – тіл,
Ең ащы да – тіл,
Ең жұмсақ та – тіл,
Ең катты да – тіл , -деп сипаттама берген екен ғасырлар қойнауында кеткен бабаларымыз.Тіл – тарих , тіл – қазына.Қазыналы тілімізді меңгеру,қолдану , дамыту – бүгінгі ұрпақ міндеті.Осы бағытта мектепте барлық сыныптарда қазақ тілі пәндерінен оқу жылы соңында «Тіл мәдениеті» тарауы берілген.

Бұл тарауда ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілі, ерекшеліктері ,халық ауыз әдебиеті ,жазба әдебиеті үлгілері ,қазіргі жай-күйі ,дамыту жолдары жөнінде білім аламыз .

- Оқушылар , біздер бүгін ерекше сабақ өткізгелі отырмыз.Осы мақсатта тараудағы екінші сабағымызды , «Зерттеу конференциясы» деп алдық.Өткен сабағымызда топтарға бөліндік , тапсырмалар алған болатынбыз./Слайд арқылы топтар көрсетіледі./Осы аталған топтар зерттеу жұмыстарын жүргізді.

-Ал, енді мына бағалау парақшаларын таратамын , әр топ бақылаушысы , топ мүшелері қалай жұмыс жасағанын білесіздер , бағалап отырыңыздар. Әр топ кезегімен өз зерттеулерін , қорытынды пікірлерін ортамызға салады,дәлелдейді.Топтарға 5-7 минуттан береміз.

Топтар топ ережесін шығарайық:

1/Тыныштықты сақтаймыз.

2/Уақытқа бағынамыз

3/Бір-бірімізді тыңдаймыз

4/ Ойласа шешім шығарамыз.

-Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл деген екен Ж.Баласағұн

- Ендігі кезек өздеріңізде ,жас зерттеушілер!

1.Әлеуметтанушылар шығады. Постер қорғайды. /Топтар бағалайды./

- Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын,
Қайтарар жауабың да қысқа болсын ,- деген ежелгі дәуір әдебиеті өкілі Ж.Баласағұн. Журналистерге кезекті береміз.

2.Журналистер шығады. Алған сұхбаттарын көрсетеді. Соңында қорытынды түйіндерін ортаға салады. /Топтар бағалайды/

-Әрбір саналы ,мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік ,- екендігін ескертеді әдебиет классигі Ғ.Мүсірепов.Статистиктеріміз шығады.
3. Статистиктерді шақырайық.Статистиктер ортаға шығып , зерттеулерін қорғайды , талдайды.

/Топтар бағалайды./

4.Сергіту сәті.

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді,- деген дала ойшылы Төле би.
Тілшілерді ортаға шақырайық.
5. Лингвистер шығады.Төрт топқа төртеуі түрлі тапсырма береді:

1. Зат есім мен сын есімдер. / «Мақалдар» Динара/

2.Сан есімдер,есімдіктер / «Жұмбақтар»/

3. Етістік пен үстеулер / «Ертегілер»/

4.Еліктеу,шылау,одағайлар/ «Шешендік сөз»Жансая/

/ Топтар бағалайды./



-Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.
Халел Досмұхаммедұлы

6. Әртістер шығады.Сахналық қойылымды орындайды

«Өмірдің өзі – мысал»

Сабақты қорыту./Әр топ бір ауыз қорытынды айтады./

лем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

«Абайдың сөз өнері туралы айтылған ой пікірлерімен танысу»



Оқушылар амандасады.


-Жақсы.


Топқа бөлінеді.

.


Топ болып орындайды.

Топ болып орындайды.

Оқушылар сергиді.
Оқушылар жауап береді.


2015 оқу жылы



АШЫҚ САБАҚ

/қалалық/

ТАҚЫРЫБЫ:«Тіл мәдениеті»

/зерттеу конференциясы/

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әнесова А.Н.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет