Хауызға үш құбыр жүргізілген.Бірінші және екінші құбырмен хауызға су құйылса, үшінші құбырмен су хауыздан сыртқа ағады.Бірінші құбыр хауызды 6 сағатта, ал екінші құбыр 8 сағатта толтырады.Үшінші құбірмен хауыздағы су 4 сағатта толық ағып бітеді.Құбырлардың үшеуін де бір уақытта ашып қойса,1 сағаттан соң су хауыздың қандай бөлігінде қалады?
№853.
Цирк құрылысын құрылысшылардың бірінші бригадасы 15 айда бітіретін болса, екінші бригадасы оның –сіне тең уақытта бітіреді.Құрылысшылардың екі бригадасы бірлесіп жұмыс істесе, цирк құрылысы неше айда салынып болады?
№854.
Құрылысшылардың үш бригадасы құрылыстары бірдей 2 үйді салулары керек.Осындай 1 үйді құрылысшылардың бірінші бригадасы 9 аптада салады, ал екінші бригадасы одан 1 есе артық уақытта, үшінші бригадасы 2 есе артық уақытта салады.Егер құрылысшылардың үш бригадасы бірлесіп жұмыс істесе, 2 үйді неше аптада салады?