Күтілетін нәтиже
|
Жай бөлшектерді қосуға,азайтуға,бөлуге,көбейтуге есептер шығаруды толық үйренеді.
|
Ресурстар
|
Электрондық оқулық, кішітіректер.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
« Тасбақалар жүгірісі» әдісі, «Қолдағы хат» әдісі.
|
Пәнаралық байланыс:
|
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Оқушылармен амандасу,түгендеу. «Көкөністер арқылы ұрысамыз» әдісін пайдаланып,оқушылар біріне бірі қандай көкөніске ұқсайтынын және себебін түсіндіру арқылы сағат тілі бағытымен айтып,психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
I.Қызығушылықты ояту.14 минут
|
Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында « Тасбақалар жүгірісі» әдісі қолданылады:
1. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреді?
2. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосады?
3. Аралас сандарды азайту амалы қалай орындалады?
4. Бөлшектер қалай көбейтіледі?
5. Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтеміз?
6. Аралас сандар қалай көбейтіледі?
7. Өзара кері сандар деп қандай сандарды атайды?
8. Санның бөлігін қалай табады?
9. Бөлшекті бөлшекке бөлу қалай орындалады?
10. Аралас сандарды бөлу амалы қалай орындалады?
11. Натурал сандарды бөлшекке бөлу қалай орындалады?
12. Бөлігі бойынша санды қалай табады?
|
Мультфильм атауларына байланысты 2 топқа бөлінеді:
«Кунг Фу Панда», «Человек – Паук».
«Тасбақалар жүгірісі» әдісі бойынша әр топ тапсырмаларға дұрыс жауап беру арқылы мәре сызығын кесіп өтеді.
|
|